Бейсенбі, 2 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 423. Жазылғандар — 27. Қайтыс болғандар — 3
Жаңалықтар 1837 0 пікір 29 Наурыз, 2013 сағат 08:54

Жүз нұсқа емес, бір нұсқа керек

Жүз қаралы қазақ ғалымы арасында бақталастық басталыпты. Әркім-ақ Қазақстанның ресми қабылдайтын «латын әліпбиінің» авторы атанғысы келеді. Олардың ешқайсысы бәсекелестерін мойындап, соны жөн көріп, тарихта қалудың беріліп отырған бұл мүмкіндігін жібергісі келмейтіндей. Дариға Назарбаева басқаратын Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті кеше «Қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы» ауқымды жиын өткізіп, барлық тараптарды тыңдаған.

Бірақ депутаттар жауапты шенеуніктерден «талқылап жатырмыз!» дегеннен басқа ештеңе естімеді. Осыдан кейін Д.Назарбаева қатаң шараға бару керектігін айтты: «Бұларға салса, әлі елу жыл талқылайды!» деген ол барлық жауапты тұлғаларды «қараңғы бөлмеге» қамап қойып, бір шешімге келуге бір ғана апта кесуді ұсынды.

Жиында елең еткізерлік мәлімдеме жасалды: латын қарпіне тек қазақ мек­тептері ғана ауысатын болыпты! Яғни орыс және басқа «ағайындардың», сондай-ақ балалары мен немереле­рін орыс мектебінде оқытатын қазақтар­дың осыған қатысты айғай көтеріп жүр­гені орынсыз. «Латын әліпбиі ен­ген
соң, Қазақстандағы орыс мектепте­рінде қандай алфавит қолданылады?» деп нақтылай сұрады депутаттар. Бұ­ған осы істің басы-қасында жүрген, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Мырзабер­ген Малбақов жауап берді:

Жүз қаралы қазақ ғалымы арасында бақталастық басталыпты. Әркім-ақ Қазақстанның ресми қабылдайтын «латын әліпбиінің» авторы атанғысы келеді. Олардың ешқайсысы бәсекелестерін мойындап, соны жөн көріп, тарихта қалудың беріліп отырған бұл мүмкіндігін жібергісі келмейтіндей. Дариға Назарбаева басқаратын Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті кеше «Қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы» ауқымды жиын өткізіп, барлық тараптарды тыңдаған.

Бірақ депутаттар жауапты шенеуніктерден «талқылап жатырмыз!» дегеннен басқа ештеңе естімеді. Осыдан кейін Д.Назарбаева қатаң шараға бару керектігін айтты: «Бұларға салса, әлі елу жыл талқылайды!» деген ол барлық жауапты тұлғаларды «қараңғы бөлмеге» қамап қойып, бір шешімге келуге бір ғана апта кесуді ұсынды.

Жиында елең еткізерлік мәлімдеме жасалды: латын қарпіне тек қазақ мек­тептері ғана ауысатын болыпты! Яғни орыс және басқа «ағайындардың», сондай-ақ балалары мен немереле­рін орыс мектебінде оқытатын қазақтар­дың осыған қатысты айғай көтеріп жүр­гені орынсыз. «Латын әліпбиі ен­ген
соң, Қазақстандағы орыс мектепте­рінде қандай алфавит қолданылады?» деп нақтылай сұрады депутаттар. Бұ­ған осы істің басы-қасында жүрген, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Мырзабер­ген Малбақов жауап берді:

- Қазіргі кезде қоғам арасында осындай әңгімелер көп болып жатыр, - деп мойындады ол. - «Қазақстан тү­гел көше ме, әлде тек таза қазақтар көше ме?» деген мәселені саяси жағынан қойып жатқандар да бар. Бұған бы­лай деп жауап беру керек: мемлекеттік тіл ғана көшеді латын графикасы­на! Ең дұрыс жауап - осы. Алда жүр­ген локомотив секілді мемлекеттік тіл ға­на өтеді, басқалары бірте-бірте көшуі де ықтимал. Бірақ ол кейінгі мәселе. Ол үшін біз ештеңе айта алмаймыз.  М.Малбақов кейін журналистер­ге көрші Өзбекстанның өзінде әлі күнге ки­риллица мен латын графикасы қа­тар қолданылып келе жатқанды­ғын, ег­де жастағы аға ұрпақ жаңа қаріптер­ді қабылдамай қойғандығын хабарлады. Әйткенмен, осы жиында бір нәрсе нықталды: егер бұған дейін ұзақ жыл бойы «латын қарпіне көшу-көшпеу мәселесін талқылау» жайында ғана әң­гіме болып келсе, ал енді ол пікірталас өзектілігін жойды. Өйткені Президент «Қазақстан-2050» стратегиясында жаңа графикаға ауысатындығымызды нық мәлімдеді: «Біз 2025 жылдан бас­тап, әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліп­биіне көшіруге кірісуіміз керек!» деп міндет қойды Мемлекет басшы­сы. Демек, ендігі сөз жаңа графика мен оған көшудің қадам-қадам бойын­ша жазылған бағдарлама-жоспары жайын­да қозғалуға тиіс. Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, Ұлттық ғылым акаде­мия­сының корреспондент-мүшесі Кәрім­бек Құрманәлиев істі қайта баста­май, ұзақ жылдарға созылған бұған дейін­гі талқылаулардың нәтижелерін қоқыс­қа тастамай, сол еңбектерді пайдалану­ды ұсынды. Бұл ғалым­дардың - адами, ал мемле­кет­тің - қар­жылық ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы, осы іске Үкімет тартқан ға­лымдар латынға көшу туралы қоры­тын­ды құжаттарды 2007 жылы-ақ тапсырыпты. Сол тұста жаңа графиканың ендігі 66 нұсқасы болған.

- Қазір Тіл білімі институтында латын әліпбиіне көшудің 100-ге тарта нұсқасы тұр. Жүз деген көп! Себебі елін, ұлтын сүйе­тін жандардың барлығы әліпби жазып жатыр ғой. Ендеше, ғалымдардан құралған топ сол жүздің он шақты нұсқасын алып, көпшілікке ұсынып, талқылаудан соң, солардан іріктеп алғаны жөн, - дейді Кәрімбек Арыстанбекұлы. Айтқандай, кеше Тіл білімі институтының директоры М.Малбақов өздерінің 30 қаріптен тұра­тын бір-екі нұсқаға көңілдері құлап отыр­ғандарын білдіріп қалды. Әрине, ел қазынасының қазығы - қа­зақ тілін латын қарпіне көшіруді қара­с­тыратын ұлы іс жүзеге асса, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі осымен де тарихқа жазылар еді. Бұл ретте тарих бет­терінде Елбасымен қатар тұруға ұмтыла­тын­дар көбейеді, бұл үшін олар өз нұсқа­сын ғана дұрыс санап, қайта-қайта тық­­па­лап, ықпал ету тетіктерін іске қо­сып, соны өткізуге жан салары сөзсіз. Бі­рақ ондайларға жол мен сөз бермеу керек. «Олардың арасында «автормын!» дейтіндер көп. «Бұл - менің алфавитім!» деп шығады. Бұл жерде басын ашып алатын бір нәрсе, жаңа графикада автор бол­мауы керек! Бұл - мемлекеттік қой. Бәрі­міз араласып жатқаннан соң, ол бар­ша қазақстандықтың жалпы, ортақ әліпбиі болуы қажет» деп баса айтты осы орайда Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылым­дары академиясының вице-президенті.

Жиында есеп берген Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төраға­сы­ның орынбасары А.Төлешев жақында арнайы байқау жариялап, ғалымдардан жобалар жинап, олардың таңдаулыларына грант беретіндерін мәлім етті. Оның ай­ту­ын­ша, 2013-2015 жылдарға арналған «Қазақ жазуын жаңа ұлттық әліпбиге кө­шірудің ғылыми негіздерін кешенді зерт­теу» тақырыбында ғылыми бағдарлама жасалыпты. «Ол биылдан бастап қаржы­лан­дырылады» деді Амандық Төлешев. Дегенмен депутат Алдан Смайылдың ай­туын­ша, ең үлкен мәселе - ендігі дайын 100 нұсқадан біреуін таңдап, графика түзу емес, кейін соны ендіруге ұстаздарды даяр­лау болмақ. Қалаулылар осының мән-жайын сұрастырған. Бірақ БҒМ басшылы­ғының өкілі осы жиында тек латынға ауысудың әдістемелік мәселелері бойынша баяндауға дайындалып келгенін алға тартып, басқа сұрақтарға жауап әзірлеу үшін «мұрсат» беруді сұрады.

- Өкінішке қарай, біз бүгін «ғылыми зерттеу жүргізіп жатырмыз» дегеннен бас­қа, қолға алынатын ешқандай нақты ша­ра­лар туралы естімедік, - деп қынжылды, БҒМ өкіліне қайырылған Мәжіліс депута­ты Гүлнәр Сейітмағанбетова. - Ғалымдар өкілі «2006 жылдан бері зерттеп қойдық» деді, сіз әлі 2015 жылға дейін зерттейміз деп жатырсыз. Ал меморгандардың қа­дам-қадам бойынша жазылған, «мына жылда мыналарды істейміз» деген шара-жоспар­лары қайда? Мамандарды қашан дайындап болуымыз керек? Мектеп оқу­шы­лары қай уақытта бастайды? Кирил­лицамен оқыған орта жастағы адамдарды қайта сауаттан­дыру қашан жүреді? Оған қаражат қайдан қарастырылады? Тағы да басқа үлкен-үлкен проблемалар бар!
«Латынға көшу Астанаға көшуден қиын болып тұр» деп күрсінді Д.Назарбаева. «Әлі күнге келісім жоқ, 20 жыл бойы дауласып келеді,-деді отырысты қорытындылаған ол. - Байқап отырсыздар ма, егер қазір ғалымдарға таласуда толық еркіндік беріп қойсақ, әлі 50 жыл талқылайды! «Латын әліпбиі қандай болуға тиіс?» деп. Сондықтан ғалымдары мен шенеуніктерінің барлығын бір қараңғы бөлмеге жиып, ешқайда шы­ғармай, нан мен қара суға отырғызып қою керек те, бір келісімге келгенше, жауып тастау қажет. Және де бұған оларға тура бір апта беру керек! Сонда бәлкім, жылдамырақ ойласа бастар?!»

Дариға Нұрсұлтанқызы көп бас қаты­ру­дың қажетсіздігіне 100 пайыз сенімді екендігін айтты: «Бұл мәселеде бауырлас Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия, тіпті Молдованың тәжірибесін зерттесе, жеткі­лікті, олар баяғыда латынға көшіп болды. Оларда орасан зор тәжірибе жинақталған. Көшу кезіндегі жетістіктері мен кемшілік­тері жайында олар қуана-қуана бөліседі. Бізге қалғаны, солардың тәжірибесін ескеріп, оны біздің жағдайға бейімдеу ғана. Сосын бұған қажетті қара­жаттар ау­қымын анықтап алу керек бола­ды. Шетел­дік сарапшыларды жалдап, оған қаржы шығындаудың да қажеті жоқ, неменеге біздің бәріміздің өмірімізді күрделен­діресіздер? Біз баяғыда-ақ бауырлар мен достас елдердің тәжірибесін ескере оты­рып, латынға көшудің кезеңдерін, яғни бағдарламасын ендігі әзірлеп жатуға тиіспіз!» деген ол Үкіметке осы бағытта жылжуға кеңес берді.
- Алдағы 12 жыл тез-ақ өтеді. Уақыт жоқ!  Олай болса, күзде тағы бір жина­лайық. Осы жерде талқылаймыз. Үкімет сонда белгілі бір әзірлемелерімен келсін! - деп тапсырды Дариға Назарбаева.

Айхан ШӘРІП

"Айқын" газеті

0 пікір