Жұма, 3 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 435. Жазылғандар — 27. Қайтыс болғандар — 3
Жаңалықтар 1979 0 пікір 29 Наурыз, 2013 сағат 06:22

Мақсат Нұрыпбаев. Діни экстремизммен қалай күресіп жатырмыз? (Жалғасы)

«Терроризмге қарсы күрес туралы» заң 1999-жылы, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заң 2005-жылы қабылданғанымен  нағыз террористік оқиғалармен соңғы екі жылдың ішінде бетпе бет келдік. «Тыныштық аралы» атанған Қазақстанда 2011-жылдың 17-мамырында Ақтөбе қаласында террористік оқиға бұрқ етті. Одан әрі жыл аяғына дейін  дүркін-дүркін  болған жарылыстар мен атыстар елдің үрейін ұшырды.

2012-жылғы тамыздың ортасынан қыркүйектің аяғына дейінгі аз уақытта бес террористік оқиға болып, ондаған адамның өмірі қиылды, оның сыртында ресми деректер бойынша онға жуық террористің көзі жойылды.

Бір қызығы 20-қыркүйекте соңғы террорлық әрекет құрықталып, төрт терроршы жойылғаннан 9 күннен кейін, 29-қыркүйек күні Парламент Мәжілісі «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» аты шулы заң жобасын мақұлдады. Мұны кездейсоқтық  деп бағалауға да болатын шығар... Десек те... түрлі террорлық оқиғалардың жиілеуі, оны нақты дәлелденбесе де діни экстремистер жасады деп мәлімдеудің артында мол қаржыны игеру мүддесі тұрған жоқ па деген күдікті ұялатады...

«Терроризмге қарсы күрес туралы» заң 1999-жылы, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заң 2005-жылы қабылданғанымен  нағыз террористік оқиғалармен соңғы екі жылдың ішінде бетпе бет келдік. «Тыныштық аралы» атанған Қазақстанда 2011-жылдың 17-мамырында Ақтөбе қаласында террористік оқиға бұрқ етті. Одан әрі жыл аяғына дейін  дүркін-дүркін  болған жарылыстар мен атыстар елдің үрейін ұшырды.

2012-жылғы тамыздың ортасынан қыркүйектің аяғына дейінгі аз уақытта бес террористік оқиға болып, ондаған адамның өмірі қиылды, оның сыртында ресми деректер бойынша онға жуық террористің көзі жойылды.

Бір қызығы 20-қыркүйекте соңғы террорлық әрекет құрықталып, төрт терроршы жойылғаннан 9 күннен кейін, 29-қыркүйек күні Парламент Мәжілісі «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» аты шулы заң жобасын мақұлдады. Мұны кездейсоқтық  деп бағалауға да болатын шығар... Десек те... түрлі террорлық оқиғалардың жиілеуі, оны нақты дәлелденбесе де діни экстремистер жасады деп мәлімдеудің артында мол қаржыны игеру мүддесі тұрған жоқ па деген күдікті ұялатады...

Себебі 2012-жылы республикалық бюджеттен ҚР Ішкі істер министрлігіне  жалпы тәртіпті сақтауға 29 млрд теңге қарастырылса, оның  ішінде діни экстремизммен күреске 12,9 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттік бюджет үш жылға бірақ дайындалатынын ескерсек діни экстремизммен күреске мол қаржы бөлу алдын ала жоспарланған деген сөз. Екіншіден, терроризм мен экстремизм мәселесінде әрдайым  Ұлттық қауіпсіздік комитеті басымдыққа ие. Оған қоса Дін істері агенттігі жұмыс істеуде (2013-жылы агенттікке республикалық бюджеттен 900млн. теңге бөлінді). Соған қарамастан Ішкі істер министрлігіне бір жылға 13 млрд теңгеге жуық қаржы не үшін төгілді...? Бүгінгі күнге дейін осынша қомақты қаржының қалай игерілгені де беймәлім.

Діни экстремизммен күреске 2013- жылға бюджеттен қанша млрд теңге бөлінді? Ол қалай және қайда жұмсалмақ? Бұл да маңызды әрі жауабы жоқ сұрақ...

Жалпы мұсылмандарға қысым жасайтын, құқығын таптайтын заң немесе бағдарлама дайындап, сақалдылар мен орамал таққандардың бәрін террорист, экстремист етіп көрсету әлемдік саясаттың үлкен құралына айналғалы қашан...  Терроризм мен экстремизм байлығы бар елдерге қысым жасаудың таптырмас тетігіне айналғанын жоғарыда айттық («Діни экстермизммен күрес дінмен күреске айналмасын» http://old.abai.kz/node/22486 ) және ол үрдістің бірнеше алпауыт мемлекеттердің мүддесі шоғырланған Қазақстанды айналып өтуі де мүмкін емес еді. Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың дінге бет бұруы әлдекімдердің түн ұйқысын төрт бөліп жатқаны да жасырын емес.

Десек те бүкіл қазақстандық мұсылманды алаңдатқан заңға Президент қол қойған күні ешкім көшеге де шыққан жоқ, жарылыс та, атыс та,  тіпті бір парақ хат та жазылған жоқ. Бұл нені көрсетеді? Бұл қазақстандық мұсылмандардың атыстар мен жарылыстарға қатысы жоқ екенін дәлелдейді...

Сонымен елімізде орын алған атыстар мен жарылыстарды жеке-жеке сараптап, баға беріп жатпай-ақ (ол туралы аз айтылған жоқ) еліміздегі террорлық оқиғалардың орын алу себебі не? Түрлі экстремизмдер ішінде діни экстремизм несімен қауіпті деген сауалдарға жауап іздеп көрейік.

Салафиттің бәрі экстремист па? Исламның, оның ішінде салафизмнің неге әлемдік құбыжық атанғаны туралы мақаланың басында айтып өттік (қараңыз: http://old.abai.kz/node/22486 ). Өткен жылдың соңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  жоғары  лауазымды қызметкері Қазақстанда 10 мыңнан аса экстремистік пиғылдағы салафиттердің бар екенін айтып, онымен күресу керек екенін ескертіпті. Ондай адамдардың Атырау, Ақтөбе облыстарында және Балқаш қаласында шоғырланғанын да айтыпты-мыс...

«Қазақстан түрмелерінде терроризм мен экстремизм бабы бойынша 510 адам отыр. Бұл құқық қорғау органдарының осы бағыттағы соңғы екі жыл ішіндегі атқарған жақсы жұмысының нәтижесі. Тек 2012-жылы полиция қызметкерлері тарапынан террористік, экстремистік топтарды құрықтау жөніндегі 16 арнайы операция жүргізілді» деп мәлімдеді ҚР ІІМ «А» басқармасының бастығы Қанат Лақбаев.

Ал соңғы уақытта терроризм мен экстремизмді зерттеп жүрген саясаттанушы Ерлан Қарин 2012-жылы терроризм бабы бойынша сотталғандар саны 105 адамды, экстремизм бабы бойынша 20 адамды  құрады деп жазады. Сонда кімге сенеміз және екі мәліметтің арасындағы 400ге жуық адам туралы белгілі саясаттанушы білмеді ме, әлде Қ. Лақбаев мырза біраз санды өзі қосып жіберді ме, белгісіз... Түрмедегі  510 адам кімдер, олардың бәрі салафит па? Олар шынымен де діни экстремистік әрекет жасады ма, әлде адам өлтірген, қылмыс жасағанның бәрі «діни экстремист» тізіміне қосылып кетті ме? Ол туралы сот жүйесі не дейді? Басқаны айтпағанның өзінде бірнеше бап бойынша айып тағылған Заурбек Ботабаевтың сот залынан ақталып шығуының өзі үлкен әңгімеге жүк.

2011-жылы сол кездегі Мәжіліс депутаты Ерзат Әлзақов «Зерттеп қарасам, салафиттер түрмеге бару үшін әдейі сотталады екен. Бес жыл берсе, ләм мим демей кете береді. Сөйтсем, бұлар саналы, мақсатты түрде салафизмді насихаттау үшін түрмеге отырады екен. Сол бес жылдың ішінде қаншасының басын айналдырады? Олар түрмеде қатарын көбейтіп, армиясын құрып жатыр» деп мәлімдейді...  http://www.masa.kz/article/view/id/2437. Ал белгілі қорғаушы Абзал Құспанов «Түрмеден шыққан салафиттер нағыз террорист болып шығады» дейді өзінің берген сұхбатында. http://janaozen.net/shbat/abzal-spanov-trmeden-shyan-salafitter-nayz-terrorist-bolyp-shyady.html?lang=kz .

Бұл жерде біріншіден салафизмді еркіндікте емес, түрмеде дамытудың қаншалықты қажеттілігі бар? Екіншіден, режимдік мекемеде, әрбір адам бақылауда болатын түрмеде салафизм дамып жатса, түрме басшылары, түрме қызметкерлері қайда қарап отыр? Олар өздері басқаратын түрмеде экстремистер дайындалып жатқанын білмей ме, әлде 13млрд. теңгені игеру үшін жаңа экстремистер «жасақтау» қажет болды ма деген заңды сұрақ туындайды. Кейбір «түрлі түсті» революция түрмеде отырғандардың көтерілісінен басталғаны да есімізде...

Жақында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Онда терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінің көптеген жағдайлары пысықталумен бірге БАҚ өкілдерінің жауапкершілігі де назардан тыс қалмаған. Тек заң жобасының бастапқы нұсқасында көрсетілген ақпарат құралдары мен журналистердің терроризмді насихаттауына және арандатуға, итермелеуге тиым салу жөніндегі баптар депутатттар сүзгісінен өтпей қалған. Соның салдарынан «Nuradam.kz» сияқты сайттар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерлі, қоғам қайраткерлері мен белгілі азаматтарды негізсіз қаралап, тіпті дәлелсіз болса да экстремистік ұйыммен қатысы бар, күмәнді діни жобаларды қаржыландырады деп жаза беретін болды. Бір қызығы елімізде 400 ден аса сайт жабылып жатқанда Гүлжан Ерғалиеваның «guljan.org» сайты  атын ауыстырып «kz»доменіне ауысқаны да оның артында белгілі бір күштердің тұрғанын дәлелдесе керек және ол күш жоғары шенді чиновниктер болуы да ғажап емес.

Осыған қарап билік басында отырғандардың арасында діни экстремизмді ушықтырып, ел ішінде бүлік ұйымдастыруға, еліміздің шаңырағын шайқалтуға мүдделі адамдар немесе топтар бар ма деп қаласың...

Сонымен бірге мемлекеттің ішкі тәртібін сақтау үшін армияны пайдалану туралы әңгіменің шығуы, полиция қызметкерлеріне ескертусіз қару пайдалануға рұқсат  беру туралы заң жобасының әзірленуі, прокуратура, қаржы полициясы қызметкерлерінен ату жаттығуларына және дене шынықтыруға қатысуға талаптың күшейтілуі түрлі ой салары анық... Еліміз бір үлкен қауіпке немесе дүмпуге дайындалып жатқандай...

Марксистік фәлсафаға жүгінсек революцияға әкеліп соғатын негізгі фактор - жоғарыдағылардың елді бұрынғыша басқара алмайтынынан, ал төменгілердің бұрынғыша өмір сүргісі келмейтінінен шығады. Олай болса ел ішіндегі әлеуметтік жағдай қиындап, отбасын, бала-шағасын асырау үшін бүйрегін сатқысы келетіндер қатары артқан сайын ел тыныштығын сақтап тұру күрделене бермек.

Тарихта кейбір мемлекеттер экономикалық құрдымнан шығудың жолы соғыс ашу деп тапса, кейбір мемлекеттер ішкі қайшылықты шешу үшін қолдан жау жасап, онымен күресті желеу етіп халықты басып-жаншып жатады...  Біреулер әлемдік үрдісті ескере отырып, сыртқы қысым мен ішкі қайшылықтарды шешудің бір жолы діни экстремизммен күрес деп танып, салафиттердің бәрін діни экстремист етіп көрсету тығырықтан шығаратын жол деп қалған жоқ па екен? Күш қашан да қарсы күшті пайда қылатынын ескерсек, мұсылмандарғы қысым жасау арқылы шынайы экстремистерді өзіміз қолдан жасап алмаймыз ба?

Жалпы Қазақстан үшін салафизмді жау етіп көрсету қажет пе? Себебі шет елдерде діни білім алып жатқан, араб елдерінің ең беделді оқу орындарын бітірген жастар қатары арта түсуде. Жыл сайын төрт мың адам қажылыққа барады. Тек бір ғана «Қазақстан қажылары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігіне 20 мыңнан аса қажы мүшелікке кірген. Сонымен бірге араб елдерінің Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі артып келеді. Басқаны айтпағанның өзінде Астанада салынатын Абу Даби плазаның құрылысы 1 млрд. долларды құрайды. Исламдық банк жүйесін енгізу туралы да Елбасы бірнеше рет айтты...

Екіншіден, Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі «көзірдің» бірі дінаралық, конфессияаралық татулықтың үлгісі болу. Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезіне Араб түбегі елдерінің басшылары міндетті түрде шақырылады. Араб мемлекеттерімен жылы қарым қатынасты дамытуға да мүдделі. Солай дей отырып Араб түбегі елдерінің ресми діні-салафизмді діни экстремизмнің негізі етіп көрсету қалай болар екен? Бұл көп векторлы саясат бола ма, әлде көп стандартты ма? Оны да ойлаған жөн...

(Соңы)

Мақсат Нұрыпбаев, заңгер, «Құқықтық Қазақстан үшін» ҚБ мүшесі

Abai.kz

0 пікір