Жұма, 29 Наурыз 2024
Білгенге маржан 2727 3 пікір 15 Ақпан, 2023 сағат 12:51

Немістердің ұлтшылдыққа толы 10 өсиеті

Басы: «Ұлылық ауруының» жаңа көрінісі...

Жалғасы: Қазақы сандырақтың бірі...

Жалғасы: Мұрат замандасқа хат...

Жалғасы: Жер-су атауларын жекешелендіруге болмайды!

Жалғасы: Рухани жаңғыру - қияли қаңғыру...

1968 жылы Нобель сыйлығын тапсыру салтанатында Ясунари Кавабота (1899-1972) сөйлеген сөзінен үзінді:

...Пофессор Ясиро  Юкио бірде жапон өнерінің ерекшелігін өлең спетті бір ғана жолмен  былай түсіндіруге болады дегені бар: «Достарың жайлы аппақ қарға, нұрлы айға, әдемі гүлдерге қарап отырғандағыдан  артық ешқашан терең ойлана алмайсың».  Расында да айдың немесе қардың сұлулығына сүйсініс, жылдың төрт мезгілінің тамаша көріністеріне таңданыс сәтінде, осы бір әдемілікті алыста жүрген достарыңмен бөліскің келіп, жаныңның маза таппай шарқ ұрғаны бар емес пе?

Сұлулықты сезіну адам жанында әлде бір сағынышты оятпақ, өмір мәніне үңілдірмек. Сана түкпірінде үлкен ұғымдар мен түсініктердің тамыр жаюына ықпал жасамақ, қарапайым ғана «Дос» сөзін қасиетті «адам» деңгейіне көтермек.»

***

Шіркін-ай, деп армандаймын, өнер адамының ешбір қамсыз, алаңсыз үрей-үркінсіз, бейғам көңілмен  табиғат ана құшағында, оның сұлулығы мен тылсым сырына үңілуден жалықпай өмір сүріп, шығармашылықпен айналысуын көзалдыға елестетудің өзі не тұрады?! Бізге, біздің замандастарға ондай бақыт бұйырмады ғой. Біз түгілі ұлы Абайға да, ұлы Мұхтарға да бұйырмады сол бір «кесірлі» әлде «киелі» бақ.

Мынау социализм дүрбелеңін бастан кешіп «таптық күрес» тайталасында бір-біріне жаудай өшіккен қоғамда «пролетариат диктатурасы» астында жаншылып, қан-қасап болған адамдар арасында өмір сүріп жүріп жапондарша қиялдауға кімнің мұршасы, көңіл күйі  бола қалсын-ау!

Оны тек ХХ ғасырда өмір сүрген менің аталарым мен әке-шешелерім, замандастарым ғана жан-тәнімен зар еңіреп, запыран құса жүріп сезіне алды ғой. Ал, мына әрең қол жеткізген бақытсыз Тәуелсіздігіміздің бітпес, аяқталмас «өтпелі кезеңінде» өмір сүріп жатқан замандастарымның жан-дүниесіне үңілмек түгілі, жүздеріне тіктеп қарауға менің батылым да көңіл хошым да жоқ. Бұдан өткен қандай бақытсыздық болады? ...Достарым-ау табиғат сұлулығын аңсау үшін, қарның да, көңілің де тоқ болуы керек шығар.

Бізге - қазақтарға арман болып келе жатқан және қаншама жылдар бойы арман болып қала бертін бір тылсымдай тымырайған, қол жетпес, қолдан келмес ұлттық проблема бар, ол - жапондар сияқты өлермендікпен, табанды тайталаспен, мызғымас бірлік-тұтастықпен ұлттық мемлекеттің абырой-атағымен өмірлік мүддесін жан сала қорғауға құлықсыз марғаулық, жігерсіздік, ынжық-ездік, намыссыздық. Бар қазаққа керекті нәрсенің әр қазаққа керек екенін сезінбеу, тек басқалардың қолымен от көсеуге пейілдігі.

Жапон (Ясунари Кавабота) ол туралы былай толғайды:

Будда секталарының екіге бөлінетіні белгілі. Бірі адам жан дүниесіне көмекті сырттан күтсе, екіншісі адамның өз рухының талпыныс арқылы жол табуға, ақиқатқа жетуге болады деп санайды. Жапондар ұстанатын Дзэн-буддизм осы екінші жолды дәріптейді. Жапон мықтылығының бір құпия сыры осында. Оның өз қолынан шыққан әрбір дүниеге барынша әдемілік беруге тырысады да, өмірдің әрбір қас-қағым сәтін бағалауға үйреткен осы тәрбиеде жатыр. Жапон қолынан шыққан әрбір дүние – жапон рухының көрінісі!

Мінеки, жапондардың жапонша өмір сүріп, жапонша өсіп-өркендеуінің құпиясы  «Жапон қолынан шыққан әрбір дүниеге  барынша әдемілік беруге тырысу керек» дегенге саяды екен. Екінші бір сөзбен айтар болсақ, жапондар тек күнкөрістің, тоқшылықтың қам-қарекетіне бола емес әдемілікті, сұлулықты қастерлейтін талғампаздықты жоғары  қояды.

Ал, ХХ ғасырдағы  апатты дүниежүзілік екі соғыста да жеңілып, тоз-тозы шыққан немістердің  «Атадан балаға айтылатын ұлтшылдыққа толы 10 өсиеті»  деген ұлттық мұраты жапондардан өзгешелеу, аса қатал да талапшыл, тіпті ерекше өзімшіл болып та көрінеді екен. Солай бола тұра, неміс ұлтын аздырып-тоздырулан құтқарып қана қоймай, ХХІ ғасыр төрінен ойып орын ала алған ұлы рухтың салтанатын көріп отырмыз. Ендеше сол өсиет туралы  айтудың реті келген сияқты.

Немістердің атадан балаға айтылатын ұлтшылдыққа толы 10 өсиеті

Германияны экономикалық құлдыраудан құтқарып, аяғынан тік тұрғызған, ілгері дамытқан қандай құдірет? Амангелді Айталы өзінің «Ұлттану» атты еңбегінің 165-бетінде неміс-герман патриотизмінің он өсиетіне айрықша тоқталады. Тақырыпты тереңірек түсіну үшін сол өсиеттермен бөліскенді жөн көрдік.

1. Тіпті ұсақ-түйек шығын шығарғанда да Отанның және ел азаматтарының мүдделерімен есептес.

2. Шетелдің бір теңгеге тұратын тауарын сатып алғанда өз еліңе бір теңге зиян келтіретініңді ұмытпа.

3. Сенің ақшаң тек неміс саудагерлері мен жұмысшыларына пайда әкелуі керек.

4. Шет елден келген машина мен құрал-саймандарды қолданып, неміс жерін, неміс шаңырағын, неміс шеберханасын қорлама.

5. Дастарқаныңа шетелдің етін, майын, т.б. қойма, себебі ол неміс ет өндірісі мен мал шаруашылығына зиян келтіреді.

6. Әр уақытта неміс қағазына неміс сиясын малып, неміс қаламымен жаз да, неміс сорғышымен сорғыз.

7. Неміс игілігіне тек немістің ұны, немістің жемісі, немістің еті жарайды.

8. Тек қана неміс матасынан тігілген сырт киім мен неміс қолынан шыққан бас киімдерді ки.

9. Егер сен неміс кофесін ішкің келмесе, Германияның отар елдерінен әкелінген кофені іш.

Балаларың мен әйеліңе де отар елдің какаосын ішіп, шоколадын жеуге әмір ет.

10. Ешуақытта шетелдің тауарына қызықпа және есіңде сақта: «Германия азаматының керегін тек Германия шығара алады»...

*****

Қадірлі,  Алаш азаматтары, жаңа әділетті Қазақстан   құруды мақсат еткен бүгінгі Тоқаев өкіметі отарлық езгіден енді ғана құтылған елінің еңсесін көтеру үшін халқына ұсынған қандай   әділетті экономикалық, саяси, моральдық және ұлттық қадыр-қасиеттерді алға қоя алды. Біз жапондпр мен немістер, Вьетнам мен қытайлардың күйреген экономикасын  ұлттық рухын  көтеру жолындағы табанды күресін көріп отырсақ та олардан  үйренер ештеңе таппағандай  қазақ халқының тағдырын ат төбеліндей  жемқор Назарбаевтың айналасындағы тойымсыз тобырлар мен шетелдік сүғанақ олигархтардың тәлкегіне тастап бергендей болдық. Тіпті өз халқыма сенбегендей  ал, әйтсе, қазаққа мұны істемек түгіл, ұғындыру үшін қанша уақыт, қанша күш-қайрат керек болар екен?

Мен, Назарбаевтың 30 жылдық зобалаңынан зардап шеккен халқымның  мүшкіл қаліне ашынып, үмітсіздікке бой алдырғанымды кеш біліп отыр екенмін. Тәуелсіз, бай,  гүлденген Қазақстан құру арманы ХХ ғасырдың басынан бері  Алаш арыстарының  жанкешті арпалыстары арқылы  қалыптасып  халқының жүрегіне  үміт отын  алаулатып кеткен екен-ау.

Сонау 1925 жылдың 15-19 сәуірінде өткен  бүкілқазақстандық  кеңестердің  Ү  сьезінде, Қазақстанның орталық атқару комитетінде қаралған  мәселелердің ең маңыздылары ретінде біртұтас Алаш мүддесін қорғайтын бес түйінді байламға тоқталған екен.

Атап айтқанда:

1. Жер, жер және жер. Жер – Отан. Ал, Отан сатылмайды, жалға да берілмейді.

2. Жердің астындағы, үстіндегі және аспанындағы қазынаны ешкімнің меншігіне, не сыртқы «араны үлкен  кәпір көздің» (Абай) иелігіне бермей алаш мүддесіне пайдалану,  яғни, алаш жеріндегі бір түйір тас сол Алаш жұртының өңіріне түйме болып қадалуы тиіс.

3. Тәуелсіз экономика, шикізатты сыртқа сатпай, мемлекеттің өз ішінде кәсіпорын ашып, фабрика салу, яғни алаш жұртында өңдірілген бір уыс жүн сол жұрттың кеудесіне тоқыма болып тоқылуы тиіс.

4. Мемлекет құрушы елдің тіл, діл, дін үстемдігі болуы тиіс, яғни, толық рухани бостандыққа қол жеткізу керек.

5. Сөйтіп, дәстүрге сүйенген заң мен тәуелсіз ғылым арқылы ұлттық – демократиялық мемлекет құру.

Алаш ордасы мен алаш арыстарының жоғын жоқтаушы профессор Тұрсын Жұртпай ол туралы былай деп ширыға шерленеді:

«Мұнда Алаш - арманды мәселе, бұрын да, кейінгі тәуелсіздік  алған 30 жылда да  қайта талқыға түскен емес. 2001 жылғы жер сату туралы заң шыққан соң қазақ мемлекеті Біртұтас алаш ұстанымынан толықтай ада болып  жермен қоса бар байлықты сатып, экономикалық одақтан  - экономикалық тәуелді елге айналдық.»  

Мен осыларды оқи отырып немістердің «Атадан балаға өсиет етіп қалдырған 10 өсиеті мен еврейлердің  2 мың жылдан бері құпия ұстанып келген «массон - уставында» атап көрсетілген қатал ережелері мен Алаш арыстарының «Бес түйінінің» негізгі  мазмұнының ұқсап кететіндігіне қайран қалдым.  Ұлтты, елдікті сақтап қалу жолында  жанкештілікпен күрескен халықтардың тағдыры ұқсас болғандықтан оның күрес тәсілінің де ұқсап жатуы табиғи нәрсе болғаны ғой.

****

Украин президенті В.Ющенконың Украин мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі жарлығынан – «Украиннің ұлттық өнерінің мерейін өсіріп, мәртебесін көтергені үшін және осы арқылы тәуелсіз Украин мемлекеттілігінің іргетасын нығайтқаны үшін...»

Міне, ұлт көсемі, ұлт перзенті деп осыны айт! Ал, біздің көсеуші көсеміміздің түсіне де кірмейтін мұндай сөзді есту қазақ байғұстың несібесіне бұйырмапты. Қазақ халқын - бүкіл жер шарының түкпір-түкпірінен жыйналған жын-шайтандар мен ашкөз, имансыз кәпірлердің, пайдакүнем тобырдың аяғы астына тастап бергенімен қоймай материалдық байлықтарымыз түгіл қазақ құлағы есітіп көзі көрмеген жетім балаларды шетелдіктерге сатуға дейін барғаннан басқа  Назарбаев   не  тындырды? Лағнет атқырды қашан қазақ халқының лағнеті ұрар екен? Қашан, қашан?!  (Ә.Д.)

Әлімғазы Дәулетхан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2273
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590