Жұма, 26 Сәуір 2024
Арылу 4428 27 пікір 15 Ақпан, 2023 сағат 12:43

Петиция: Қазақстан ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шығуы тиіс!

Қазақстандықтар Ресеймен дипломатиялық және экономикалық байланыстарды тоқтату керек деп санайды. Бұл туралы alash.online платформасына петиция жарияланды.

«Қазақстан билігінен ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуды, сондай-ақ Ресей Федерациясымен барлық интеграциялық процестерді тоқтатуды талап етеміз!», - делінген хабарламада.

Петиция авторының жазуынша, егер еліміз Ресеймен достық қарым-қатынасын жалғастыра берсе, Ресейдің қолдауынан бас тартпайтын болса, әлем бізден де теріс айналмақ.

«Сондай-ақ, бізде ЕАЭО мүддесіне бола, көлікті кедендік рәсімдеу бағасы қымбат болып тұр, атап айтқанда, «бастапқы тіркеу» мен утильалым бағасы»,-деп жазылған петицияда.

Жарияланғанына әлі бір ай толмаған петицияға 34770 адам қол қойған. Оған 31536 адам қолдап дауыс берсе, 3234 адам қарсы дауыс болған.

Abai.kz

27 пікір