Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4741 0 пікір 26 Наурыз, 2013 сағат 12:00

Биік өкшелі аяқкиімнің пайдасы мен зияны

Қарағандылық Дәулет Абдрахманов биік өкшелі аяқкиімдердің денсаулыққа пайдалы жақтарын іздеуде.

Ол биік өкшелі аяқкиіммен жүрудің әдіс-тәсілдері деген оқу құралын да жазып шыққан. Автордың алдына қойған басты мақсаттарының бірі - нәзік жандыларға биік өкшелі аяқкиіммен жүруді үйрететін жаттығу құрылғысын ойлап табу.

Құралай Оразбаеваның биік өкшемен әдемі жүру тәсілдерін үйрену сабақтарына қатысып жүргеніне екі жыл болды. Қызының бүкірейіп жүргенін байқаған әкесі, 7-сыныпта оқитын қызын  Дәулет Абдрахмановтың әдемі жүріп-тұрудың әдіс-тәсілдері сабағына әкелген. Қазір Құралай биік өкшелі аяқкиіммен әдемі жүруді ғана емес, туфлимен өзін-өзі қорғай алатындығын айтады.

Құралай ОРАЗБАЕВА, үйренуші:

- Бұл жерде төзімділікке үйретеді. Себебі әдемі жүруге дайындала бастағанда бұлшық еттерің дұрыс жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар өзіңе деген сенімділік пайда болады. Өмірдегі өзіме керек қасиеттерді үйрендім.

Автор биік өкшенің зиян әкелетін қасиеттерін белгілі қимылдар арқылы жойып, спорттық бағыт берген. Денсаулық, эстетика, спорт - бұл әдістемелік сабақтың негізі. Оның жүзеге асырғысы келетін ойлары жетерлік. Мысалы, Қазақстанда биік аяқкиіммен спорттық бағытта жүру чемпионатын өткізу. Сонымен қатар қыз балаларға биік өкшелі аяқкиімде жүруді үйрететін жаттығу құрылғысын ойлап табу.

Дәулет АДБРАХМАНОВ, әдістемелік оқу құралының авторы:

- Кәдімгі туфлидің өкшесін алып тастап, оның орнына серіппе немесе гель толтырып көрдік. Бірақ ең ыңғайлысы - сұйықтықтан жасалған өкше. Оны киген кезде өкшеге де діріл пайда болады. Діріл аяқ бұлшықетін жақсартады. Денсаулыққа өте пайдалы және артық салмақ қоспауға өз септігін тигізеді.

Дәулет Адбрахманов нәзік жандылардың қамын ойлап, көп бағыттағы әдістемелік жұмысты жүзеге асырған. Автор биік өкшенің денсаулыққа пайдасының көп екеніне сенімді.

Дереккөз: 24.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590