Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 4738 10 пікір 9 Ақпан, 2023 сағат 14:40

Славян тілдеріндегі түркі сөздері...

Орыс тіліндегі түркизмді зерттеген ғалымдардың бірқатары сіздерге белгілі. Жалпы славян тілдеріндегі түркизм туралы біздің білетін мәліметіміз мардымсыз. Ресей Федерациясы Украинаға соғыс ашқалы бері біз украиндармен туыстығымыздың төркініне назар аудара бастадық. Украиндар менің қайын жұртым секілді қарбызды «кавун», асқабақты «гарбуз» дейді екен (Абай облысының қазақтары қарбызды «қауын», қауынды «діңке» дейді). Ғаламторда украин ғалымдарының өздерінің арғы тегі қазақтар секілді скифтерден бастау алатыны жөнінде айтқан орнықты пікірлері бар. Ал украин халқын құраған Запорожье казактарының төркіні түркілер екені тарихтан мәлім. Тіпті Украинадағы жер-су аттарының да бірқатары түркі негізді екені айтыла бастады.

Мына сөздіктің үйде жатқанына көп болды. Өткен ғасырдың 70-жылдарының соңына қарай Алматыдағы «Букинист» дүкенінен сатып ала салғанмын. Сөз төркіні – этимология қызықтыра бастаған кез еді... Ескі кітап. Бірақ ешқашан пайдаланған емеспін. Бүгін көптен бері ашылмай жатқан қораптарды ақтарып отырғанымда қолыма түсіп қалып, парақтап шықтым. Парақтаған сайын украин сөздерінің қазақ сөздерімен сәйкестігін аңғарып отырдым. Көзіме түскенін теріп жаза бастап едім, қаламыма біраз сөз ілініпті.

Ұлт пен ұлттың, халық пен халықтың арасында туыстықтан өзге мәдени байланыс та болады. Олар бір-бірімен түрлі қарым-қатынас жасай отырып, тауар ғана емес, сөз де алмасады. Бұл атау сөздердің бәрі бірдей түркі сөзі демеймін, кейбіреуі біздің тілімізге кірме сөздер болуы да мүмкін – оны зерттеп анықтау ғалымдардың шаруасы ғой. Дегенмен жалпы көпшіліктің де назарын аударуға тұрарлық деп ойлаймын.

Салыстырылып отырған сөздердің алғашқысы украин тілінде, ал қазақ тіліндегі нұсқасы келесі кезекте беріліп отыр. Жай ғана көз қырын сала салыңыз...

Алмаз – алмас, алтин – алтын, арик – арық, аршін (аршин) – аршын, аркан – арқан, ату (аңшылыққа байланысты) – ату, аул – ауыл, бай – бай, балик – балық, барс – барыс, бархан – барқан, бархат – барқыт, басмач – басмашы, батир – батыр, батрак – батырақ, башлик (капюшон) – башлық, башмак – башмақ (аяқ киім), бельбас (балбес) – білмес (дымбілмес), берданка – бердеңке, беркут – бүркіт, бешмет – бешпент, борсук – борсық, буран – боран, булат – болат, булка – бөлке, гай-гай – айхай, гаплик – қармақ, гарба – арба, гарбуз – асқабақ, геть – кет (прочь, вон), джигіт – жігіт, джигітовка – жігіттік, домбра – домбыра, жінка – жеңге (әйел), ізумруд – зүмірат, інжир – інжір, кавун – қарбыз, кабак – қауақ (өсімдік), кабан – қабан, кадык (подбородок) – қадық, казан – қазан (ыдыс), казна – қазына, кайло – қайла, калач – қалаш, камзол – қамзол, капкан – қақпан, канчук – қамшы, капшук – әмиян (қапшық), караван – керуен, карагач – қарағаш, каракуль – қаракүл, каракурт – қарақұрт, караул – қарауыл, карга – қарғау (хрычовка), каюк – қайық, кетмен – кетпен, кинджал – қанжар, кирка – керке, кирпич – кірпіш, кишлак – қыстақ (қыстау, қышлақ), кобза (саз аспабы) – қобыз, козакувати (казаковать) – қазақ шығу, кок-сагиз – көк сағыз (өсімдік), комаха – құмырсқа, комиш – қамыс, корзина – кәрзеңке (қоржын), кочувати – көшу, криця – құрыш, куга – қоға, кульбаба – бақбақ (гүл+бақбақ), кумис – қымыз, кунак – қонақ, кунжут – күнжіт, курган – қорған, курдюк – құйрық (май), марал – марал, майдан – алаң, могила – мола, мурза – мырза, намаз – намаз, сакман – сақман, саксаул – сексеуіл, тал – тал (өсімдік), талан – талан (тәлей, тағдыр), торба – дорба (сөмке), туман – тұман, тулуб – тұлып, тютюн – темекі, урюк – өрік, утюг – үтік, шайтан – шайтан...

 

Возможно, это изображение книга

Байбота Қошым-Ноғай

Abai.kz

10 пікір