Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3691 8 пікір 9 Ақпан, 2023 сағат 13:52

Саясатқа көзсіз батырлық жүрмейді

 

Ақыл мен айла, кемеңгер дипломатия керек.

Сүзеген бұқа құсап ұрынарға қара таппай көзі қанталап, аузынан ақ ит кіріп қара ит шығып, өзінікін ғана дұрыс дейтін адам депутат болса, Парламент жұдырық патиге айналады.

Бетпақтық табандылыққа жатпайды.

Ұрыншақтық, дөкірлік, дөрекілік, ұр да жық мінез батылдық емес, ақымақтық.

Ондайлар жарқ етіп көзге түскенмен, ұзаққа шаппайды.

Дөп басам деп от басады.

Өрге шығам деп, орға жығылатын адамнан саясаткер шықпайды. Мың жерден ұлтшыл болсын мейлі.

Кімге дауыс береріңді ойлан, қазақ! Соңыра бармағыңды тістеп қалма.

Гүлмәрия Барманбекова

Abai.kz

8 пікір