Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3293 0 пікір 26 Наурыз, 2013 сағат 10:50

"Қараңғы түнектен кейiн әйтеуiр бiр таң атады" дейдi билiктiң ауысуына арналған тұңғыш ғылыми еңбектiң авторлары

Кеше Алматыда "Меломан" кiтап дүкенiнде Саяси ұйымдар альянсы "Ымырт аймақ" немесе өтпелi кезең "тұзақтары" ("Сумеречная зона" или "ловушки" переходного периода) атты ұжымдық еңбектiң тұсаукесерiн өткiзiп, көпшiлiкке таныстырды. Билiктiң ауысуы мәселесiне арналған Қазақстандағы тұңғыш ғылыми зерттеудi белгiлi саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар - Досым Сәтбаев, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Рүстем Қадыржанов, Андрей Чеботарев, Толғанай Үмбетәлиева, Замир Қаражанов, Айман Жүсiпова бiрiгiп жазған.

Әрқилы тарихи кезеңдерде әртүрлi елдерде билiктiң ауысу модельдерiн қарастыр­ған авторлар Қазақстанның саяси болашағына үңiлiп, билiктiң ауысуы сценари­й­лерiне шұқшиған. Авторлардың бiрi Досым Сәтбаевтың айтуынша, бұл еңбек баспадан басылып шықпастан бұрын Ақордадағы саяси элита өкiлдерi хабарласып, кiтапты оқып көруге ниет бiлдiрген.

"Бұл - билiктiң жанды жерiне тиетiн өзектi мәселе. Алайда бұл тыйым салынған тақырып емес. Қоғамда би­лiктiң ауысуының жұмсақ түрiнен бастап қатқыл түрiне дейiн талқыланып жатыр. Сарапшылар мен БАҚ-ты былай қойғанда, билiкте жүрген­дердiң өзi осы тақырыпқа ой қозғап жүр. Саяси кеңесшi Е.Ертiсбаевтың өзi бiрнеше даулы мәлiмдеме жасады. Сондықтан бұл - әбден пiсiп-жетiлген, саяси және бизнес элитаны толғандыратын тақырып", - дедi саясаттанушы Досым Сәтбаев.

Д.Сәтбаев осы күнге дейiн билiктiң ауысу тақырыбын талқылағандар үш түрлi кемшiлiкке бой алдырғанын атап көрсеттi. "Бiрiншiден, жүйелiлiк пен бiрiздiлiк бол­ған жоқ. Бұлар жеке-дара мәлiмдемелер мен пiкiрлер ғана болатын. Халықаралық тәжiрибе есепке алынбайтын. Сондықтан осылардың басын бiрiктiрiп, талдау жасадық. Екiншiден, бұл тақырыпты талқылағандар мәсе­ленi мұрагерлердiң тiзiмiне әкеп тiрейтiн. Егер мұны белгiлi бiр тұлғалар тiзiмiне әкеп тiресек, саяси жүйе мен институттардың болашағын ұмыт қалдырамыз. Бұл көлiк­ке тәжiрiрибесiз жүргiзушiнi отырғызумен бiрдей. Оның көлiк жүргiзуге құқығы бар болғанымен, ол көлiктi жүр­гiзе ала ма, мәселе сонда. Мұрагерлер тiзiмiн қарастыру карталар колодасын сапырумен тең. Оның өзiнде еш­кiмге аты-заты белгiсiз джокер жеңiмпаз болып шығуы мүмкiн. Қысқасы, кiм мұрагер болса да, саяси жүйе бәрiбiр өзгередi. Сондықтан бұл ретте iшкi факторларға үңiлдiк. Үшiншi кемшiлiк - бұған дейiнгi мәлiмдеме­лердiң нақты адресаты бола бермейтiн. Бұл тақырыптың кiмге бағытталғаны түсiнiксiз едi. Бiз бұл еңбектi саяси шешiмдердi қабылдайтын адамдарға, яғни саяси элитаға бағыттадық.

Елiмiздiң әртүрлi аймақтарында әлеуметтiк зерттеу жүргiзген Толғанай Үмбетәлиева халықтың ой-пiкiрiн бiрнеше критерий арқылы анықтапты. "Олар табиғи, әлеуметтiк және саяси қор­қыныш. Саяси қорқынышы басым түскен халық болашағынан, билiктiң ауысуынан және революциядан қорқады екен. "Халықтың билiктiң ауысуынан қорқуы тек саяси элитаға қатыс­ты нәрсе, ол солардың шаруасы деп есептейдi. Осы үш қорқыныштың iшiнен халық бәрiнен де революциядан қорқады".

Т.Үмбетәлиева елiмiздiң әр аймағының тұрғындары билiктiң ауысу жолдарын әртүрлiше көретiнiн айтты. Мәселен, оңтүстiк мұрагер­лiктi қаласа, солтүстiк партия­лық билiктi құп көредi. Әлеуметтанушы жарылыс қаупi ең ықтимал аймақ ретiнде Солтүстiк облыстарды атады.

Ал саяси шолушы Рүстем Қадыржанов билiктiң ауысуына сыртқы фактордың қалай қатысатынын зерттеген. "Бiрполярлы және биполярлы әлем кейiнге кеттi, оның орнына көпполярлы әлем келдi. Орталық Азия аймағына Батыс, Ресей, Қытай геосаяси түрде ықпал етедi. Түркия, Иран, Ауғанстан факторын да жоққа шығаруға болмайды. Сыртқы қауiп туралы айтқанда Орталық Азияны ұмыт қалдырамыз. Орталық Азия - өзi үшiн өзi қатер. Сондықтан бұл еңбекте сыртқы қауiптi азайтудың жолдары да қарас­тырылған", - дедi З.Қара­жанов.

"Халықты бiрiктiретiн құндылықтар бар ма?" деген сұраққа жауап берген Д.Сәт­баев: "Элита деидеология­лан­ған. Олардың белгiлi бiр құндылықтары жоқ. Ал халық әртүрлi құндылықтармен өмiр сүредi. Десек те, билiк бәрi­нен де бейжай қарайтын халықтан қорқуы керек. Мәселен, кезiнде референдумда тоқсан пайыз халық КСРО-ның құламауын қолдағанымен, одақ құлап тынды", - дедi. Осы кезде әңгiмеге араласқан Айдос Сарым бүгiн президенттi 98 пайыз халық қолдағанымен, ертең бұл халық билiктi қорғайды дегенге кепiлдiк бермейтiнiн айтты.

Сонымен, ымырт шақ - бұл таңның атысы немесе кештiң батысы алдындағы уақыт. Ымырттан кейiн не таң атады, не кеш батады. Қа­зақ­стан жағдайында қайсысы iске аспақ? Бұған жауап берген авторлар "Таңның шапағы тек қараңғы түнектен кейiн ғана атады. Бiрақ ымырт­тан кейiн әйтеуiр бiр таң атады" деп қайырды.

Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ

«Жас Алаш» газеті

0 пікір