Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3919 0 пікір 14 Тамыз, 2009 сағат 17:38

Зауытбек заулады, болжам расталды

24 шілдеде Abai.kz ақпараттық порталы алғашқылардың бірі болып Мәскеу қазақтарының www.kazakh-tili.ru сайтына сілтеме жасай отырып, Зауытбек Тұрысбековтың ендігі қызметі еліміздің Ресейдегі елшісі болмақ деген жорамал жасаған-ды. Кеше, яғни 14 тамызда Елбасы Н.Назарбаев жарлығымен осы болжамымыз расталды, Зауытбек елші болды. Әрі осы жарлықпен Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі деген қызметінен босады. Иә, Кедендік одақ құру, ДСҰ-ға мүше болу сияқты күрмеуі қиын мәселелерде Кремль бөгелек тиген бұқаша ұстанымын өзгертумен келеді. Мұндайда мемлекет мүддесінен мық шегеше айнымайтын елші рөлінің маңызы арта түспек. Ал Ақорда дәлізіне аяқ ізін қалдырған азаматтар арасынан Тұрысбековке таңдау түсуін былай топшылауға болар. Біріншіден, Зауытбек Қаусбекұлы - «южан» деген бейресми атағы былай тұрсын, орыс, Ресей мүддесі деп жасырын болсын, жан ауыртпаған саясаткердің біреуі. Одан гөрі, оның аты «Ордалы жылан» кітабында жиі аталатыны жасырын емес. Қызық болғанда, Тұрысбековтың Кремль төріне баруын еліміздегі орыс ұлтшылдары да қуана қолдап отыр. Айталық, www.russians.kz сайты жариялаған Эдуард Ковельдің мақаласында «Тұрысбековтың елші болуымен баяғы Мансұров пен Көшербаевтың бақытты уағы қайта оралады» дей келе, оған таудай сенім артады.

24 шілдеде Abai.kz ақпараттық порталы алғашқылардың бірі болып Мәскеу қазақтарының www.kazakh-tili.ru сайтына сілтеме жасай отырып, Зауытбек Тұрысбековтың ендігі қызметі еліміздің Ресейдегі елшісі болмақ деген жорамал жасаған-ды. Кеше, яғни 14 тамызда Елбасы Н.Назарбаев жарлығымен осы болжамымыз расталды, Зауытбек елші болды. Әрі осы жарлықпен Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі деген қызметінен босады. Иә, Кедендік одақ құру, ДСҰ-ға мүше болу сияқты күрмеуі қиын мәселелерде Кремль бөгелек тиген бұқаша ұстанымын өзгертумен келеді. Мұндайда мемлекет мүддесінен мық шегеше айнымайтын елші рөлінің маңызы арта түспек. Ал Ақорда дәлізіне аяқ ізін қалдырған азаматтар арасынан Тұрысбековке таңдау түсуін былай топшылауға болар. Біріншіден, Зауытбек Қаусбекұлы - «южан» деген бейресми атағы былай тұрсын, орыс, Ресей мүддесі деп жасырын болсын, жан ауыртпаған саясаткердің біреуі. Одан гөрі, оның аты «Ордалы жылан» кітабында жиі аталатыны жасырын емес. Қызық болғанда, Тұрысбековтың Кремль төріне баруын еліміздегі орыс ұлтшылдары да қуана қолдап отыр. Айталық, www.russians.kz сайты жариялаған Эдуард Ковельдің мақаласында «Тұрысбековтың елші болуымен баяғы Мансұров пен Көшербаевтың бақытты уағы қайта оралады» дей келе, оған таудай сенім артады. Сенім артып қоймай, оның Өмірзақ Шөкеевпен ымы-жымы бірлігін және осының төңірегіндегі у-шудың барлығы арнайы ақпараттық соғыстың салдары деп, Тұрысбековке тас лақтырушыларға төбесін тосады. Екіншіден, Зауытбектің іскерлік қабілеті қазір әркімге аян. Әкімдік, министрлік сынақтың от-жалынына әбден ысталды. Мысалы, еліміздің бас полицейі болып тұрғанында кадрлық «ноу-хауларымен» есте қалды, министрдің 6 орынбасарын төртеуге қысқартты, ІІМ департаменттінің санын алтауға азайтты. Полицейлерді қайта аттестациялау, қаржыны үнемдеу, киім-кешегін жаңарту.... Тұрысбековтың тұсында жүзеге асырылды. Ендігі жерде елшілік қызметінде де Қазақ мүддесін алға қойғай....

 

Ө,ДАРХАН, «Абай-информ»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610