Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3967 0 пікір 26 Наурыз, 2013 сағат 10:40

Алтын жинаңыз, ағайын!

Біз айтпақ бірінші ақиқат мы­нау: халықаралық қорла­ры­мыз­дағы алтынымыздың үлесі мол бол­сын, өйткені ол валюта­ларға қа­рағанда әлдеқайда сенімді де­генді сары металл мысқалы 350 доллар болып тұрған кезінде-ақ жазған біз едік. Бірақ Ұлттық банктің басшылары бірнеше рет ауысқанымен бұл ұсыныс өтпей-өтпей ақыры былтыр ғана алтын мысқалы 1800 доллардан асқан шақта халықаралық қорымыздағы байлықтың бір бөлігін алтынмен жинауға рұқсат еткен Заң шықты. Кеш, бірақ кеш те болса түзу жол­ға түстік. Бәлкім біреулер «қа­зір әлемдік тауар биржала­рында­ғы алтын арзандап жатыр, осының өзі қажет пе еді?» деуі мүмкін. Біз мейлі, арзандай берсін, бірақ дәл осы жол ең дұрыс жол деген пі­кірімізден таймаймыз.


Екінші ақиқат Ұлттық банк биыл да алтын сатып алу ісін жал­ғастыратындығы. Бұған қуа­ныш­тымыз.

Біз айтпақ бірінші ақиқат мы­нау: халықаралық қорла­ры­мыз­дағы алтынымыздың үлесі мол бол­сын, өйткені ол валюта­ларға қа­рағанда әлдеқайда сенімді де­генді сары металл мысқалы 350 доллар болып тұрған кезінде-ақ жазған біз едік. Бірақ Ұлттық банктің басшылары бірнеше рет ауысқанымен бұл ұсыныс өтпей-өтпей ақыры былтыр ғана алтын мысқалы 1800 доллардан асқан шақта халықаралық қорымыздағы байлықтың бір бөлігін алтынмен жинауға рұқсат еткен Заң шықты. Кеш, бірақ кеш те болса түзу жол­ға түстік. Бәлкім біреулер «қа­зір әлемдік тауар биржала­рында­ғы алтын арзандап жатыр, осының өзі қажет пе еді?» деуі мүмкін. Біз мейлі, арзандай берсін, бірақ дәл осы жол ең дұрыс жол деген пі­кірімізден таймаймыз.


Екінші ақиқат Ұлттық банк биыл да алтын сатып алу ісін жал­ғастыратындығы. Бұған қуа­ныш­тымыз.
Үшінші ақиқат - халықтың қолында доллар, евро, рубль, тең­ге деп аталатын әртүрлі сал­мақ­тағы банкноттардың ғана бары. Ал бұл банкноттар мейлі ол ха­лық­аралық немесе ұлттық ма­ңыз­дағы валюта болсын, бар болғаны шарт­ты бағаға ие, боялған қа­ғаздар ғана. Бетін аулақ қылсын, егер 1990-жылдардағыдай бір зо­ба­лаң бола қалса, олардың бар болға­ны боял­ған қағаздар ғана екендігі нақты өмірде дәлелденеді. Бұл та­лай рет дә­лелденген ақи­қат­тар. Бір за­ман­дарда доллар­дың құны­ның түс­­­кендігі соншалық, бір мыс­қал ал­тын 10 мың доллар­ға бағалан­­ған. Ал осындай жағдай қайталан­­бай­ды деп Халықаралық валюта қо­ры­­­ның жетекшісі де, «көк қа­ғаздың» не­гіз­гі иесі АҚШ мем­­­ле­ке­тінің бас­­шысы да кепілдік бере алмай­ды. Өйткені Бреттен Вуд келісімшар­тына 70-жылда­ры енгізілген түзе­туде айналымд­а­ғы доллар масса­сын қолда бар ал­тынмен сәй­кес­тендіру жөніндегі басты талап алынып тасталған болатын. Яғни қазір халықаралық валюта деп дәріптеп жүрген дол­лар мен евромыздың өзі осындай ортақ валюта жасау идеясының авторы Дж.Кейнс мойындаға­нындай «жал­ған ақша». Демек, «жалған ақ­шаның» түптің түбінде баратын жері «жойылу». Мінеки, ең қор­қынышты, ең зардапты ақиқат осылай өрнектеледі.

Үнділер неге қиналмайды?

Үндістан өз тарихында еш­қашан да «алдыңғы қатарлы» ел болған емес. Біз мұндай тұжы­рым­ды олардың ғылымдағы үле­сіне немесе басқа да өркениетке бер­геніне қарап емес, тек мем­ле­кеттің «салмағына» қарап жа­са­дық. Әйт­песе үнді халқы адамзатқа химия ғылымындағы алғашқы жа­ңа­лықтарды, математика ғы­лымы­на «нөл» таңбасын, сондай-ақ «буд­дизм философиясын» бер­ген ежелгі жұрт. Десек те мемлекет ретінде «күні кешеге дейін» қор­лық көріп, бодан болды.

Осы жерде салыстырмалы бір ақиқатты мысалға келтіре кет­­кен жөн. Еуропаның шағын мем­ле­кеттері әлемнің біраз алып елде-­рін бодандықта ұстады. Бодан бол­­ған­дардың арасында қазір дү­­­ние­жүзілік көшбастаушылық­қа ұм­­ты­лып бара жатқан Қытай да бар. Үндістан мен Қытай шамамен бір мезгілде азаттық алды. Қытай аш халықтың сеніміне және қол­да­уына ие болған компар­тия­­ның ұйымдастыруымен төңке­ріс жа­сап, азат болды. Ал үнділіктер азат­­тық­ты төңкеріссіз-ақ алды. Екі елдің сол кездегі жағдайы ша­мамен бірдей деуге болатын шы­ғар. Бірақ үнділіктер қан тө­гіссіз «жеңіске» жетті. Олардың ұлттық көсемі Махатма Ганди халықты «өліспей беріспеу» ұстанымын­дағы қан тө­гісті қалаған жоқ. Жал­пы алғанда, бұл халық ондайға бар­майтын да еді деуге болады. Өйт­кені қандай қиыншылық бол­са да, мұнда қолға қару ұстатып, шын төңкеріске бас­тайтындай ашығу, содан ашыну қиналысы болмаған. Иә, үнділіктер аса қиын жағдайда өмір сүрді, бірақ сол қиындықтың өзі оларды ашынуға итермелей алмады.

Біздің бұл ойымыз ақиқаттан алшақтау шығар. Бірақ солай болса да біз үнділіктерді ашын­дырмаған жалғыз құдіретті күш елдегі ал­тынның көптігі деген тұжырым­дамыз. Үндістан - ерте­ден және күні бүгінге дейін алты­ны әлемдегі ең көп ел. Олар бай­лықтарын не­гізінен алтынмен жи­наған. Сон­дықтан да әлемдік және ұлттық ва­люталар қанша құн­сызданып жатса да, байлар мен ауқаттылар одан онша зардап шекпеген. Дә­лірек айтсақ, Үн­діс­танның валю­талық дағдарыс­тан зардап шегуі әлемнің барлық және кез келген мемлекетінен аз бол­ған. Иә, алтын орташалардың өзінде болған. Ал олар аштық жағ­­дайындағы қа­йыр­шы халық­қа «байлығы жөнді ор­таймайтын­дықтан да» садақа беріп, қайырым жасаудан әлем ха­лықтарының алдында болған. Сондықтан да Үн­дістанның қа­йыр­шылық жағ­дайындағы ең на­ш­ар өмір сүре­тіндері де ашынуға бар­маған. Әрі-беріден соң буд­дизм дінінде мы­на­дай дәстүр бар: адам өмірге әкелген ұрпағын «өз қолы өз ау­зына жететін» жағдайға кел­генін­де бар жиған-тергенін қал­дырып өзі өмірден баз кешіп, дүниеауи құндылықтардан бас тартып, «брахман» жолына түседі. Брах­мандарда күнделікті үстіне киіп жүрген киімнен басқа еш­қандай басы артық дүние-мүлік, азық-түлік болмайды. Міне, сол брах­мандардың өзі қайырым­дылар­дың көмегімен өмір сүрген. Яғни үнділіктер жүздеген мил­лион брахмандары болса да олар­ды қайырымдылары асырай ала­тындай жағдайда. Ал бас­қалар­ды қайырым жасауға итермелеп тұр­ған күш аста-төк байлық емес, қазынасының дағдарыстардан ортаймағандығы. Оны ортайт­паған күш - алтын.

Сонымен, бұл тақырыпшада сары металдың қандай құдірет­ке ие екенін түсіндірдік қой деп ой­лаймын. Менің шамалауым­ша, қазіргі таңда халықаралық ва­лю­талар бір мезгілде жап­пай құн­сыз­данса, одан онша қинала қоймайтын бір ел болса, ол - Үн­діс­­тан. Ал Үндістанның әлемдік эко­­номикадағы үлесі, соған сәй­кес дүниежүзі мемлекеттері ара­сындағы рейтингі белгілі, Ита­лия мен Грекиядан көп төмен. Ита­лия мен Грекияда дағдарыс баста­лып еді, азаматтық текетірестер өрши түсті. Одан жалпының жағдайы мүлде төмен Үндістанда мамы­ра­жай тыныштық. Мінеки, бү­гін­гінің ақиқаты осы.

Бұқара ашықпасын десек

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «биліктің қыз­мет нәтижесі, экономикада­ғы же­тістіктер халықтың күнделікті тұр­мысынан көрініс табуы ке­рек» деген ұстанымдағы қайрат­кер. Иә, ол - халықшыл, бұқарашыл қай­рат­кер. Солай бола тұрса да Қазақ­станның бүгінгі әлемдік рей­тинг­тегі орнына лайық емес әрекет­тер біздің елде орын алып тұрады. Яғни халықтың бір бө­лігінің би­лікке наразылығы, тұр­мыстары­ның нашарлығы ешкімге де жа­сырын емес. Жоғарыда ай­тып кет­кеніміздей, Үндістанның жағ­дайы Грекия мен Италия түгілі бүгінгі Қазақстанның жағдайы­нан көп төмен. Бірақ оларда на­разылық жоқ, бізде кездесіп қа­лады. Бір миллиардтан астам ха­лық біздің жағдайымыздан әл­де­қайда төмен деңгейде өмір сүріп жатса да «тыныш», ал біздің Жа­ңаөзенімізде орташа жалақы шамамен 200 мың теңгеден асып кетсе де бүлік орын алды. Нелік­тен? Бұл сұрақтың жауабы дайын, ол - халықтың ертеңіне сенім­сіз­дігі. Яғни тапқан табыс «жұм­сау­дан артылмайды». Ал егер сол ха­лықтың қомақты бөлігін «ер­теңгі қиын күндерге» деген ар­найы сақ­тық қор жинауға үйрет­се, онда бұ­лай болар ма еді? Жоқ, олай бол­майды. Себебі ең кемі бір жылға жететін сақтық қоры бар халық тағы да жақсы кездің ке­летінін шыдамдылықпен күтеді. Демек, біз ең әуелі халықтың ер­теңгі қиын күндерге қажетті сақ­тық қорын жасайтындай нақ­ты Заң қабылдап, оның дұрыс жұ­мыс істеуін қа­дағалауымыз керек. Бұл жөнінде биылғы жылдың басын­да «сақтан­дыру қорларын құру» туралы ұсы­нысы бар мақала­мыз­ды жария­лағанбыз. Турасын айтқанда, мем­лекет ішінде ма­мы­ражай ты­ныш­тықтың баянды болуы үшін ол да аздық етеді. Демек, біз өз елімізде Үндістан­дағыдай қор жинау дәстүрін қа­лыптастырып, оның дұрыс жұ­мыс істеуіне жол ашуымыз керек. Ол жол жалғыз, ол - тек алтынның құй­маларын бұқаралық саты­­лым­ға шығару. Алтынды халыққа қалай сатамыз? Иә, біздің ендігі кезекте мін­детті түрде кешіктірмей қолға ала­тын басты ісіміз отандық тауар биржасында немесе Ұлттық банк арқылы алтын құймаларын бұ­қа­ралық сатылымға шығару туралы заңды өмірге әкелу. Бұл Қа­зақ­станның толық сенімді ты­ныш­тығын қамтамасыз ететін маңызды қажеттіліктердің бірі.

Әлемде алтын сатудың түрлі жолы бар. Біз бұл арада алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар саудасы туралы әңгіме қозғап тұр­ған жоқпыз. Өйткені зергер­лік бұйымдардағы алтынның нақ­ты бағасына қосылған құн шама­мен екі-үш еседен асып-жығылады. Демек, бұл мәселені шешудің дұ­рыс жолы емес. Біздің пайым­да­уымызша, ең дұрыс жол Дубай­дағы немесе Сауд Арабиясын­да­­ғы, болмаса Лондон тауар биржа­­сын­дағы құйма алтындар сату үлгісі. Онда бағалы металл мысқалы нақты бағаланады және қосымша құн жоқ. Орайы келгенде айта ке­тейік, Қазақстанның ұлт­тық қор­ларындағы байлықтың ең кемі 50 пайызын алтынмен жинау­ға қол жеткізгенімізше әлі көп сары ме­талл керек болады. Десек те, ша­мамен енді 4-5 жылда бұл ме­жені өзіміздің ішкі өндіріс өнім­дері арқылы алуға болары сөзсіз. Олай болса, алтынды бұқаралық сатуға шығару ісін 4-5 жылға ке­шік­тір­мей, биыл бастасақ, бұл дұрыс жолға түскеніміз болады. Екі жақ бір мезгілде бірдей ал­тындана бастаса шамамен 10 жыл­дың ішінде елімізде «көңілді тоқ са­най­тындай» жағдай қа­лыптасады. Халықтың біраз бөлігі артық ақшасын алтынмен жинау, сөйтіп, ертеңіне сенімді жағдай жасау мүмкіндігіне ие болады. Ал мемле­кет он жыл ішінде Ұлттық қордың 50 пайызын алтындап алады. Не ұтамыз?

1) Қазір халықтың «қара шұ­лығында» шамамен 6-10 миллиард доллардай нақты ақша жатқа­нын біле­міз. Егер алтынды бұқара­­лық сауда­ға шығарсақ, осы нақты ақша ай­на­лымға шығып, оның орнында тек сенімді байлық алтын жатар еді. Ал бұл мемлекет ішіндегі мін­детті төлемдердің кешік­тірілмеуі­не және теңге эмис­сиясының өс­пеуіне бірден-бір кепіл.
2) Халықтың ең кемі 40-50 па­йызы өзіне бірнеше жыл қиын жағдайға төтеп бере алатындай қор жасап алады. Ал 10 пайыздық бай­ларымыз бен ауқаттыларымыз алда болмай қоймайтын валюта­лық дағдарыстарда қинал­май­тындай жағдай жасайды. Үл­кен екі ұтысты осылай қамтама­сыз ете­міз.
3) Дағдарыстар қанша ауыр болса да дәл осылай істесек, Қа­зақстанның үш бірдей қорғаны болады. Оның біріншісі ортаймаған мемлекеттік қор, екіншісі байла­ры­мыздың ортаймаған қоры, үшіншісі орташалардың «сақтық қоры». Осы үшеуі тұрғанда Қазақ­станды ешқандай «дағдарыс жау» ала алмайды.
Қорыта айтқанда, капита­лизмге кеше ғана келген Қазақ­стан әрбір жерден, ұлттан, мем­лекет­тен жақсы тәжірибелерді үйреніп, өз өмірінен оларға орын берген. Бүгінгі жетістігіміз - со­лар­дың нәтижесі. Енді үнді­лік­тердің мыңжылдықтардан бері нақты сақтаушысына айналған бұқара­лық алтын жинау дәстүрін заң­дастырып өмірімізге енгізсек, тек қана ұтысқа шығамыз.

Таңшолпан БЕКБОЛАТ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522