Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 2484 8 пікір 3 Ақпан, 2023 сағат 15:13

Грузия: Ресейден өз жерлерімізді қайтарамыз!

Грузия президенті Саломе Зурабишвили «Путин жеңілуге жақын қалды» деп санайды. Бұл туралы ол «Bloomberg-ке» берген сұхбатында айтты.

«Ресей Украинадағы соғыста жеңіліске ұшырап жатыр. Соғыс аяқталған соң, украинның ғана емес, грузин жерін де қайтаруы керек», «Украинаның соғыс келісім шартында, Ресейдің Украинадан ғана емес, бұрынғы жаулап алған жерлерінен де әскерін әкетуі керектігі жазылуы керек», «Грузин жері: Оңтүстік Осетия мен Абхазияны қайтаруы керек» дегенді айтты.

Кеңес кезінде Оңтүстік Осетия мен Абхазия Грузияға қарағанымен 1990 жылдары екі аумақ өз тәуелсіздігін жариялады. Грузия оны мойындамады. 2008 жылы Грузиямен "бес күндік соғыстан" кейін Ресей әскерін Оңтүстік Осетия мен Абхазияға шоғырландырып, олардың "тәуелсіздігін" мойындаған. Ресейді төрт мемлекет қана: Венесуэла, Науру, Никарагуа және Сирия қолдады. Грузия аталған екі өңірді Ресей жаулап алды деп санайды.

Былтыр Украинаны ерекше қолдап, Ресейге қатаң позиция ұстанған Англияның экс-министрі Жонсон «Ресейдің ықпалында болып келген елдерді 300 жылдан бергі орыспен жасасқан шекара-келісім шарттарын қайта қарауға үндеп, бастама көтерген еді». Грузин президенті алғашқы болып ескі дауды қайта қарауға, тарихи әділдік орнатуға белсеніп отырғаны байқалады. Негізі былтыр желтоқсанның басында Полша президенті «Украина жеңсе, Грузияда айырылған жерін қайтарып алады» деп, грузин басшысының аузына сөз салып бергендей болып еді. Батыс елдері берген танкілердің күшіне орысқа есесі кеткен елдер сенім артып, тақымын қысып отырған сияқты.

Ал Путин болса Сталинград шайқасының 80 жылдығын дүркіретіп атап өтті. Сталинге, Жуковқа, Василевскийге еңселі ескерткіш қойды. Сталинград атауын қалпына келтіру бастамасын көтерді. Батыстың тиісті жазасын алатынын тағы да ескертті. Өзін фашистерді талқандаған мұртты көсемдей сезінді. Киевте кеңес өткізіп жатқан Еуроодақ елдерін фашистерге теңеді. Бірақ бүкіл әлем қолдап отырған Украинаның нацистер ошағы емес екені бесенеден белгілі. Салтанатты шеруде сап түзеген орыс танкілері мен ұшақтары қауқарының қаншалық екенін әлем жұрты Украина соғысында жақын танып білді. Грузин басшысының қатаң мәлімдемелері де соны аңғартады.

 

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2271
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584