Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
1518 1 пікір 3 Ақпан, 2023 сағат 11:44

Қазақ киносы алғаш рет Африкада көрсетілді

Камерун астанасы Яундеде YARHA Festival халықаралық кинофестивалі өтті, іс-шара аясында қазақ киносының арнайы көрсетілімі ұйымдастырылды. Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының көмегімен түсірілген «Нартай» фильмі фестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысып, төрт жүлдеге ие болды және үздік көркем фильм атанды.

Сонымен қатар фестиваль бағдарламасында басқа да отандық картиналар көрсетілді.

«Мен сіздің елде түсірілген көркем фильмін алғаш рет көріп отырмын, бұған дейін тек деректі фильмдерді тамашалаған едім. Кино маманы басқа елден келген кәсіпқойдың жұмысын көргенде, ең алдымен кино тілін түсінуге тырысады. Бұл фильмде ол ерекше, керемет. Бұл фильмдерді көргенде кино тілінде жеткізілген белгілі бір оқиғаға тап боламыз және мені баураған дәл сол сезім», - дейді шара қонақтарының бірі, режиссер, Канн кинофестивалінің қатысушысы Мусса Туре.

 

Abai.kz

1 пікір