Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
1515 0 пікір 2 Ақпан, 2023 сағат 13:26

«Байтақ» пен Respublica облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысады

«Байтақ» және Respublica партиялары барлық облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысады. Мұндай шешім Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды.

«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 2023 жылғы 21 және 27 қаңтардағы қаулымен 15 өңірдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауға жіберілді. Қазіргі уақытта партия филиалдары бірқатар басқа облыста құрылды. Respublica саяси партиясы 2023 жылғы 21 және 27 қаңтардағы қаулымен 19 өңірдің мәслихат депутаттарын сайлауға жіберілді. Қазіргі уақытта партия филиалы Атырау облысында құрылған. Осыған байланысты «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясын Абай, Ақмола, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысуға жіберудің кейбір мәселелері туралы қаулыны, Respublica партиясын Атырау облыстық мәслихаттары депутаттарын сайлауға қатысуға жіберудің кейбір мәселелері туралы қаулыны қабылдау ұсынылады», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы қабылдады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530