Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7770 0 пікір 23 Наурыз, 2013 сағат 16:56

Есенғали Раушанов. Менің драмам

Болмаңыз, тегі, шүбәлі

 

Болмаңыз, тегі, шүбәлі

Келесі жалын ғасырда

Ескерткіш тақтам тұрады

Осы үйдің қабырғасында.

Шулайды көктем бақта ана,

Төңірек әнге тұнып бар.

Қарайды кёліп тақтаға

Болашақ алматылықтар.

Ақындар, айхай, жыр оқып,

Ару қыз келіп гүл қадап,

Нәп-нөзік қолын, дір етіп,

Алады тартып жылдам-ақ.

Өтеді тобыр топтаса,

Кетеді ару алаңдай,

Енді бір сотке тоқтаса,

Тас ақын ұстап калардай.

Тақтаны халқым аз көріп,

Тірісің әлі сен дейді.

Мен тұрам шетте мәз болып,

Мені ешкім бірақ көрмейді.

Мен жазған ескі өлеңді

Жаңа ұрпақ мынау жаттаған.

Тіріде естімегенді

Өлген соң естіп, шаттанам.

Сытылып қалып тобырдан,

Келемін сосын бөліне.

- Сақтай гөр, - деймін, - соғылған,

Ұлысың дей ме-ей сені де!

Тез тарап кетерін білем

Бұл сөздің енді жалпыға.

Ұлы емес екенімді мен

Айтамын қалай халқыма?

Ұлы емес едім мен деймін,

Өзімізді өзім ақтай кеп.

Болмаңыз, тегі, шүбәлі

 

Болмаңыз, тегі, шүбәлі

Келесі жалын ғасырда

Ескерткіш тақтам тұрады

Осы үйдің қабырғасында.

Шулайды көктем бақта ана,

Төңірек әнге тұнып бар.

Қарайды кёліп тақтаға

Болашақ алматылықтар.

Ақындар, айхай, жыр оқып,

Ару қыз келіп гүл қадап,

Нәп-нөзік қолын, дір етіп,

Алады тартып жылдам-ақ.

Өтеді тобыр топтаса,

Кетеді ару алаңдай,

Енді бір сотке тоқтаса,

Тас ақын ұстап калардай.

Тақтаны халқым аз көріп,

Тірісің әлі сен дейді.

Мен тұрам шетте мәз болып,

Мені ешкім бірақ көрмейді.

Мен жазған ескі өлеңді

Жаңа ұрпақ мынау жаттаған.

Тіріде естімегенді

Өлген соң естіп, шаттанам.

Сытылып қалып тобырдан,

Келемін сосын бөліне.

- Сақтай гөр, - деймін, - соғылған,

Ұлысың дей ме-ей сені де!

Тез тарап кетерін білем

Бұл сөздің енді жалпыға.

Ұлы емес екенімді мен

Айтамын қалай халқыма?

Ұлы емес едім мен деймін,

Өзімізді өзім ақтай кеп.

Өзімді тағы жерлеймін:

«Өлген соң тыныш жатпай...» деп.

«Ұлысың, - дейді ел, - шын ғажап,

Туғызған сені жұрт ұлы».

Сендірмей қоймас бұл қазақ.

- Иә, рас, - деймін бір күні.

Содан соң көптен бөліне,

Лақатымды аша лекерлеп,

Жатамын кіріп керіме,

Ә, енді елген екем деп.

Бақ құсы емес алыстан жеткен дара,

Қайғы да емес қаяулы.

Көктем биыл кәдімгі көктем ғана,

Баянсыз һәм аяулы.

Есі ауысқан дер, бәлкім, күлсем бұл ел,

Әй, қорлық-ақ, қорлық-ақ.

Бір өтірік іздейсің шын сендірер,

Табылмайды ол бірақ.

О, қайран жиырма бес,

Tap арнада тасқан сең.

Өлең жазу қызық та, қиын да емес,

Жас отыздан асқан соң.

Ал айтайын, тұрса шын білгіңіз кеп,

Алға сүйреп арбаған

Өтірігімді жоғалтып, жүрмін іздеп,

He көмегің бар маған?

 

"Прогресс және регресс" атты пікір таласта оқылған өлең

 

Үкілеп әсем қоңыр жорға міндім,

Жорғаны ұзақ сапар жолға міндім.

Бесінде түйетайлы беткейге өрлеп,

Кешінде

Тұяқ қапқан сорға кірдім.

Сазындай құдаша айтқан ару әннің,

Кеткенде ұзап алыс сәруар күн,

Тезірек жүрмек болып тебініп ем,

Жорғасын бұзып алдым жануардың.

Тәйірі-ай, мұндай күйге қалам деп пе ем,

Жорға аттың жортақтауы жаман неткен.

Қол талып, аяқ ұйып, жүрек лоблып,

Келемін әзер-алда амалдап мен.

Тарлауыт тау аспаппын, бел асыппын,

Құшағын тұр алдымда кең ашып түн.

Барар жер, басар тауым - өзіме аян,

Апыр-ау, қайда асықтым,

Heгe асықтым?

Тер жуып тебінгіні, терлігімді,

Жүгірткен терлік бойлап зер бүлінді.

Қақ тұрған сауырына қайран қоңыр

Қаңбақтай қалбақтайды желді күнгі.

Түсе алмай шалымына ол манағы,

Сүркілдеп желгені үшін қорланады.

Жүрісін бұза көрме, жорға мінсең,

Жігіттер, біз жүретін жол көп әлі.

 

Адам

 

- Көркембай ақсақ үйленеді деген сыбыс бар...

Той қамын жасап күбініп жатты туыстар.

Келін де келді,

Келді аздап көрпе-төсек те,

Көбейді сыпсың,

Рас па,

Әлде өсек пе?

- Оң жақта отырып жүкті боп қалған қыз дейді.

- Е, Көркемжанға ақ жаулық тисе есеп те...

Киімі бүтін,

Тамағы дайын - керемет,

Көркембай пақыр адам боп қалды, не керек.

Қырық жылғы үйін топанмен сылап шықты өзі,

Топсасы сынған есікті қайта шегелеп.

Сәпектеу ғана жан екен әлгі зайыбы,

Ай өтпей жатып босанып қалды - айыбы.

Қалжаға мал жоқ.

Көркембай сасып тұрғанда,

Тоқтысын сүйреп қайыны жетті, қайыны.

Күйеу жігітке қарады жиі ұрлана,

Іңгәлап жатыр балпанақтай боп ұл бала.

Жас ана отыр шүберектей боп бозарып,

Көзінің алды буалдыр,

шексіз сұр дала.

...Қырық күн өтті,

...денесін өртке орап ап,

Сәбиге кенет жабысты жөтел,

обал-ақ.

Көркембай таңнан көк қарға іздеп ем үшін,

Бара жатады қабақтан төмен домалап.

Қалғиды сәби жұдырықтарын сығымдап,

Сол кезде жарын шақырады да бұл ымдап,

Қатты айтса, шошып оянып кетер секілді,

«Құлыны-ем-м» дейді,

«Құлыным» дейді сыбырлап.

Қарайды бала,

басқамен оның ісі не,

Әрі жат,

әрі жақыны болған кісіге.

...Ұзамай сәби шетінеп кетті,

өмір-ай,

...Көркембай дел-сал,

өңі ме мынау,

түсі ме?

Көркембай дел-сал,

шегеді жиі шылымын,

Боз төбе жатыр тартып ап жүрек жылуын.

Қатты айтса, шошып оянатындай сәбиі,

Сыбырлап қана:

«Құлыны-ем-м» дейді,

«Құлыным»...

 

 

 

Архаизм мен неологизм

 

Жылан бауыр қамшы жатты иреңдеп,

Жылан тілді от сөйледі сүйреңдеп.

Сарғалдақтар зәресі ұшып,

үрпиіп,

Сары жебелер қорамсақтан қылтиып,

Ентелесіп екі жақ боп ел тұрды,

Екі шешен өрекпіді,

желпінді.

- Иә, - деді төрағасы,

заман-ай,

Жұрт жым болды,

Құлаққа ұрған танадай. -

Жатырластың жау болғанын көрген кім,

Бір шал еді бабаларың сендердің.

Төс қағысып тарасыңдар, шешендер,

Сол шал көрде тыныш жатсын десеңдер.

Еркелесе - сен ағасың,

інің бұл,

Әй, алаштың азаматы, түбің бір.

...Құшақтасты билеп кеп,

Жылан бауыр қамшы қалды иректеп.

Қазақ-Ата жүрген жері жыр-аңыз,

Тағы бірде былай депті бір абыз:

- Сабаңа түс,

салқын үйге жүр, Ерім,

Түніменен күй тыңдасын түменің.

Ақ тілекпен ояналық таңда біз,

Түбіміз бір,

қанымыз бір андамыз...

Қазақ-Ата жақын етіп алысты,

Барша жұртпен төс қағысты, табысты.

Бүгінгі жыр -

Жылан бауыр танктер,

Жылан бауыр қамшыны айтсам, жалықты ел.

Жылан құйрық ракета ысқырып,

Ұйқысынан оянды жер қыстығып.

- Ескі ұғым ғой мұның, - деді бір мықты, -

Тым жалаңдау түсінесің тірлікті.

Тоқыраудың сұрғылт, сұрқай ұраны

Қалай сені жалықтырмай жүр әлі.

- Бүгінгі сөз басқа шығар, рас, - дедім, -

Ылғи кеш қап жүретұғын қасқа едім. -

Дедім дағы, тез ауыстым бұл күйден,

Heгe ыңғайға жығылам-ей ылғи мен.

«Ойлап тұрсақ, жоққа сеніп келіппіз,

Ескілерді жаңарталық», - дедік біз.

Ескі толғау,

ескі ғұрып,

ескі ұғым,

Жаңарам деп лағып кетсем, кеш бүгін.

Сол кезде де туыстыққа талпынсақ,

О, тоқырау, сенсің нағыз алтын шақ!

Сөзім де ескі,

айтсам сәл-пәл жаңалап,

Түбіміз бір Адамзатпыз, жамағат.

Біздің халық - шұбай тартқан көш деңіз,

Көшті ылғи да түгендейміз кешке біз.

Әр асудан асқан сайын,

бір теңі

түсіп қалды.

Қандай әдет бұл, тегі?!

«Біліп тұрмын,

босқа күйдің...

ақтар ем,

Біздің елдің баласысың, әттеген.

Ақтар едім,

ақтағандай жұртты мен,

Аталас деп ғайбаттайды қырт кілең», -

деп ағасы жұбатқанда інісін,

Туыстық деп ұқтырады мұнысын.

Әлдеқашан қурап қалған сүйегі

Атаны ойлап,

менің жаным күйеді.

Ағай жомарт,

жүрген жері той еді,

Қой, қой, балам,

мені тыңда, қой оны.

Жеті атаңды үйретейін, көкешім,

Жеті жұрттың қамын жер ме екесің.

Әлі талай жаңарулар жолығар,

Біздің көштің сан құбылар жөні бар.

Көш жолында, өзің қалып кетсең де,

Алға оздырар абзал ұғым көп сенде.

Көшің кетер

алыс, алыс шығандай,

Жолы қайсы,

өрі қайсы - ұға алмай;

Бір байламға келіп ақыр, болдырып,

Ескі сөздің естілігін соң біліп:

«Барып, барып оралатын қонысы,

Ескі жұрттың ескірмеген сонысы», -

деп қойып бір,

айтып заман кеңдігін,

Өзіме ұксап отырарсың сен де, ұлым...

 

Менің драмам

 

- Қош бол, - дедім құмдарға, -

Есен жүрсем, бір келермін, мұңданба.

Ат тағалап, атан қомдап ер жеткен

Ең соңғы ақын мына мен ем бұл маңда.

Мен кетем.

Мұнартады төңірек,

Жетім шиді сыңсытады жел үдеп.

Алматыға түйе мініп бармайды,

Маған бұлай қарамаңыз, кер үлек.

Қоштасатын күн бүгін,

Қара құнан шайнайды-ай бір сулығын.

Ең соңғы рет алып шықтым қорадан,

Басың азат, бар, бара ғой, құлдығым.

Көзім алды бұлдыр-бұлдыр ұлы кіл,

Айналшықтап кетпей қойды құнан бір.

Аз дей ме екен жүрегімде шер-нала,

Heгe мені жылатуға құмар бұл?!

Heгe мені қинайды бұл жау сынды?

Жас жоқ менде!

Біткен бәрі!

Таусылды!

- Жамалдатқыр, жоқ бол! - дедім ақырып,

Жел ап қашып тарғылданған даусымды.

Сөйтіп елден кеткенмін,

Қырсауды да, жүйрікті де көп көрдім.

Қаба жалды қара құнан боп мені

Түн ішінде оятады Өткен күн.

Баурайында сонау Келінтөбенің

Селтиіп бір тұрады үнсіз серегім.

Ер-тұрманын, тұрқын тұтас көремін,

Басы қайда, басы неге жоқ оның?!

Басы қайда, басы қайда, қорлық-ай,

Менен неге қашады аулақ ол бұлай?

Жосып ағып көзімнен жас, оянам

Жол ортада жолдасы өлген сорлыдай.

Шошаяды құранды ердің қасы кеп,

Қара тасты қарш-қарш турап, шашып от,

Баратады баба дала үстінде

Қаба жалды қара құнан.

Басы жоқ...

 

Сары тазы. Элегия

 

Қазанның салқын таңдары

Қараша талды билетті.

Сары шал дүние салғалы

Сары тазыдан күй кетті.

Итаяқ етіп қауақты,

Ін қазып алды жерден бұл.

He қылсын обал-сауапты

Көкайыл келін,

көркеуде ұл?

Кесектеп қуды,

«кет» деді,

Ит жайлы нені біледі ел?

Сары тазы қырға беттеді,

Сары шал жатқан қыр еді ол.

Жетті әзер сүйреп сүлдесін,

Жылады әлсіз үнімен.

Кереге мола іргесін

Тырналап шықты түнімен.

Тоқтатып жүрек ырғағын,

Көз нұры сөніп баратты.

Көтеріп қан-қан тырнағын,

Қып-қызыл болып таң атты.

Жылатып баурын тастың да,

Серпіген түннің түнегін

Қып-қызыл күннің астында

Сары тазы барын білемін.

«Сен кімсің?» - дейді,

сұрайды Ар

Тазының әлсіз үнімен.

Кеудемді менің бір ойлар

Шығады тырнап түнімен.

Сарыадыр жаққа сары күз келді,

Сарбалақтанды күріштік.

Шақырар ма еді тағы біздерді

Күдері белдер күміс түк.

Дария сондай ағады күліп,

Сергітіп бойды түнгі ызғар.

Шық болып шөпке қалады ілініп

Түнімен жауған жұлдыздар.

Толқытып өтті ауыр да мұңды ой,

Тобыр қаз үрке жалт қарап.

Бұл мен ғой келген,

бауырларың ғой,

Е-еһ-ей, құстар ақ қанат.

Тең өскен талы, тербелген көлі

Өз үйім - өлең төсегім.

Сенбеңдер деймін, сенбеңдер мені

Қатал боп кеткен десе кім.

Тыраулап ұшқан тырналар анау,

Ұзады созып өлеңін.

Апыр-ай, шіркін,

бір қарамады-ау,

Бөтені ме едім мен оның?!

Сансыз армандар санамда қалып,

Тұрамын оқшау төбеде,

Айқайлағандай аралда қалып

Алыстап кеткен кемеге.

 

Сағдише сүю

 

Бірінші өлең

Балақ жүні тәрізді бадана көз қыранның,

Жел мен құздан мен сені мәңгі қорғап

тұрармын.

Жеті өлікке жан берген Баһауаддин секілді,

Шала жансар ойларды өр өлең ғып

шығардым.

Хорезмдік бауырдың керуеніндей шұбалып,

Өте берсін уақыт шаттанып не жыланып.

Құрма гүл мен Құранды қалай сүйсе арабтар,

Дәл осылай мен сені әспеттеймін - бүл анық.

Біздер алғаш таныстық жағасында Сейхунның,

Қалай өтіп кеткенін білмеуші ек-ау кей түннің.

Біледі оны сол талдар, сосын мына толған Ajh,

«Толған Айға мен жоқта қарай жүрші» дейтінмін.

Бөйіт оқып ұзақ тун, сәл мұңдылау бейнемен

Қорым жаққа барғанда жырлармын-ау кейде мен.

Зиратыңның әманда ық жағынан өтермін,

«Шаңға көміп кетермін» деген нәзік ойменен...

Екінші өлең

Басым қатты, жамиғат, жүйке тозды,

шаршадым,

Тарих, тарих... тарихқа үңілдім мен қанша күн.

Шәмшия-жыр тіпті де ұстатпады қолыма,

Іздеген ем шоқайын киіп алып Жаншаның.

Ән сал деп ем, «Сал-салды» бастап кетті шал бірден

Мұқтасардың мақамы секілденген зарлы үнмен.

Абыз айтқан қиссаның бірі де жоқ жадымда,

Тек, тек қана «Ләйлі мен Мәжнүнді» ұстап қалдым мен.

Соға бердім айналып, соға бердім сүюге,

Ұқсастық бар менімен пәруананың биінде.

Жауып тастап Әнетті, Жәмиді алып қалып ем,

Ала қашты ғазалдар арман атты иірімге.

Ай да батқан бір кезде,

тұмшаланған күн анау,

Бірақ, бірақ қалай да сөнбей келген бір алау.

«О дүние» дегенді Мұхаммедің емес, дос,

Алғаш тапқан, мен білсем, ғашық жандар шығар-ау!

 

 

Экспромт

 

Күзгі желік күллі алапты күпір ғып,

Астап-кестен, не боп кеткен бұ тірлік?

Шетен ғана қызарады шет тауда,

Ұялады - оған дағы шүкірлік.

Шетен ғана өрттей жанды қияда,

(оған бола, күз айылын жия ма?)

Шешең байғұс сен туғанда, әттең-ай,

Шетен бесік неге алмаған, би аға!

«Үйренем қазір мен одан,

Бір мін жоқ, шіркін, жырында.

Ақын қыз!» - деді сері ағам,

Сұлу қыз еді ол, шынында.

Күтпеген жерден шықты егес,

Әңгіме қызға ауғанда.

- Әрине, - дедім, - мықты емес,

Әдемі бірақ, дау бар ма?

Қанша рет өстіп шатылдық,

Мейлі, аға, мені тентек де.

Пайғамбарлық пен Ақындық

Бұйырған бастан еркекке.

Демеймін сізді құптайды,

Расы - бәрі далбаса.

Әйелден ақын шықпайды,

Биші не күйші болмаса.

Жоқ жерден пәле табатын

Күндерім менің, күндерім.

- Феодалсың! - деді шал ақын,

- Атама тартқам, шын, - дедім.

Сейілді кейін бар өкпе

Үйіріп алған не мені.

Әйелдер жеңсе, әдетте,

Тек сүйіп қана жеңеді.

Білмейміз әйел затын біз,

Өтеміз білмей өмірден.

- Мықтысың! - деді ақын қыз,

- О, мұның рас, - дедім мен.

Жылытады әйел сыздарды,

Шуағын шашып төбеңнен.

Өлең жазатын қыздарды

Аяймын іштей, дегенмен.

қазақтықта менімен бірге жүрді...

ол...

«Бабырнама»

Арғымақ ару аттар жалында

Жел ұйықтайды бұл түнде.

Кешегі кескекті ерлер барында,

Ол ұйқы он бұзылар еді бір күнде,

Ал айташым, айтар болсаң, сол ерлерді айт, іркілме.

Әзір сарай кезіңде

Әркімнің де сыйы бар

Оңнан, солдан құйылар.

Жалпы сөзді жалқы етіп,

Қарайған қараорманың тәрк етіп,

Қазақ шығып көрдің бе?..

Қазақ шыққан кезіңде

Қасыңда болған азамат,

Әне, соны пірім дегін сыйынар.

Некесіз туған замана

Тұз құйғанда жараға,

Жарақты әскер жасанып,

Қанша рет қазақ шықтың қасарып,

Қара өлең, жаным сенен садаға.

Тосын да тосын, тосынның

Тобын жарып өте алмай,

Тоқырау судай тосылдың,

Әзіз сұңқар басыңмен

Тобан аяқ топ қарғаға қосылдың.

Ал айташым, айт, сонда

Қазақ екеніңе күмәнданып көрдің бе?

Көрсең, мен сенің досыңмын.

Мен, мен десін, мен десін,

Мен демесе, ерге сын,

Ажалды күн келгесін,

Ақ шырағы сөнгесін,

Қазақ өлсе- көмілер,

Көмілмесе, иманы Хаққа аманат,

Қазақтығың өлмесін.

 

Ұлылық тақырбына медитация

 

Паң Бонопарт, Хан Кене, Темір ерің

Уысында ұстаған төңірегін.

Мен де патша болар ем (ол түк емес),

Бірақ ерінемін.

Есін алып гаремін қарағанның,

Отырар ем қыздарды санап әр күн.

Біріншіден, әйелім қызғаншақтау,

Екіншіден, мен өте пәк адаммын.

Мен де сарай салар ем белеске бір,

Мисыз емен алданар елеске құр,

Жер сілкініп, кенеттен құлап қалса,

Еңбегім еш кеткені емес пе бұл?

Табынатын түк те жоқ, көремісің,

Жетеді ғой, жетпесін неге күшім!

Ішім пысып кете ме деп қорқамын,

Абыз болу, әйтпесе, не мен үшін?!

Баласына қазақтың жиын таң ба-ау,

Сөз бе, тәйірі, әр елдің биін таңдау.

Президент болар ем - уақытым жоқ,

Бұл үш жүзді қосар ем - үйім тарлау.

Қайсысына жетесің көздегеннің,

Құрысыншы, бәріне төзген ермін.

Ұлы адам-ақ болар ем әшейін бір,

Обалына қалам ғой өзгелердің.

0 пікір