Сенбі, 20 Сәуір 2024
1454 2 пікір 1 Ақпан, 2023 сағат 14:08

Журналист Әсет Матаев Мәжіліс сайлауына түспек

Журналист Сейітқазы Матаевтың ұлы Әсет Матаев Мәжіліс сайлауына түсетінін мәлімдеді

Ол бұл туралы әлеуметтік желіге жазды. "Мәжіліс депутаттығына сайлауға түсу ниетім бар. Жеңіске жеткен жағдайда менің Парламенттегі дауысым Алматы тұрғындарының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мүддесін қорғайтын болады.

Мені әр өңірдегі жастар өкілдері, қоғам қайраткерлері, өнер қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әріптестерім қолдап отыр. Олар өзгерістер мен дамуды қалайды. Біреулер дамуды сырттан іздеп жүр. Ал мен өз өмірімді қасиетті Отаныммен байланыстырамын. Біздің ұрпақ көптеген мәселені шешіп, Қазақстанды өркениеттің даңғыл жолына бағыттай алады деп сенемін!", - деп жазды ол.

Айта кетейік, 2022 жылы Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әкелі-балалы Матаевтардың ісін қарап, оларға қатысты 2016 жылғы 9 желтоқсандағы үкімінің күшін жойған болатын. Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылды.

 

Abai.kz

2 пікір