Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Саңлақ 2045 2 пікір 30 Қаңтар, 2023 сағат 15:50

Рыбакина әлемнің 10-ракеткасы атанды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетуі нәтижесінде 25-тен 10-орынға көтеріліп, өз спорт жолында алғаш рет үздік ондыққа енді.

Жекелей сында бұған дейін қазақстандық теннисшілерден ешкім ондыққа еніп көрген емес.

Сондай-ақ Елена Путинцева 47-ден 44-сатыға жоғарылады.

Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.

Қазақстандық теннисшілердің 30 қаңтардағы көрсеткіші мынадай:

(+15). Елена Рыбакина – 2815

44 (+3). Юлия Путинцева – 1114

449 (+34). Жібек Құламбаева – 102

506(+79). Гөзал Айнитдинова – 82

(-73). Анна Данилина – 70

1182 (0). Аружан Сағындықова – 7.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511