Жұма, 29 Наурыз 2024
1407 2 пікір 30 Қаңтар, 2023 сағат 14:49

Ердоған: Швеция бізге өкпелемесін!

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара Финляндияның НАТО-ға кіруін қолдап, Швецияның мүшелігіне қарсы болуы әбден мүмкін екенін айтқан.

Кейінгі аптада Түркия мен Швецияның қарым-қатынасы нашарлап кетті. Анкара Стокгольм былтыр НАТО-ға қосылу келісімін орындамауға құлықсыз болды деп айыптайды. Оның үстіне, Швециядағы Құранды өртеу акциясынан кейін сын күшейе түсті.

Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге былтыр Украинаға соғыс басталғаннан кейін, мамыр айында өтініш берген. Екі көрші мемлекет сыртқы саясатта көп жыл бейтарап болып келген. Енді НАТО-ға кіру келісімін өзара үйлестіруге уағдаласқан.

Ердоған сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде: "Қажет болса, Финляндиядан гөрі Швецияға қатысты шешім басқа болады. Швеция бұл шешімге таңғаралары сөзсіз" деді.

Швецияның НАТО-ға қосылу мүмкіндігіне қатысты сөйлеген Ердоған Стокгольмге Құранды өртеуге қатысты емес, терроризм айыбы тағылған ондаған күрд белсендісін елге қайтаруға қатысты талап қойды.

"НАТО-ға кіргіңіз келсе, бізге сол террористерді беріңіздер" деді Түркия президенті.

Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруі үшін одақтың барлық мүшесі – 30 мемлекет келісім беруі керек. 28 ел келісім беріп қойды, ендігі қалғаны – Түркия мен Венгрия. Венгрия жақында келісім береді деген мәлімет бар.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600