Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2250 0 пікір 19 Наурыз, 2013 сағат 12:26

ҚАЗПОШТА LAZIMA SUE

Қазпошта lazima sue. Немесе суахили тілінен аударғанда «Қазпоштаны соттау керек. Ni unyonge mama yangu ulimi. Ол менің туған тілімді қорлады.
Соңғы күндерде суахили деген сөз Қазақстанда ең көп қолданылатын сөзге айналды. Қызығы ойда жоқта суахили тіліне қызығушылықтың артқаны емес. Қызығы - орысша тілдесетін «Қазпошта» қызметкерлері үшін мемлекеттік тіл мен африкалық тілдің парқы бірдей болғаны.
Пошта байланысының ұлттық операторы басқа да компаниялар сияқты әлеуметтік желіде аккаунт жүргізеді. Осы аптада компанияның Туиттердегі парақшасында төмендегідей полемика болды.
@Arystan Patsha есімді қолданушы: «Фоллоуерлердің арасында мемлекеттік тілді қалайтындар жоқ па екен? Мемлекеттік тілде қатынасатындарға немқұрайлы қарамаңыз!»
@Kazpost: «Среди фолловеров могут быть говорящие на суахили. нам теперь каждый твит переводить? Исползуем самый популярный язык» (Фоллоуерлеріміздің арасында суахили тілінде сөйлейтіндер де бар шығар, енді әрбір твиттімізді аударып отырайық па? Ең ТАНЫМАЛ тілде жазып отырмыз).

Ұлттық оператор осылай, сыздана жауап қатты. Аудар. Аудармағанда ше? Бұл елде мемлекеттік тіл, яғни №1 тіл қазақ тілі, сол тілде татымды ақпарат ұсын. Одан кейін суахили ге аударасың ба, юкатек тіліне аударасың ба, өз шаруаң. Осыны «Қазпоштаның» жілік кемірген қожалары неге түсіндіре алмайды? Сонда Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтін 10 млн. адам мен оқуға келген бірді-екілі зәңгінің айырмашылығы жоқ па екен? Тұтынушыға дөрекілік танытқаны өз алдына, «баспошта» мемлекеттік тілді, онымен бірге бүкіл мемлекетті қасақана қорлап отыр. Қазақ тіліндегі сұрақты түсіне тұра қасарыса өзге тілде жауап қатуы да соның дәлелі.
Неге «Қазпошта» аталатын ұлттық оператордың қызметкері бұлай бетпақтық танытады? Өйткені «қаз» деген жазу «Қазпоштаның» сыртында болғанымен, ішінде жоқ деген сөз. Бастықтары қазақ тілінде тапсырма бермейді, жиналыс өткізбейді, өтініш пен түсініктеме жаздырмайды деген сөз. Компанияның сайтына кірсеңіз, басқарма төрағасы А.Арыстановтың «Ағымдағы мәселелер бойынша көкейтесті түсіндірмесі» де (аударманы қарамайсың ба) тек қана орыс тілінде. Арыстанов мырза Құттықтау сөздері де «танымал тілде» жеткізгенді жөн көреді екен. Әрине, поштаба    й Печкиндер қандай мемлекетте өмір сүріп жатқанын ұмытып кетеді.
Бірден ғаламтор пайдаланушылары компаниядан жауап күтті. «Бұнысы несі тағы! Анық басыну бұл! Пікір иесінің іс басынан аластатылуы шарт!» деді Бекболат Тілеухан. «Қалған көңіл - шаққан жанмен тең. Мемлекеттік тілге немқұрайлы қараған қызметкеріңізге қандай шара қолданасыздар?» деді журналист, блоггер Асхат Еркімбай. Тұтынушылардың түйінді сөзін саясаттанушы Айдос Сарым айтқандай болды: «Егер «Қазпошта» екі-үш тіл білетін қызметкерді жалдап, желіде қарапайым түрде тіл табыса алмаса, онда оның топ-менеджментінің көк тиындай құны жоқ. Қазір нарықта екі емес, тіпті үш тілде қатар сөйлейтін, дөрекілік көрсетпей, мемлекеттік тілге, 70 пайызын құрайтын халықтың тіліне мұрнын шүйіре қарамай, керемет қарым-қатынас жасай білетін  жүздеген, мыңдаған қыз-жігіттер бар. Әлде бұл нарық емес пе? Тұтынушылар емес пе?...»
Тұтынушы дегеннен шығады. Компанияның маркетинг бойынша директоры Марат Шынәлиев: «Туиттердегі бұл аккаунт компанияның ресми аккаунты емес. Оны біз тек байланыс үшін ашқанбыз. Сосын оның құпиясөзін 20 шақты адамға беріп қойдық. Солардың кез келгені пайдалана беретін. Кеше солардың қайсы жоғарыдағы жазбаны жазғанын анықтау үстіндеміз. Егер тапсақ, ол жазасыз қалмайды. Бұл жағдай үшін кешірім сұраймыз», - деп ақталғандай болды.
Құдай-ау, айналасы 20 адамның арасында шовинистік көзқарасы бар адамды анықтау соншалықты қиын ба? Әлде 20-сының бәрі де қазақ тіліне мұрын шүйіре қарай ма? Кешірім сұраймыз дейді. Кешірмегенде қайда барамыз? Газетімізді таратып, құжатымызды жеткізетін басқа оператор болса, «Қазпоштаны» талақ етіп, көшіп кететін едік. Бір «операторға» тәуелді болған соң, кешірмегенде қайтпекпіз? Әйтпесе осы уақытқа дейінгі «Қазпоштаның» туиттердегі 5800 жазбаның 13-і ғана қазақ тілінде. Немесе 0,22 пайыз. Байқаған шығарсыз, кемінде 50/50 деген сорақы талаптың өзі қол жетпес арман болып тұрған жоқ па?..
Д.МӘКЕЖАН

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3542