Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2023
1126 3 пікір 27 Қаңтар, 2023 сағат 11:53

ХВҚ-ның Украинаға көмегі - 16 млрд доллар

Халықаралық валюта қоры Украинаға 16 миллиард АҚШ доллар сомасында көмек беруді қарастырып жатыр. Бұл туралы бейсенбіде Bloomberg хабарлады.

Бағдарламаны іске асыру бірқатар шарттарға байланысты, соның ішінде үлкен жетілік (G7) елдерінің, сондай-ақ елдің қарыздық тұрақтылығын қамтамасыз ететін Украинаның несие берушілерінің мақұлдауына байланысты. Егер мақұлданса, бірнеше жылдық бағдарлама елге бірінші жылы 5 млрд доллардан 7 млрд долларға дейін бөлуді көздеп отыр.

Жоспар наурыз айының соңына дейін келісіледі деп күтілуде. Келісім шеңберінде Украина Үкіметі қаржылық қолдау алу үшін салық түсімдерін ұлғайту, орталық банктен әскери бюджетке түсетін түсімдерді едәуір қысқарту, сондай-ақ мемлекеттік компанияларда корпоративтік басқаруды жолға қою жөнінде шаралар қабылдауға міндеттенді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Тіл жанашыры – Нәзір Төреқұлов

Бағлан Ташимов 2303
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм. Ұлы қолбасшылар...

Бейсенғазы Ұлықбек 2123
Ақмылтық

Билік мыңқ етпеді

Ғаббас Қабышұлы 2492