Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 2545 6 пікір 26 Қаңтар, 2023 сағат 12:08

Шенеуніктердің шетелдегі ақшасы: 530 млрд теңге

Қазақстандық шенеуніктердің шетелдік банктерде сақтаған 530 млрд теңгеcі бар. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті берген мәліметте көрсетілген.

LS- басылымының жазуынша 354 мемлекеттік қызметкер ақшасын 59 елдің банк есепшотына салған.

Бұл деректер мемлекеттік қызметкерлердің және олардың жұбайларының,  мемлекеттік қызметкерлерге теңестірілген адамдардың табысын декларациялау кезінде алынды. Жалпы сома – 529,13 млрд теңгені құраған.

Қазақстандық шенеуніктер ақшасын БАӘ мен Сингапур мемлекетінде сақтауды құп көреді екен. Ең көп қаражат, 308,48 млрд теңге, БАӘ банктеріндегі 22 есепшотқа салынған. Одан кейінгі орындағы Сингапурдың қаржы құрылымдарында 158,04 млрд теңге, 5 есепшотта сақталған. Швейцариядан ашылған 33 есепшотта 36,08 млрд теңге бар.

Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлері ең көп банк есепшотын – 95 есепшотты Ресейден ашқан, ол жерде 3,26 млрд теңге бар. Отандастардың АҚШ-тағы 64 есепшотында 1,1 млрд теңге бар.

Төмендегі кестеде толық мәлімет көрсетілген.

 

Abai.kz

6 пікір