Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
1769 1 пікір 26 Қаңтар, 2023 сағат 11:16

АҚШ Украинаға Абрамс танктерін беретінін мәлімдеді

Құрама Штаттар Украина армиясына Америкада өндірілген М1 "Абрамс" 31 танкісін береді. Оларды жеткізу бірнеше айға созылуы мүмкін. Осылай деп АҚШ президенті Джо Байден 25 қаңтарда мәлімдеді.  

Байден сәрсенбі күні таңертең Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия басшыларымен сөйлескенін 

;feature=youtu.be" target="_blank" rel="noopener noreferrer">жеткізді. Олар Украинаға көмек қолын созуды жалғастыра беретінін, қосымша ауыр техникалар берілуі тиіс екенін, соғыс ұзаққа созылып бара жатқанын айтқан.

АҚШ сонымен бірге НАТО елдері беретін танкілерді қолдануды украин әскеріне үйрететінін мәлімдеді.

Байден "Леопард" танкілерін беруге рұқсат бергені үшін Германияға алғысын жеткізді. Байденнің айтуынша, Украина 50 шақты "Леопард" танкісін алады.

АҚШ президенті НАТО елдерінің күш жұмсауы Ресейге қауіп төндірмейді, олардың мақсаты тек Ресейдің Украинаға агрессиясын тоқтату деді.

Германия сәрсенбі күні Украинаға 14 "Леопард-2" танкісін беретінін мәлімдеп, өзге елдерге немістер өндірген танкілерді реэкспорт жасауына рұқсат берді. Осының алдында Польша, Нидерланд және Испания елдері қорында тұрған "Леопард" танкілерін Украинаға беруге дайын екенін, ол үшін Германия рұқсат етуі тиіс екенін жеткізген.

Abai.kz

1 пікір