Жұма, 29 Наурыз 2024
1665 0 пікір 26 Қаңтар, 2023 сағат 11:14

2022 жылы әлемде 67 БАҚ өкілі қаза тапты

2022 жылы әлемде кем дегенде 67 журналист пен БАҚ өкілі қаза тапты. Бұл 2018 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш деп мәлімдейді Журналистерді қорғау бойынша тәуелсіз комитет (CPJ).

CPJ мәліметінше, Украинадағы соғыстан хабар тарату кезінде 15 БАҚ өкілі қаза тапқан.

Журналистердің дені соғыс басталған кезеңде қайтыс болған. Соңғы рет 2022 жылдың мамыр айында француз операторы Фредерик Леклерк-Имхофф гуманитарлық автобуста келе жатқан кезде, орыстың бомбасынан қаза тапқан.

Қиын жағдайға қарамастан Украинада журналистер хабар таратуды жалғастырып келеді.

2022 жылы журналистер үшін ең қауіпті аймақ Латын Америка болды. Онда кемінде 30 журналист көз жұмды. Олардың дені жемқорлық тақырыбында мәселе көтергендер.

Мексикада 13 журналист қаза тапқан.

"Мексикада журналистерді қорғайтын заңдар бар. Олардың құқығын қорғайтын тәуелсіз ұйымдар бар. Бірақ мұның бәрі журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отыр", - делінген CPJ мәлімдемесінде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590