Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2316 0 пікір 19 Наурыз, 2013 сағат 12:00

Наурызға неге селқос қараймыз?

19.03.2013

Жердің тоңы жібіп, бәйшешек гүл атқан шақта күллі түркі халқы Жаңа жылын атап өтеді. Әдетте, Жа­ңа жыл дегенде көздің жауын алар жарқ-жұрқ еткен шамдар мен сұлу қыздай сыланған әсем қала елестейді. Тәуелсіздік күнімен қабат­­тасып келетін Григориан күн­тізбесінің Жаңа жылын бүкіл халық болып атап өтеміз. Тіпті, бір ай бойы жаңа жылдың дүрме­гіне еріп, сыйлық іздеп, әуре-сарсаңға түсу - қанымызға сіңген әдетке айнал­ды. «Қазақ елінің азат­тығына қол жеткізген күні Жаңа жылдың көлең­кесінде қалды» деп талай шам­дандық та. Бірақ уәжі­мізге құлақ түріп, «сенікі дұрыс» деген бір жан­ды байқасайшы.

19.03.2013

Жердің тоңы жібіп, бәйшешек гүл атқан шақта күллі түркі халқы Жаңа жылын атап өтеді. Әдетте, Жа­ңа жыл дегенде көздің жауын алар жарқ-жұрқ еткен шамдар мен сұлу қыздай сыланған әсем қала елестейді. Тәуелсіздік күнімен қабат­­тасып келетін Григориан күн­тізбесінің Жаңа жылын бүкіл халық болып атап өтеміз. Тіпті, бір ай бойы жаңа жылдың дүрме­гіне еріп, сыйлық іздеп, әуре-сарсаңға түсу - қанымызға сіңген әдетке айнал­ды. «Қазақ елінің азат­тығына қол жеткізген күні Жаңа жылдың көлең­кесінде қалды» деп талай шам­дандық та. Бірақ уәжі­мізге құлақ түріп, «сенікі дұрыс» деген бір жан­ды байқасайшы.

«Ит үреді, керуен көшеді» дегендей жыл сайын желтоқсан айында уәж айты­лады, бірақ келер жылы Жаңа жыл­дың дабы­расына еріп, бәріміз тағы да Аязатаны күтеміз. Байқап отырсақ, көктемнің алғашқы айында тойланатын әз-Наурызға біз дәл Жаңа жылдағыдай дайындалмайды екенбіз. Айналаңызға зер салып көріңізші, жарқылдаған шам, алаулаған от не­месе атылған отшашу көрдіңіз бе? Оны қойыңызшы, мекеме сыртында «Ар­мысың, әз-Наурыз» деген қарапайым сөзді де байқай алмайсыз. Ал қыстың көзі қырауда, желтоқсанның алғаш­қы күнінде-ақ «Жаңажылдық шыр­шаны жағу» деген жасанды мерекені той­лап, бір ай бұрын қаланың әрбір мекемесі­нің сырты келер жылды жазып, тіпті сол жылдың белгісінің суретін салып қояды. Әр жерден тарсылдаған от­шашудың үнін естисіз. Григориан күнтізбесі аз болғандай, 13-қаңтарда еріккен һәм желіккен жастар «Старый Новый год» деп дабырлатады, одан Қытай күнтізбесі бойынша тағы бір Жа­ңа жылын атап өтеді. Сол тарсылда­ған отшашуыңыз желтоқсаннан бастау алып, ақпанның орта шеніне дейін жалғасады.

Бүгін наурыз айының 19-жұлдызы. Бір-екі күнде әрбір аулаға әз-Нау­рыз кіреді. Ал дайындықтың иісі де сезілмей­­ді. Күн мен түннің теңелер шағына са­наулы уақыт қалса да, базбіреулер «Нау­рызды тойлау шариғатқа қайшы ма?» деген сұрақ қойып, елдің есін шыға­рып жүр. Ол ол ма, еліміздің солтүстік ай­­мағын қазақтың Жаңа жылы емес, сла­вян­ның «масленницасы» жайлап алды.  Тіпті Павлодарда «Широкая Маслен­ница» атты жаппай қыдыру мерекесі аталып өтті. Жүзден астам павлодар­лық құбыжық бейнесіндегі қысты орта­ға шығарып, өртеп мәз-мейрам болды.

Яки «алты ай қыстан аман шықтық» деген ишара еді бұл. Әлгі «Масленница­ны» Қазақстан халқы бір апта бойы тойлады. Орталық алаңға жиналып, ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық сипатта аталса, аталған мерекеге ха­лық­тың дайындалғаны белгілі. Әри­не, мерекенің көп болғаны жақсы. Аспанымыз күлкі мен думанға бөленсе несі айып?! Дегенмен, барша қазаққа ортақ мереке, түркі халқының жаңа жылы әз-Наурыз мән-мағынасыз ұсақ мерекенің көлеңкесінде қалмай ма? Жалпы, біз жат мерекені тойлап, өз­ге елдің, өзге халықтың дәстүрін өз ор­тамызға сіңіруге шеберміз. Содан не ұтарымыз бар біздің?

Қит ете қалса «Григориан күнтізбе­сі бойынша Жаңа жылды қарсы алу - Ке­ңес Одағының сүйекке сіңірген таңба­сы. Сондықтан халықтың санасына құйылған мереке бұл» деп ақталамыз. Оған таласымыз жоқ. Бірақ егер біз ел болып Наурызға бір ай бұрын дайын­далып, әз-Наурыз басталды деп көктем­нің алғашқы күні жарияға жар салып, теле­экрандарымыздан әдет-ғұрып, салт-дәстүр, Наурыз мерекесінің мағы­насы мен мәнін халыққа насихатта­сақ, ұлттық мерекенің ұлылығын сезінер ме едік?!

Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522