Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Ақмылтық 4028 13 пікір 25 Қаңтар, 2023 сағат 13:20

Байқоңырды Ресейден қайтаратын кез келді!

Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағын Ресейдің жалға алып отырғанына 30 жылға жуықтады. Байқоңыр қаласы Қазақстан аумағына тиесілі екеніне  қарамастан, ол жерге федералды маңызы бар қала деген мәртебе берілген және заңи тұрғыда құжат бойынша Мәскеу облысына қарайды. Байқоңырдың басшысын да Ресейдің президенті тағайындайды. Әрине, оны біздің президентпен келіседі, дегенмен, ол тек ресмилікті сақтауды ғана білдіреді. Әңгіменің төркіні, біздің жерімізде орналасқан қала басқа мемлекеттің анклавы сияқты рөлді атқарып отыр. Мұның геосаяси қаупі жоғары екені түсінікті. Бұл туралы саясаттанушы Досым Сәтпаев «Айран» Youtube жобасында айтты.

1994 жылы Қазақстан Ресейге 20 жылға Байқоңыр ғарыш айлағын жалға берді. Ресей жылына 115 млн АҚШ доллорын төлеп тұруға келісті. Кейін жалға беру уақыты тоқтаусыз ұзартыла берді. 2004 жылы 2020 жылға дейін созды, кейіннен тағы 30 жылға, яғни 2050 жылға дейін ұзартылды. Осыншама уақыттың ішінде жалға беру құны бірде-бір рет өзгерген емес. 115 млн АҚШ доллоры дегеніміз – Роскосмос бюджетінің бар болғаны 5 пайызы ғана.

Саясаткер Мұхтар Тайжанның айтуынша, бұл кезекті жемқорлық схемасы.

«Біз ешқашан ақшалай алған емеспіз. Жалға беру құнын теміржол локомативтері, вагондары, басқа да құрал-саймандарына, Қорғаныс министрлігіне керекті қару-жараққа, Ресей академиясына әскерилерді оқытуға айырбастадық», - деді саясаткер.

Қазіргі күні Ресейдің ғарыш саласы артта қалған. Оның үстіне Украинамен соғысы, санкциялар, жаңа технологияның жоқтығы Ресейдің Байқоңырдан кетуіне себеп болуы мүмкін екенін айтады сарапшылар.

Бірінші қазақстандық спутник «Казсат-1» 2004 жылы жылы ұшырылды, ал 2008 жылы оның мүлдем істемей қалғаны анықталды. Оған жұмсалған 65 млн доллор сол күйі күйіп кетті. Ал Ресей мен Қазақстанның біріккен жобасы «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені 17 жылдан бері қағаз жүзінде ғана айтылып келеді. Ресми деректер бойынша, оның 2020-2023 жылдарға бюджеті 85 млрд теңгені құрайды.

Ғарыштың технологияларды зерттеу журналының бас редакторы Нұрлан Әселханның айтуынша, бұл біздің жоба да, біздің зымыран да емес. Оған қатты бас қатырудың қажеті жоқ.

«Біз осы уақытқа дейін Протонның көптеген портфельдері біртіндеп «Бәйтерекке» беріледі деп үміттендік. Бірақ «Бәйтеректің» ауыр зымырандардың бір бөлігі бола алмайтынын, оның ешқашан ғарыш кемелерін шығара алмайтынын, оған коммерциялық тапсырыстар ала алмайтынымызды түсіндік. Санкцияларды да ұмытпайық, өйткені зымыран Ресейдікі», - дейді Досым Сәтпаев.

Енді тек қана Байқоңырды өзімізде сақтап қалу міндеті ғана қалды. Сарапшылар ғарыш айлағынан қашан зымыран ұшып шығатынын болжай алмай отыр. Дегенмен отандық ғарыш саласын өз қолымызға алып, дамыту керек деп есептейді. Қазір ғарыш саласын тереңінен меңгеріп, аспан әлеміне тез әрі арзан барудың жолын тапқан Илон Маскпен келісімге келіп, не болмаса басқа елдермен серіктесіп, Байқоңырдағы кеңестік кезеңнен қалған көне жабдықты жаңа технологиямен армастыру керек екенін айтады.

«Байқоңырда Ресей иелік жүргізіп отырған кезде, Қазақстанның ол жерде өзінің технологиясын дамытуға мүмкіндігі жоқ. Ресейдің Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алу мерзімі 2050 жылы ғана бітеді. Оған дейін біз тек өзге елдердің ғарышта саласында қарыштап дамуын тамашалап қана отырамыз. Қазақстан осы күнге дейін ғарыш айлағын жалға беріп қарап отырғанша, өзінің ұлттық мүддесіне сай ғарыш саласын жасауына болар еді. Ол үшін саяси еркіндік, прогматизм, патриотизм және ақыл керек. Әрі жаппай жайлаған жемқорлықпен күрес керек. Біздің ғарыш айлағымыз бөтен біреудің иелігінде тұрғанда, басқа мемлекеттердің бізбен тәжірибе алмасып, жаңа технологиясын бөлісуі екіталай. Бізге өз инженерлерімізді, конструкторларымызды, ғалымдарымызды шығару керек. Сол кезде мүмкін Қазақстанның ғарыш саласындағы жұлдызы жанып қалар», - дейді Досым Сәтпаев.

Айжан Темірхан

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516