Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
1425 7 пікір 23 Қаңтар, 2023 сағат 13:31

Жемқорлық ісі: Қорғаныс министрлігі не дейді?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің қызметкерлері пара алды деп күдікпен ұстаған адам Қорғаныс министрлігінде істемейді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері пара алды деген күдікпен Қорғаныс министрлігі Ақпараттық технологиялар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қызметшіні ұстады. Аталмыш азамат бұған дейін қорғаныс ведомствосынан жұмыстан шығарылған.

ҚР ҚӘПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Әскер өмірінде жемқорлықты жою үшін Қорғаныс министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып кез келген жемқорлық құқықбұзушылығын болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілініп, тергеліп жатқаны айтылған болатын.

 

Abai.kz

7 пікір