Сенбі, 20 Сәуір 2024
1337 2 пікір 23 Қаңтар, 2023 сағат 13:23

Түркияда Димаштың жеке концерті өтеді

Түркияда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"DimashAli" шығармашылық орталығы 2023 жылғы 6 мамырда Түркияның Анталья қаласындағы Ақдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті туралы хабарлайды", - делінген DimashNews таратқан ақпаратта.

Билеттердің сатылымы dimashali.com сайтында 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады.

Abai.kz

2 пікір