Сейсенбі, 31 Қаңтар 2023
Анық-қанығы 1240 11 пікір 23 Қаңтар, 2023 сағат 12:11

Назарбаевтың өзі мен кеңсесі қанша айлық алады?

Жаңа жылдағы «жаңа» жаңалық. «ҚазТАГ» агенттігінің хабарлауына қарағанда биылғы жылғы бюджетіміз бұрынғы президентіміздің кеңсесін мол қаржымен қарқ қылып тастапты.

Цифр мынадай: Назарбаевтың кеңсесіндегілер алаңсыз жұмыс істеуі үшін оларға биыл 1 миллиард 678 миллион 654 мың теңге бөлініпті. Ал келесі жылы ол тағы да 1 миллиард 994 миллион 569 мыңға бір-ақ көтеріледі. Мұны да аз десеңіз, 2025 жылы бұрынғы президентімізге деген адам айтқысыз мырзалығымыз - еш сөзге келместен 2 миллиард 54 миллион 435 мың теңгені ұстата салатын көрінеміз.

Халық қымбатшылықтың қатты зардабын тартып, қаржыдан қиналып, «шықпа жаным, шықпа», деп отырғанда бұл не қылған мырзалық? Назарбаевқа тікелей қызмет ететіндердің қаржылай ауыртпалығын неге қарапайым халық көтереді? Бұрынғы елбасына Дубайға қашып кеткен қыздары мен күйеу балалары неге қол ұшын бермейді? Олардың барлығы да сол Назарбаевтың арқасында байыған жоқ па? Ендеше сәл де болса қайтарым деген болуы керек қой?..

Жалпы, осы ескі президенттің кеңсесі деген мекеме кімге, не үшін қажет? Әлде отыз жыл бойы билесе де, енді сол жұмсақ орындыққа мәңгілікке жабысып қалуды ойлаған, өзінің шолақ пайымдауынша қаймана халық өзін әлі күнге дейін төбесіне көтереді деген есек дәмемен жүрген қайдағы бір зейнеткер үшін арнайы команда құрып, оларға даңғарадай кеңсе беріп, онымен қоймай, осынау мағынасыз іске миллиардттаған қаржы бөлу қаншалықты қисынды? Бұдан елімізге не экононмикамызға қаншалықты пайда түседі? Ал пайдасы түспесе, мұны кім, неге ашып отыр? Осы сауалдарға жан-жақты да толымды түрде жауап беретін жан бар ма? Әлде халықтың ақшасы әркімнің қалтасына кете беретін, сұрауы жоқ есепсіз дүние ме?

Айтпақшы Назарбаев осы кеңсеге анда-санда келіп-кеткені үшін айына қанша жалақы алады екен?

Жайберген Болатов

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Анық-қанығы

Жақиянов: Маған ашық жала жабуға кірісті...

Ғалымжан Жақиянов 3245
Адасқандар

Мобилизация: Келімсектердің сенері - «дядя Вова!»

Жайберген Болатов 2299
Айқай

Елде ұлттық идеология өте әлсіз...

Бейсенғазы Ұлықбек 1963