Сенбі, 20 Сәуір 2024
1171 2 пікір 23 Қаңтар, 2023 сағат 11:04

Елімізде 2 млн 295 мың зейнеткер бар

2022 жылы қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2,9 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға 883,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 2 022,6 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2022 жылғы желтоқсанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 247,4 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 75,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 172 млрд теңге бөлінді.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 295 мың адам.

2023 жылдың 1 қаңтарында жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 108 761 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 74 950 теңге, базалық зейнетақы – 33 811 теңге.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 10,5% - ға артты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты, сондай-ақ ең төменгі мөлшердің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% - дан 60% - ға дейін ұлғаюына байланысты арттырылды.

Осылайша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақылардың ең төменгі мөлшері 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңгеге дейін артты.

 

Abai.kz

2 пікір