Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Сайлау 2023: 2582 9 пікір 21 Қаңтар, 2023 сағат 15:52

Үш партия: Біз Мәжіліске барамыз!

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына түсіге рұқсаты бар 7 саяси партияны атады. Олар: «Аманат» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл партиясы», ЖСДП, ҚХП (бұрынғы коммунистік партия), «Республика» партиясы мен «Байтақ» партиясы.

Қазіргі уақытта бірнеше саяси партия сайлауға қатысатынын мәлімдеп үлгерді.

Ауыл партиясы:

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы өз қатарында тек ауыл шаруашылығы қызметкерлерін ғана емес, жалпы ауылға жанашыр азаматтардың көпшілігін біріктіреді. Біздің қатарымызда аграрлы сектор, білім және медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бар. Қазақстандықтардың жартысына жуығы ауылда тұрады.

Ауылды, ауылды аумақтарды дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету біздің мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып есептеледі. Бұл - біздің партияның бастапқы және өзгермейтін саяси бағыты. Сондықтан «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы парламенттің төменгі палатасы мен мәслихаттарға сайлау өткізуді құптайды.

Біз Қазақстанда партиялық өрістің кеңейгені мен саяси күштер арасындағы бәсекелестіктің дамып келе жатқандығын көріп отырмыз. Бұл бізді қорқытпайды, керісінше, ынталандырады. Себебі біздің өзіміздің саяси платформамыз бар. «Ауыл» партиясының ауыл және ауылды аумақтарды дамыту концепциясына қосатын өзінің ұсыныстары бар. Сондықтан біз жаңа сайлау циклінде адал және ашық күреске дайынбыз», - деді партия төрағасы.

Байтақ партиясы:

«Байтақ» Мәжіліске барады! Сонымен былтыр күзден бері ел арасында айтылып жүрген жайт, ақиқатқа айналды. Кеше Мемлекет басшысы Тоқаевтың арнайы шешімімен парламенттің Мәжілісі және барлық мәслихат жұмысын тоқтатты. Яғни тарады. Кезектен тыс Мәжіліс һәм мәслихат сайлауы алдағы наурыздың 19 жұлдызына белгіленді. Дұрыс. Бұлда бір Жаңа Қазақстан құру жолындағы саяси реформаның бір тармағы. Жаңа Қазақстанға жаңа депутаттармен, жаңа пар т иялардың саясатқа араласуымен барған жөн. Дұрыс қадам! Алдағы сайлау бұрынғылардан өзгерек. Қазіргі жағдайға байланысты, алдағы сайлау аралас партиялық-мажоритарлық жүйе бойынша өтпек. Сондай-ақ, Қазақстан халық ассамблеясы мәжіліске депутаттар ұсынбайды. Сайлау додасына елімізде тіркелген жеті парт -ия: «Аманат», «Ақ жол», Қазақстан халық п-сы, Жалпыұлттық социал-демократиялық п-сы, «Ауыл», «Байтақ» және «Respublica» түспек. Осы орайда біз Байтақтықтарда осы аламан бәсекеде өз бағымызды сынап, парламентке өтуге тырыспақпыз. Рас, елімізде экология мәселесі ақсап жатыр. Жағдай сын көтермейді. Сондықтан түйіні мол экология мәселелерін парламент мінберіннен көтермек ойдамыз», - деді партия басшысы Азаматхан Әміртай.

ЖСДП:

«Біз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – еліміздегі саяси өзгерістер үшін күресуге дайын жалғыз оппозициялық күшпіз.

Өткен парламенттік сайлау науқанында дауыс берудің әділ өтуіне күмән келтіріп, өз кандидаттарымызды ұсынбай, сайлауға бойкот жариялауды шештік. Енді жағдай өзгерді, заңнамалық шарттар мен билік жүйесінің өзі өзгерді. Сондықтан да, еліміздің болашағы алдындағы жауапкершілікті түсіне отырып, біздің партия алдағы сайлау науқанына қатысу туралы шешімін қабылдады.

Еліміз өмірдің барлық салаларында жүйелі проблемалармен бетпе-бет кездесуде. Саяси және экономикалық ресурстарға қол жеткізу азаматтарымыздың көпшілігіне шектеулі. Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық бұрын-соңды болмаған мөлшерге жетті. Біз мемлекеттіміздің қазіргі қоғамдық-саяси және экономикалық саясатын қабылдамаймыз және қабылдағымыз да келмейді. Біз сайлауға қоғамда жылдар бойы жиылған мәселелерді шешу, азаматтардың құқықтарын кеңейту және саяси жүйені демократияландыру мақсатында қатысамыз», - деп мәлімдеді ЖСДП төралқасы.

2023 жылдың 19 наурызы күні өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысатынын ресми түрде үш партия мәлімдеді. Ал қалған партиялар алдағы уақытта ресми мәлімдеме жасап қалуы мүмкін.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532