Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2087 0 пікір 18 Наурыз, 2013 сағат 05:48

Самат Өтемұратов. Сала қайда, салаға келген бала қайда?

Біздің елдегі бағдарлама біткеннің барлығы қисынсыз қисық жолдармен жүзеге асырылатыны көпшіліктің басын қатырады да отырады. Келеңсіз жайдың барлығы, сол жоғарыда отырған көкелеріміздің, елдегі жайдан мүлде алшақ екендігінен туындап отыр.

Екінші қисынсыз жай, біткеннің барлығы Ережеге бағынатындығы. Оған қоса, сол заңымызбен заңды бағынышты етіп отырған Ережеге, түпкілікті атқарушының бірнеше жікке бөлініп, қосалқы орындаушылардың қолдан тағы да өз талабын қосып, қира - шира, ұшы-қиыры жоқ шабысқа әкеп соқтыруы, мүлде адам басына сыйымсыз болып отыр.

Елге келген мамандардың негізі әлеуметтік салаларға келіп орналасып жатыр. Оған аудандардағы экономика бөлімінің қандай қатысы бар? Білім, денсаулық, мәдениет саласына келген мамандардың тұрмысы, жұмысы мен болмысы, тіпті тіршілігі аталған экономика бөліммен мүлде ұштаспайды. Алынған несие шарттарының орындалуы да экономика бөлімінің бақылауында. Оған сала басшыларының мүлде басы ауырмайды. Тіпті қайтарылмай жатса да, түкіргені бар.

Міне, осы қисық, тіпті қитар көзқарастың кесірінен, салаларды басқарып отырған басшылар мен сол салаларға келген мамандардың арасында ешбір жауапкершілік жоқ. Сол себепті сала басшылары ойларына келгенін жасап бағуда. Келген мамандардың үштен бірі кетіп жатыр. Себебі, сала басшылары мен мекеме басшылары жақтырмағандарын  жұмыстан шығарып жіберуде. Кейбір мамандар саладағы дөрекілікке шыдамай кетіп қалуда. Оған себеп, ай сайын ақша жинау. Басылымдарға зорлап жаздыру, әрбір келген өкілдерге дастархан жаю, мектептегі балаларды жарысқа апару, мереке сайын шараларға ақша жинау, мекемені ағымдағы жөндеуден өткізу, зорлықпен кітап алдыру, тағы да басқалары.

Ал экономика бөліміне бұл салалар, құзіреті жағынан тіпті бағынышты емес. Барған мамандарды неге шығардыңдар десе, неше түрлі өтіріктерін қоспақтап, түсініктеме жаза салады екен.  Ал аудан әкімшіліктері елге келген маманмен келісім-шартқа отырғанда, тек маманның ғана жауапкершілігі басымдық алады. Бұл жайларды қалай түсінуге болады? Маман - аудан әкімдігіне немесе экономика бөліміне жұмыс жасауға келіп жатқан жоқ қой. Сала қайда? Салаға келген бала қайда? Ол кімнің босағасын тоздырып жүр? Сала мен салаға келген маманның арасындағы жауапкершілік қайда?

Ауылға келген мамандардың көпшілігі көп ұзамай келген ізімен кері қайтады. Яғни, ізінше, алған көтерме ақылары және үй сатып алуға алған несиелерін кері қайтаруда.

Үй алмақ болған мамандар, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ-ның облыстағы филиалдарына, қайта-қайта шапқылаудан шаршаған соң, өтініштері мен құжаттарын кері қайтарып алып жатқаны, құжат тапсырғандар да сол шапқылау әуресіне түсуде. Себебі, үйді бағалау, жерді бағалау облыс орталықтарында жүргізіліп, қосымша шығындар мен моралдық шаршауға шалдыққан мамандардың көпшілігін бос әурешілік пен налуға әкеп соқтыруда.

Жоғарыда аталған қисықты дұрыстауға көңіл салмаса, біз қайдан салиқалы ойлауға қабілеті бар ел боламыз? Бағдарлама біткеннің барлығы дерлік, бас ауыртатын дүрлікпе.

Сондықтан, бағдарламаға қосалқы орындаушы органдарды қосу, не ашуды тоқтатып, жоспарлы түрде, әр сала өз жұмысын өзгеге арқалатпай, өздері неге атқармасқа?

Салаға келген маманға, көтерме жәрдем ақылар мен несиелер, аудан әкімдігінің есеп шотынан тура салаға аударылып, сала арқылы жүргізілсе ғана аудан әкімінен сұрау, сала басшыларына талап және жауапкершілік болары хақ. Егер тез арада осы жай реттелмесе, жоғары жақта айтылып жатқан ұрандарымыз, жергілікті жерде аяқ асты таптала бермек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530