Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3069 0 пікір 15 Наурыз, 2013 сағат 03:46

Серік Ерғали. Наурыз және патшалар шежіресі

 

Наурыздың патшалар шежіресіне қатысты тарихының жазылуы да қайран қалдырарлық жайт әрі түркілік дәйектермен таң қалдырады. Соның бірі - «Шахнама». Фирдауси өзінің «Шахнаме» дастанына ежелгі аңызды арқау еткен. Бұл аңыздар ежелгі жазбаларда сақталған. Ол бойынша Джемшид (Джамшид) - ежелгі пишдадид әулетінің 4 - патшасы, Тахмурес (Тақмұра?) патшаның ұлы. Авест бойынша оның есімі - Йима. Ол бұл туынды бойынша ежелгі индо-ирандық бақташылық заманына қарасты басты кейіпкерлердің бірі.

«Шахнаманың» бір үзігін келтірейік:

С царским величием создал трон

И драгоценностями его он украсил,

И когда он захотел,див поднял этот трон

Из степи до вершины.

Подобно сияющему солнцу в небе,

Сидел на нем царь, - правитель.

Мир собрался вокруг его трона.

И были удивлены его ореолом и троном,

Осыпали Джамшеда жемчугами,

И этот день назвали новым днем

В начале нового года - Хурмузда Фарвардин...

 

 

Наурыздың патшалар шежіресіне қатысты тарихының жазылуы да қайран қалдырарлық жайт әрі түркілік дәйектермен таң қалдырады. Соның бірі - «Шахнама». Фирдауси өзінің «Шахнаме» дастанына ежелгі аңызды арқау еткен. Бұл аңыздар ежелгі жазбаларда сақталған. Ол бойынша Джемшид (Джамшид) - ежелгі пишдадид әулетінің 4 - патшасы, Тахмурес (Тақмұра?) патшаның ұлы. Авест бойынша оның есімі - Йима. Ол бұл туынды бойынша ежелгі индо-ирандық бақташылық заманына қарасты басты кейіпкерлердің бірі.

«Шахнаманың» бір үзігін келтірейік:

С царским величием создал трон

И драгоценностями его он украсил,

И когда он захотел,див поднял этот трон

Из степи до вершины.

Подобно сияющему солнцу в небе,

Сидел на нем царь, - правитель.

Мир собрался вокруг его трона.

И были удивлены его ореолом и троном,

Осыпали Джамшеда жемчугами,

И этот день назвали новым днем

В начале нового года - Хурмузда Фарвардин...

 

Дастанның қысқаша мазмұны былай өрбиді. Жәмшиттің айуандар мен жындарды (А дивов на рабство властитель обрек.) бағындырып, адамзатқа құл еткені, барлық өнердің бастау алып, өркендегені, тіпті, оның заманында адамдардың таптық топтарға бөлінгендігі, әркім өз қабылетіне қарай еңбек етіп, күн көргені, қарауындағы елдің бар болып, барша мұратына жеткендігі; сөйтіп, үш ғасыр тақта отырған Жәмшитке құт дарып, оның тағы көкке жетіп (Престол небывалый вознес до небес), патшаға алмас жауын (нұр) жауғаны айтылады. «Назвали тот радостный день Новым днем». Бұл күн - «Жаңа күн» аталған Хормоз күні болатын. Ал, әлгі алмас жауынды ай фарвардин еді.

Алайда, уақыт өте келе менменсіген Жәмшит өз еліне өзі тажал болады. Халық сеңдей соғылады, тек бір патшаны пір тұту керек болады. Ақыры оған шыдамаған төрелер мен әскері оны үш жыл жиырма күн ішінде тастап (ханды талақ етіп, қазақ шығып кететін түркілік дәстүр еске түседі) кетеді: «Рассеялась, трон перестав охранять». Сөйтіп, адамзаттың айтулы патшасынан дарыған құты қашыпты. «Его разлучил благодатью Изед, И царь содрагался в предчувствии бед».

Енді бір қызығы, аса бағалы тарихи осы дастанда айтылған уәждер мен ұғымдар түркілік таным мен ұғымға барынша жуықтығына қайран қала отырып көз жеткізуге болады.

1. Жәмшиттің о бастағы есімі Джам (Джем) екені айтылады. Оның тағының нұрлануына орай «сәуле», «нұр» ұғымдарын білдіретін  парсылық «шед» (бұған қазақтың ши сөзі жуық) сөзі қосылған-мыс. Осы тарихи есімге барынша жуық аса ежелгі атау ретінде Ақтөбе, Атырау облыстарының аумағын басып ағатын өзеннің «Жем» аталуы еріксіз еске түседі. Және бұл гидроним әлі күнге лингвистикалық жағынан тектелген жоқ. Бұл өзен атауы қазақтар арасында мойындалса да, бұған қоса осы өзеннің екінші атауы ресми картаға «Эмба» болып түскен. Бұл атауды патшалық Ресей кезіндегі картографтар жергілікті қазақтардан жазып алғанда қате жіберген делініп жүр. Алайда, Жәмшиттің авесталық есімі Йима болып, қазақ өзенінің атауы онымен байланыстылығы рас болса, әлгі тарихи қатеге басқаша қарауымызға тура келеді. Түркілік «м» және «б» дыбыстарының бір бірін ауыстыру қасиеті жиі екенін ескерсек, ежелгі «Йимма» түріндегі сөздің ежелгі түркілік «Ймба» нұсқасы болуы тіпті де ғажап емес. Ал ол қазақылана келе Ембі аталған болар да, оны тілмаштардың орыс картографтарына  «эмба» түрінде жазып бергендігіне күмән аз. Шынында да, Жем өзеніне «Эмба» сөзінің қатыстылығы қаншалықты екенін түптеу - бүгінде тұйыққа тірелген этноономастикалық мәселенің бірі болып отыр.

Назар аударатын тағы бір жайт - дастан бойынша Жәмшиттің ежелгі индо-ирандық бақташылық заманына қарасты басты кейіпкер екендігі. Кім біледі, бақсы бабаларымыз секілді жын-перілерді бағындыру сол Жем бабадан басталса, оның тағы «И когда он захотел, див поднял этот трон Из степи до вершины» делінген тағы орнатылған орын Жем өзені басталатын кәзіргі Мұңал-Жары («Мұғалжар» қатеге ұрынған атау) аталатын Орал тауының сілемі болуы ғажап емес. Қазақ елінің әр аймағынан молаларын алтынға аптаған «алтын адамдар» табылып жатқанда, қазақтың соңғы ханы Кенесары түскен жерге кілем жайып,  әлі күнге «Кілемжайған» атап отырған қазақтың арғы бабаларына бұл ғұрыптың тән болуы әбден мүмкін емес пе?! Бұған қоса нұрлану көрінісін тілейтін Нуырла есімі әлі күнге дейін Жем бойында туылған балаларға қойылып келеді. Бұл есім кәзіргі «Нұрланның» алғы нұсқасы болуы керек. Жалпы, қазақта Нұрлан есімі ХХ ғасырдың ортасында ғана пайда бола бастады.

Тағы бір назар аударарлық жайт, елдің осы бір өңіріне тән қауынның бір сұрпының «Жәмші» аталуы. Жәмші қауын кішігірім болып келеді де, уылжып піседі, оны жұрт кеңес шаруашылығы кезінде «Колхозқауын» атайтын болған. Демек, жәмшіқауын аңызға негіз болған Жәмшіге деген мыңдаған жылдар бойғы құрмет болса ше?! Бұған қоса, аталмыш өңірде Шәмші есімі көп тараған, сірә, бұл есім кәдімгі «шам жағушы» дегенді білдіретін Шамшы сөзі болуы да ықтимал ғой. Адамзат баласына өркениеттің негізін қалап, барлық өнердің ошағын маздатқан бас бабаға бұлайша құрмет етпегенде, баба әруағына бас июден танбайтын ұрпағы не істемек?! Егер бұл сөз Жәмшиттің түркілік нұсқасы болса, ол тәңір - таң атырушы дегенмен парапар танымал мифологиялық тұлға болғаны. Оны араптар да мифологиялық тұлға ретінде Манушалх атайды.

2. Авеста бойынша әрбір күннің атауы болған, демек, әр күннің өз сыйпаты болғаны. Грек тарихшысы Квинт Руф (б.з.д. І ғ.) өзінің «Ескендір жорығы» Ортаңғы азиялық көшегендердің Наурызда қотанға шымқай қызыл мауытыдан киінген 365 бозбаланың шығуын олардың өздеріне сай сыйпаты болғандығынан хабардар етеді. Демек, әрбір тәулік-баланың есімі де болғаны. Олардың қызылтүсті киінуі оттың бөлшегі, Күннің шапағы екендіктерін білдіргені. Ол кезде әр ай түгілі әр күннің атауы болып қоймай, әрбір тәулік Күннің қасиетті мезеті саналған. Осыған орай, Маңғыстаудағы «360 әулие» ұғымы о бастағы әр күнді дәріптеу нанымының жұрнағы болуы ғажап емес. Жалпы, Маңғыстау түбегі ежелгі тәңірлік танымға негіз болған Зороастр дінінің бесігі іспетті. Әрине, бұған арнайы зерттемелік қауқар мен дәрмен қажет.

3. Өз ісіне өрекпіген, өркөкіректеніп, менменсіген Жәмшит бабамыз өз еліне өзі дұшпан болғасын, оның әуселесіне шыдамаған төрелер мен әскері оны үш жыл жиырма күн ішінде тастап кетеді: «Рассеялась, трон перестав охранять». Ал, қай кезде де патшаның гвардиясы әрі көшеген, әрі батыр жұрттан жасақталған жоқ па?! Өз ханына қарсы шығатын да, қажет болса, «қазақ шығып» тастап кететін көшпелі түркі тайпалары емес пе? Демек, безбүйрек Жемді хан көтерген де, «ханталапай» еткен де барыс тұрпатын елтаңба еткен ежелгі тұрандықтар емес пе екен?!

4. И были удивлены его ореолом и троном,

Осыпали Джамшеда жемчугами,

И этот день назвали новым днем... - деген жолдарды қазақ әлі күнге мифологиялық «нұр жауған» деген тіркеспен беріп келеді. Ал, нұр - ерекше батаның берілгендігі мен ырыстың бұйырғандығының нышаны. Демек, ежелгі түркілер «жаңа күн» дегеннің орнына «нуырлы, нұржауған, ырысты күн» атар еді. Тіпті, «нау ырыс» тіркесі сол ырыстың жауын сәтін білдіруі ғажап емес.

Жоғарыдағы тұтасқан ұғымдар жөніндегі уәждерімізді мына бір келтіріндімен бекіте түсуге болады. «Установление праздника приписывается одному из центральных героев мифологической и эпической истории Ирана царью Джамшиду. В Авесте - священной книге зороастрийцев - он фигуририрует под именем  Йима. Рассказывается, что настоящяя имя Джамшида было Джам, но однажды, путешествуя по Ирану, он оказался в одной из иранских провинций под названием Азербайджан.Там он повелел установить украшенный драгоценными камнями трон на возвышенности (гора), обратить его в сторону восходящего Солнца и, увенчав себя короной драгоценных камней, воссел на трон. Восходящее Солнце озарило своим светом трон и корону, увидев это, возрадовались и решили, что день этот отныне будет называться Новым (Нав Руз), а поскольку слово солнце и блеск по персидски звучат как «шид», то царя Джама с этих пор стали называть Джамшидом, то есть блистательным, солнцеподобным Джамом.Так возник праздник...» Шариф Шукуров, «Навруз». «...Блистательным, солнцеподобным Джамом» демекші, бұл сөздер есімізге Алматы маңындағы Таңбалы тасқа қашалған күндидарлы Тәңір бейнесін түсіретінін қайтерсің?!

«Шид» сөзіне барынша мағыналық және айтымдық жағынан сәйкес келетін қазақтың «ши» сөзі, бір түптен шығатын жіңішке де түзу далалық өсімдік ұғымын беріп қоймайды, Күнге еліктеп шығарылған көшегендердің қаң-арбаларының доңғалағының шабағы (шапақ?) да түсініледі. Сонда Джамшидттің ежелгі түркілік нұсқасы «Шамши» болуы да ықтимал, содан барып бүгінгі Шәмші, Шәмшиден есімдері басталуы ғажап емес-ау. Дегенмен, Жәмшиттің қаншалықты тарихи тұлға екендігі әзірге беймәлім.

 

«Нау мен ырыс» кітабынан үзінді.

Нау мен ырыс:пайымдама. /Серік Ерғали. - Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2011. - 2011. - 184 бет.

Abai.kz

0 пікір