Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2193 0 пікір 14 Наурыз, 2013 сағат 05:01

Рахат Әлиев неден үрейленеді?

«Рахат Әлиев үрейленіп отыр». Бұл сөзді басқа емес, Елбасымыздың өзі айтқан болатын. «Рахат Әлиев үрейленіп отыр, - деді Президент. - Оның жасаған істерін қоғамға жария етуіміз керек. Қоғамның көзін жеткізуіміз керек». Рас, Рахат Әлиевтің лаңын ел білуі тиіс. Бірақ, Әбілмәжін Ғылымов болмағанда ол баяғы тайраңынан таймай, сайранын салып жүре беретін еді.

«Рахат Әлиев үрейленіп отыр». Бұл сөзді басқа емес, Елбасымыздың өзі айтқан болатын. «Рахат Әлиев үрейленіп отыр, - деді Президент. - Оның жасаған істерін қоғамға жария етуіміз керек. Қоғамның көзін жеткізуіміз керек». Рас, Рахат Әлиевтің лаңын ел білуі тиіс. Бірақ, Әбілмәжін Ғылымов болмағанда ол баяғы тайраңынан таймай, сайранын салып жүре беретін еді.

Бәріміздің есімізде шығар, «Астана» арнасы тергеуде жатқан «Нұрбанктің» топ-менеджері Әбілмәжін Ғылымовтың шындығын тікелей эфирде жариялап жіберген болатын. Сағатқа созылған ашық эфирде Әбілмәжін Ғылымов шыңғырып шыңырауға кетуі әбден мүмкін шындықты жария етті. Содан кейін барып ол басына азаттық алып, Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновке іздеу жарияланды. Қысқасы, Рахат Әлиев жалпақ жұртқа жария етілген өзі туралы шындықтан үрейленіп қашты. Әйтпесе оның әлегі мен әлеметі таусылмас еді. Талай боздақ жазықсыз жапа шегіп, түрмелерде шіритін еді. Талай жанның тәлейіне тар соқпақты тағдыр бұйырар еді. Осы Әлиевтің астыртын әрекетін Президентке айтамыз деп «жастүріктердің» бірді-екісі сотталып та келді. Қызметтерінен айрылды. Оппозиция қатарына өтті. Ажал құшты. Қоғамның саяси ойына бұғау салынды. Ел ішін қорқыныш жайлады. Әйткенменде Әлиевфобиясынан әлі арылып болған жоқпыз. Әлиев Батысқа бой тасалап кеткенімен бас-аяғы жұмбақ тосын оқиғалар легі бұрынғысынша жалғасып жатыр. Соның бірі ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастығы генерал-майор Талғат Есетовтің  өлімі болып тұр. Есетов «өзіне өзі қол жұмсап жан кешетін адам емес еді» дейді білетіндер. Бірақ ол желтоқсан айының соңын ала Шымкент қаласының маңында құлаған ұшақтың техникалық ақауына қатысты адам деседі және біреулер. Мәселенің беті бүркемеленген сайын осындай болжамдардың көбейетіні заңды. Енді бір сөзге құлақ түрсек, Есетов соңына құпия хат қалдырып кеткенге ұқсайды. Бар шындық осы хатта көрінеді. Амал кем, егер хат жазып қалдырғаны рас болса, марқұмның  тығырықтан шығар жол таппағандығы ғой. Алайда ол баспасөз арқылы қандай істің болсада ақ-қарасын айтуға, жазуға қақылы әм ерікті еді. Әлиевке қатысты әңгімемізде Әбілмәжіннің ерлігінен еске алғанымыздың себебі енді түсінікті болған шығар дейміз. Біздің жұрт баспасөз деген әлемнің осыншалықты пәрменді екендігін шын мәнінде терең түсініп, қабылдай бермейді. «Қойшы сол газетің мен интернетіңді, телеканал мен радиоңды, айтады, жазады. Одан түк өзгермейді» деп қолды бір-ақ сілтейді. Қала берді «біздің журналистер шындықты жаза алмайды» деген шолақ байламмен әңгімеге нүкте қояды. Солайы солай шығар, бірақ баспасөзбен байланыс жасай отырып қоғамды ығында ұстау мүмкіндігін алаш баласы енді бек ұғынуы керек. Халықтың күші - баспасөз бетіндегі еркіндік пен азат ойда. Сөз бостандығы үшін күресу журналистердің кәсіби міндеті десекте,  елдің ерік-жігері мен рухы ықпал еткен жағдайда ғана  сөз бостандығы сөз бостандығы бола алады.

Ал енді кешелі-бергі Әлиевке қатысты сөзді біз «Тағдыр» қорының табанды жұмысының алғашқы нәтижесі дер едік. Өйткені аталған қор жетекшілерінің бірі Армангүл Қапашева бастаған топ Австрияға талай барды. Зар мұңдарын айтты.  Кәрім Мәсімов үкімет басшысы болып тұрған кезде Австрия елiнiң Әдiлет министрi Клаудия Бандион-Ортнердiң атына Рахат Әлиевтiң бас қауiпсiздiгi толық сақталатыны жөнiнде кепiлдеме хат жiберген болатын. Бірақ бір елдің Премьер-министрі жазған хатқа бір елдің қатардағы министрі «әу» дегенде жоқ. Әйтседе міне, «Тағдыр» қорының Австриядағы қорғаушысы Габриель Лански дейтін кісі келіп Әлиев ісіне қатысты Австрияның жер соты мәселе қозғайтындығын хабарлап кетті. Бұл жайт Әлиевтің үрейін бұрынғысынан әрі ұшыра түскен шығар деп ойлаймыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551