Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3247 0 пікір 14 Тамыз, 2009 сағат 07:58

Қазақстанда 2009 жылғы астық былтырғыдан асады - вице-премьер Шүкеев

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні Бурабайда астықты алқап – Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының әкімдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды президент баспасөз қызметі.

«Жалпы ел бойынша биыл астық былтырғыдан көп болады деп күтіледі. Үш облыс бойынша шамамен 14 млн тонна. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 4,5 млн тонна, Ақмола облысында – 4,9 млн тонна астық жинау жоспарланған», - деп мәлімдеген бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеевтің сөзін баспаөз қызметі келтіреді.

Мемлекет басшысының ресми сайтында орналастырылған ақпаратқа сай, Н. Назарбаев «Қазақстанның астық қоймасы болып табылатын үш облыстағы астық жинауға дайындықтың жақсы атқарылғанын атап өтіп, әкімдердің алдына «жол картасын» іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді».

Әкімдердің берген мәліметтері бойынша, Қостанай облысында биыл астықтық алқап 304 мың гектарға ұлғайып, 4 млн 464 мың гектарға жеткен, Солтүстік Қазақстанда – 200 мың гектарға ұлғайып 3,9 млн гектарға жеткен және Ақмола облысында – 400 мың-ға ұлғайып 4,5 млн гектарға жеткен.

«Астық өнімділігіне келсек, Ақмола облысында орташа есеппен гектарынан 9,8 центнер аламыз деп есептеп отырмыз, бәлкім одан да көптеу болатын шығар, кейбір аудандар 12 центнерден алады», - деген Ақмола облысының әкімі Альберт Раудың сөзін баспасөз қызметі келтіреді.

Қазақстанда 2008 жылы 15,6 млн тонна таза салмақтағы астық жиналған.

0 пікір