Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3401 0 пікір 14 Тамыз, 2009 сағат 07:54

Ресей билігі БТА банктің бұрынғы менежері Вероника Ефимованы Мәскеуден экстрадициялау туралы мәселені шешуді кейінге қалдырды – газет

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – Ресей билігі Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотының ұсынымымен «БТА банк» АҚ корпоративтік бизнес басқармасының бұрынғы бастығы Вероника Ефимованы экстрадициялау туралы мәселені шешуді кейінге қалдырды. Ресейлік «Коммерсантъ» газетінде жұма күні осындай ақпарат жарық көрді.

Еске сала кетейік, халықаралық іздеуге жарияланған В.Ефимованы ресейлік оперативті қызметкерлер шілде айының басында Мәскеуде Қазан вокзалының перронында тұтқындаған. Осыдан кейін ол Мәскеу-Рязан ЖІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Ол сол жерден Қазақстанға экстрадициялануы тиіс болатын.

Бұрын хабарланғандай, алдын ала тергеу В.Ефимоваға 2006-2008 жылдары БТА банк АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовпен, «БТА банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, банктің несиелік комитетін басқарға Ж. Жарымбетовпен бірге 200 млрд теңге көлеміндегі ірі соманың несие қаржысын иемденді деген айып тағып отыр.

0 пікір