Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 2210 1 пікір 13 Қаңтар, 2023 сағат 13:52

Министр: "Банкроттықты қарызды кешірумен шатастыруға болмайды"

Азаматтарды банкрот деп тану – қарызды кешіру акциясы емес. Себебі, мұның заңмен реттелетін салдары бар. Бұл туралы елорда тұрғындарымен кездескен Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.

«Банкроттық әр азаматтың еркімен жүзеге асырылады. Мысалы, үшінші жақтағы тұлғалар өзге адам үшін банкроттықты қозғай алмайды.

Банкроттық деген қарызды кешіру акциясы емес. Оны азаматтар түсінуі керек. Оның заңмен реттелетін салдары бар. Банкрот деп танылған адамдар 5 жыл несие ала алмайды. Сонымен бірге 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды», - деп атап өтті Ержан Біржанов.

Бұған дейін қазақстандықтардың 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алатыны айтылған.

Банкроттық туралы заң рәсімнің үш түрін көздейді. Олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

 

Abai.kz

1 пікір