Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Білгенге маржан 4706 44 пікір 13 Қаңтар, 2023 сағат 13:07

Сатқындық ешқашан ұмытылмайды!

Опасызда Отан жоқ.

Б.Момышұлы.

И.Сталиннің соңын ала Кеңес Одағының билігіне Никита Сергеевич Хрущев келген кезінен бастап, Қазақстанда партия басшылары жиі өзгере бастады. 1954-1959 жылдар аралығында Қазақстан Орталық Партия Комитетінің бірінші хатшылары болып Пономаренко, Брежнев, Яковлев және Беляев тағайындалады. Сол секілді, 1957 жылдың аяғына таман Оңтүстік Қазақстан облысынан Смайыл Юсупов, Қазақстан Орталық Комитетіне хатшы болып тағайындалып, Бюро мүшесіне өтеді.

Осы арада айырықша айта кетерлік жағдай, сол кездегі Теміртаудағы оқиғаға байланысты, Н.Беляев қызметінен босатылып, оның орнына Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев бірінші хатшылыққа тағайындалады. Смайыл Юсуповтың кейіннен еске алған сөзіне қарасақ: «Дінмұхамет Ахметұлы екеуміздің балалық шағымыз бірге өтті. Екеуміз де сол кездегі Алматы іргесіндегі Суфи Зарват атындағы ұйғыр мектебінде оқыдық. Біздің ата-аналарымыз көрші тұрды және өзара жақсы араласты. Оның ата-анасы мен туған-туыстарын менен басқа ешкім жете білмейді», - деген еді.

Д.Қонаевтың билікке алғаш келген жылдарында, С.Юсупов Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің басшылығында жүрді. 1960 жылдың желтоқсан айында (Қазақстанның Солтустік облыстары) Н.С.Хрущевтың ұсынысымен Қазақстан аумағында республикаға бағынбайтын Тың өлкесі пайда болды. Сонымен қатар, осылардың артын ала Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан өлкелері құрылды. Алдағы кезеңде Хрущевтың тағы бір ойы, Шығыс Қазақстан өлкесін құру болды.

1962 жылдың қантар айында Қазақстан Орталық Партия Комитетінің пленумі болып, оған Мәскеуден Кеңестер Одағы Орталық Партия Комитетінің хатшысы Козлов келіп қатысып, Н.С. Хрущевтың тапсырмасы бойынша, Д.Қонаевты орнынан босатып, біріншілікке С.Юсуповты ұсынады. Сөйтіп, сол жылдың қантарының 19 күні Смайыл Әбдрасұлұлы Юсупов Қазақстан Орталық Партия Комитетінің бірінші хатшысы болып бекітіледі.

Сол уақыттағы С.Юсуповтың айтуы бойынша: Д.Қонаевты Қазақстан Ғылым Академиясының Президенті қызметіне жібермек болғанымен, артынан КСРО Орталық Партия Комитетінің екінші хатшысы Л.Брежневтің көмегімен, Қазақстан Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындайды.

«Қасқыр орманға қарап ұлуын қоймайды», - дегендей, ұлты басқа Смайыл Юсупов республика билігіне келе салысымен, Қазақстанның оңтүстігіндегі мақта өсіретін өңірлерді көрші Өзбекістанға қосу туралы пікір көтереді. Оны Хрущевта қосқолдап қолдайды. Сөйтіп, 1963 жылдың 29 қаңтарында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумінің жарлығы шығады.

«О передаче части территории Южно-Казахстанского края в состав Узбекской ССР». « Исходя из общегосударственных интересов, в целях ликвидации разобщенности земель «Голодной степи», их быстрейшего хозяйственного и наиболее рационального использования для увеличения производства хлопка и другой сельскохозяйственной продукции Президиум Верховного Совета КазССР постановляет: передать в состав УССР Кировский и Пахта – Аральский районы, Кзыл – Кумский и Чумкурганский сельские советы Кзылкумского района (қазіргі Отырар ауданы) с общей земельной площадью 95,9 тыс. га., а также 1 554 000 га пастбищных земель Чимкентской области и 1 150 000 га Кзыл – Ординской области находящихся в долгосрочном пользовании Узбекской ССР… Указ вступает в силу с 1 февраля 1963 г.»

Несколько позднее в свою очередь вышел указ Верховного Совета УзССР « О включении данных территорий в состав УзССР».

Сонымен, Қазақстан 3 500 000 гектар аумақтан айырылды. Әрине, кейіннен бұл жерлер қайтарылғанымен, біразы қалып қалды. Мысалға айтсақ, Бостандық ауданы және тағы біраз аумақ. Кінәлілер, әрине, Никита Хрущевтың солақай саясатымен, Смайыл Юсуповтың сатқындық әрекеті еді. Шындап келгенде, қазақтың нанын жеп, суын ішкен Смайыл Әбдрасұлұлының тарабынан қазақ халқына жасалған оңбағандық әрекет деп түсінуге болады.

Дегенмен, 1964 жылы Пицунда курортында демалып жатқан Н.Хрущев, шұғыл түрде Мәскеуге шақырылады. Аяқ астынан ұйымдастырылған Кеңестер Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің Пленумында Сусловтың сөз сөйлеуімен басталған жиналыста Н.Хрущев тағынан тайдырылады. Екінші Хатшы болып келген Л.И. Брежнев біріншілікке шығады. Сөйтіп, досының арқасында Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың ұзақ жылдар Қазақстан басшылығында жетекшілік етуіне жол ашылды.

1964 жылы Өзбекстанның 40 жылдық мерей тойына байланысты мерекеде Л.Брежнев С.Юсуповпен кездесіп, оның өзінің қарамағындағылардың арасында ешқандай беделінің жоқ екендігін және республика аумағындағы өндіріс орындарының айтарлықтай дамый алмай келе жатқандығын айтып, нақты ескерту жасайды. Осыған орай, С. Юсуповтың  Қазақстан Орталық Партия Комитетінің бірінші хатшылығынан кетуін талап етеді. Сөйтіп, 1964 жылы 7 желтоқсанда С.Юсупов орынын босатады. Билікте тұрғанда, барды жоққа айналдырған Смайыл Юсуповтың қазақтың атамекенін бөлшектеуге тырысқан жүгенсіздігін қалай бағалаймыз?

Абай болу, атауын өзгерту билікке парыз!

Шынын айту керек, қазіргі әлемдік БАҚ-та талайлы Шыңжаң тағдырының талқыға түсіп жатқандығын білеміз. Оны әрдайым оқып та жүрміз. Ұйғырлар бауырлас түркі жұрты болған соң, алаңдап, жаның ашиды. Дегенмен, бір жарым миллиардқа жуық қытай елінің құрамындағы кішкентай  ұлт болғандықтан және  бұл,  өзге мемлекеттің ішкі жағдайы  болып  есептелетіндіктен, оған біздің арнайы  мақала арнайтындай  ешқандай жөн жоқ- ау деп ойлаймыз. Бірақ, қазақ елі әрдайым бір нәрсені ұмытпауы  керек. Ұйғырлар қалың Қытайдың құрсауынан шыға алмайтындығын біледі. Сондықтан, (айып етпесін) жасырып - жаппай, ашығын айтар болсақ, біздегі ұйғыр ұлтының өкілдері (этнос) қай уақытта, қай кезде болмасын, кезінде кездейсоқ аталып кеткен ұйғыр ауданын өздеріне меншіктеп, бөлектенгісі келіп-ақ тұрады. Ал, шындығында бұл өңір қазақтың албан тайпасының аумағы. Ұлтымыздың жуастығын, сенгіштігін және салғырттығын пайдаланып, өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға тырысады (өз уақытында жабылып қалған  осы ауданды әдейі ашып кеткен Смайыл Юсуповта кезінде осындай мақсат қойған). Сонымен қатар, бұлардың туу деңгейі жоғары болғандықтан, алдағы уақытта саны миллионға қиналмай жетеді. Ол шындық. Осы орайда, сонау кездегі  кеткен қателікті түзеп, ауданның атауын созбай, бұлталаққа салмай, өзгерту қажет. Біздегі, қазіргі  ұйғырлар тұтас ұлт емес, сол ұлттың  өкілдері ғана. Яғни айтқанда, қазақ еліндегі жүз отыз ұлт өкілдерінің (этнос) біреуі ғана. Мен кішкентайымнан бұлармен қатар өскендіктен, ұйғырлардың мінез-құлқын, олардың неге икемділігін және іші - бауырыңа кіріп тұратын бет-әлпетін  жақсы білемін. Алайда, оңтүстік, батыс және солтүстіктің қазақтары бұларды терең танымайды, түрлеріне қарап, қазақ екен деп ойлайды. Ұйғырлардың қазіргі күндері қазақ болып төл құжатын ауыстырып жатқандары жетерлік. Біздің жоғарғы билік иелеріне айтарым,  бұларды әсіресе, Қорғаныс және  Ішкі істер министірлігіне  жіберіп алмауы керек-ақ. Бұл менің  жеке өз пікірім. Жала жауып, кір жағайын деп отырған жоқпын. Ұйғырдың біреуі қазақ болып кірсе, өзгелерін де жетектеп ала келеді. Алдағы кезеңдерде  полк,  дивизия командирлері болып шыға келмесіне кім кепілдік бере алады, төл құжаттары қазақ болып тұрған соң! Әскеріңе иелік етіп, бірігіп алғаннан кейін, берген жарлығынды бұлар оңайлықпен тыңдайды деймісің! Сондықтан, мүмкіндігінше  қазақ билігі әрқашанда абай болуы керек- ақ. «Сақтықта қорлық жоқ».  Дегенмен, бұл ұйғырлардың аса қадірлеуге, құрметтеуге  тұрарлық ерекшелігі: еңбекқорлығы, ұйымшылдығы және өз тілімен, дәстүрімен жүретіндігі, бұған қоса, қасиетті мұсылман дінінің  ықпалында  тұратындығы.

Ұйғыр ауданының әкімі, осы ұлттың азаматы. Солай-ақ болсын. Ал, неге ауданның ішкі істер бөлімінің қазіргі басшысы, сонымен қатар,  аудандық оқу-ағарту бөлімінің жетекшісі және сол секілді өзге де мекемелердің біріншілері  ұйғырлардан тұру тиіс? Олар не, автономиялық мәртебе алып па еді? Кім бұған рұқсат беріп жүрген? Бұлар республикадағы  жүз отыз этностың біреуі ғана. Солай ғой! Әлде, бұрынғы Алматы облысының  әкімі Амандық Баталов (өздері айтқандай, Баталовтар ұйғырлар болып келеді, - дейді) тағайындап кеткен бе? Әрине, бұларды  жамандайын деп тұрған жоқпын. Ондай, ойымызда  да жоқ. Бірақ, әр нәрсенің өзінің шегі болады. Тағы бір ескертерім, осы ауданның іргесіндегі, бұрынғы таратылған  Шелек ауданын реті келсе,  қайтадан қалпына келтіріп, мүмкін болса  Абай ауданы деп атағанда боларма еді!  Қалай десекте, Абай атамыздың қасиеті осы облысты ұйытып, ұстап тұрсын. Сол сыйақты, анау солтүстіктегі Қостанай, Петропавловск қаласына да Ұлы Абайдың  ескерткішін тұрғызса құба-құп болар еді-ау дейсің. Біздікі әрине, тек қана ұсыныс. Қазақ елі өз күшіне келіп, шартарапқа аты кеткен, дақпыртты мемлекетке айналғанша, қалай да амалдай тұру қажет-ақ!

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

44 пікір