Дүйсенбі, 27 Мамыр 2024
Ой түрткі 2996 2 пікір 12 Қаңтар, 2023 сағат 14:10

«Ұлылық ауруының» жаңа көрінісі...

Күнделіктер жөнінде бірер сөз: Қадірлі әріптестер,  назарларыңызға менің 1969 жылдан (Қытайдан қашып, шекара аттап келгеннен бері) бүгінге дейін әр жылдары жазған үлкенді-кішілі 40-50 дәптерлік күнделіктерімді қайта бір қарап шыққанымда, бүгінгі қазақ оқырмандарына, әсіресе,  қалам иелеріне керекті, құнды жазбалар бар екеніне көзім жеткендіктен, соларды іріктеп баспасөзде жариялауым керек екен деп ұйғардым. Патша көңіл оқырман керегін алар, керексізі қалар.  


Баукеңнің естелік жазу шарттары:

«Дара тұлғалар туралы сөз қозғап, ой толғарда ең бірінші  осы кісіні жазуға моральдық хақым бар ма? Оның алдында арым таза ма? Деген сұрақты қою керек. Бұл образға барар жолдағы естен шығармайтын шарттың бірі ғана... Сәті түсіп бірге отырып жеген қазы-қартаң мен ішкен коньягыңның оқырманға керегі жоқ... Ал «өзі жоқтың көзі жоққа» салсаң, сол адамның қасиетін қастерлеген халық сені кешірмейді. «Да,поньяти бывает еще больной, чем при жизни, потому что она уже принадлежит народу. Акто пытается унизить народную память и любовь, тот преступен, жалок и подл.»

05.02. 2006 жыл. Тараз қаласы.

***

Мен соңғы кездері газет, журналдан тек «Жас Алаш», «Жас қазақ», «Қазақ әдебиеті» шінара «Ана тілі» газеттерін ғана оқитын болғанмын. Соның өзі кемінде 7-8 сағатыңды қағып алады. Обал-ақ бірақ онсыз да болмайды ғой.

Менің есіл-дертім, Шәкең туралы естелік жазуға ауа беретін болды, бірақ оған  уақыт кәне? Мейлі, ой да қиял да пісе берсінші. Естелік жазу оңай шаруа болып па? Онымен тек жеңілтек, атаққұмар, пайдакөс қаламгерлер ғана ойнайтын шығар.

Әмірханның мына бір ойлары маған ұнады. Естеліктер солай жазылуға керек деп білемін. Менің «Шәмшім» бүгінге дейінгілер айтпаған, айта алмайтын сырлы да сыншыл, ойшыл да ойнақы, бірақ ешқашан сайқымазақ адам емес, қарапайым, бірақ пенделермен, пендешілдіктер алдында тәкәббар, білімді, сұңғыла Шәкең болуы керек.

11.02.2002 жыл.

***

Менің Шакең туралы естелік жазардағы, сондай-ақ былайғы өмірдегі  ұстанған қағидаларым Баукеңнің  шарттарына толық сай келетініне кәміл сенімдімін. Мен өзімді адал өмір сүрген, еліме де, достарыма да адал болып келген адамдар қатарына ұялмай, тартынбай қоя аламын. Айтан туралы жазған «Дос туралы толғанғанда...» соның бір жарқын мысалы бола алады. Ал, Шәкең туралы жазғандарымды оқыған кейбір үстірт ойлы жандар «өзін көрсетуге, Шәкеңді төмендетуге ұрынған пендешілік» деп мұрнын шүйіруі де мүмкін. Ал, мен білетін өмір шындығына титтей қылау түсірмегенім, Шәкеңе деген шексіз құрметім мен сүйіспеншілігімді жеткізуге барымды салғаным әуелі бір құдайға, сосын өзіме және жан серігім Марьям Орымбайқызына мәлім.

17.08.2010 жыл

***

Константин Бальмонт (1867-1942)

«Ақын кез-келген сәтте шабытпен өмір сүруі, жұрт алдында өрттей лаулауы тиіс.. Мәңгілік жану жұртты елең еткізу үшін емес, қайта сондай құдіреттің өзінде бар екенін көрсету үшін. Ақын жігері мен рухын жырға құрбандықтай арнауға тиіс.

Поль Верлен француз символистерінің өкілі:  Мәңгіліктің тетігі әуенде. Сондықтан жолды қарыстап өлшеудің қажеті жоқ. Ет пен сүйектен жаралған денеден гөрі, мен көзге көрінбейтін тұлғаға тәнтімін. Тілдің тізгінін тарта берме, дегенмен сөзің де дәмсіз болып кетпесін... Осы әуен жалғаса берсін, бойыңнан жыр тасқыны төгілсін. Сонда, махаббат пен жаңа бір кеңістік алдыңнан жарқ етіп ашылады» - дейді.

Бальмонт осы көзқарасты жақтаушы болған.

***

Мен ақын емеспін ғой. Әйтсе де шын дарынды ақындардың қандай болуы керегін, оның жыр жолдарынан ғана емес, әрбір сөзінен жарқылдаған өмір отын – махаббат пен ғадауат найзағайының сұрапыл шарт-шұрт шарпысуын көргім келетінін сеземін. Сондықтан көптеген қампиған атақтылар мен мақтаулы, әр топтың үкілеген ұшқалақ «бес құйрықтарын» мойындағым келмейді, кежегем кейін тартады да тұрады. Досым Жәркен жаман ақын емес, бірақ ол бұл бағаға әсте қанағат қылмайды. Оны ертеректе «талантты, мықты ақын» демесең пәлеге қалатынбыз. Енді «ұлы ақын, қазақтың Жәркені» демесең пәлеге қалатын болдық. Бұл бір, ақындар арасына таралған «құс тұмауы» тақылеттес дене қызуын, мый, бас қысымы «давление болар» көтеріп жіберетін кәдімгі «ұлылық ауруының» жаңа көрінісі болса керек.

Ой, ағайын, өзіңмен өзің алыспа, өзіңнен өзің ұлы тұлға жасауға жанықпа. Алдымен Бальмонтша лапылдап жана біл. Оқырманды алау отқа қақтай біл. Жылындырып қана қойма, тәңірлік алаумен ұшықтай біл. «Сөз өнері дертпен тең»  деп ұлы Абай текке айтқан ба? «Ауру, тұмау, сұмау» емес, дерт, аурудың асқынған дауасыз түрі.

Ақын ағайындар, жазушы, ғалым әріптестер, Сіздер сау адам емес, дертті адам екендіктеріңізді алдымен өздеріңіз мойындап алыңыздар. Ал, емнің  дауасын іздеу жолында «шығармашылық» дейтін күрделі сауықтыру барысын бастан өткізетіндіктеріңізге  дайын  болыңыздар. Гәп, тек соның ара-жігін, шек-шекарасын, өлшем – мизамын таба білуде ғана. Бақыт та, атақ-абырой да, бақытсыздық пен абыройсыздық  та сонымен бірге шырматылған.

Біздің небір тамаша ақындарымыз ел аман жұрт тынышта,  50-60-70 жылдары қынадай қырылып, баудай түскенін ұмытпаған боларсыздар. Қасым, Төлеген, Төлеужан Ысмайылов, Мұқағали, Жұмекең, Жүсіп, бертінгі  Жақыпбаев бастаған қырқылжыңдардың қайғылы қазалары кімді, қаншалық ойландырды екен?

Ақын, алдымен адам болуы, «толық адам» дәрежесіне ұмтылыс жолында ерекше дертті адам екенін ұқсын.  Бейбіт, бір келкі өмір ағысында кезіккен азды-көпті тосқауылдар мен кедергілерді бұзып өтер күш-қайратты өз бойынан таба алмай, араққа салынып, өзін де, қасиетті поэзиясын да тәрк еткен жап-жас қыршын жігіттердің осалдығын әлдеқандай қылып дәріптеп, оны қоғамнан, жаман адамдардың оңбағандығынан ғана көріп арашаға түсу де жарасып тұрмаған сияқты.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Қайратың мен ақылың екі жақтап» - дейтін, ұлы ұранды сөз, поэтикалық арнау сөз – олардың кәдесіне жарамай қалған жоқ, жарата алмады.

Тәуелсіз елдің тәуелді ақындары тарихтың бұл сабағын әлі ұғына қоймағанына налиды екенсің. Баспана үшін, даңғаза атақ, темір-терсек, тана-моншақ үшін барын салып жыр арнап, дастан арнап жүрген ақындарынан қашан, қай жерде «ұлы ақын» шыққан еді?

Өзі отқа, алауға өртке жақындай алмай тұрып, өзгені сол оттың алауына қақтауға итермелейтін жыршыларға не айтасың?!  Әрине, ештеңе...

05.02.2006 жыл.

Жалғасы бар...

Әлімғазы Дәулетхан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2353
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2695
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2978
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1773