Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3782 0 пікір 14 Тамыз, 2009 сағат 07:50

ҚР ККМ ИКАО-мен «SCAT» әуе компаниясына ЕО-ға сапарлар орындауға рұқсат беру туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – ҚР көлік және коммуникация министрлігі (ҚР ККМ) халықаралық азаматтық авиация ұйымымен (ИКАО) «SCAT» әуе компаниясына Еуропа Одағына (ЕО) сапарлар орындауға рұқсат беру туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұл туралы көлік және коммуникация вице-министрі Еркін Дүйсембаев жұма күні жарық көрген «Казахстанская правда» газетіне сұхбат беру барысында мәлім етті.

«Біз заң жобаларын жасау барысында азаматтық авиацияны дамытудың барлық жақтарын қамтуға тырыстық. Онда ИКАО-ның талаптары, халықаралық нормалар да ескерілді. «ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі» туралы заң алдағы прогресс үшін мәре алаңы болатынына сенімдімін. Бұл құжаттар қазақстандық әуе компанияларына ИКАО-ның «қара тізімінен» шығуға мүмкіндік береді», - деді ол.

«Бүгінгі күні Еуропаға ұшу сапарларын орындау «Эйр Астана» ұлттық тасымалдаушысына ғана рұқсат етілген, сондай-ақ, біз ЕО елдеріне сапарлар орындауға «SCAT» компаниясына жол беру туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жылдың басында заңдар қабылданғаннан кейін, сапаны бақылау жүйесі нақты жолға қойылғаннан кейін қалған әуе тасымалдаушылары бойынша ИКАО-мен диалог жалғастырылатын болады», - деді Е. Дүйсембаев.

Бұрын хабарланғандай, 15 шілдеде «Эйр Астанадан» басқа, Қазақстанның барлық әуе компанияларына ЕО-ға ұшу сапарларын орындауға тыйым салынды. Еуропа комиссиясының сайтында жарық көрген, жүйелі түрде жаңартылып отыратын әуе кемелеріне Еуроодаққа ұшуға тыйым салынған әуе компанияларының тізімінде осындай ақпарат айтылған.

«Замбия мен Қазақстанның авиациялық билігінің бақылау жүйелерінде анықталған қауіпсіздікке қатысты кемшіліктер осы екі елдің барлық әуе тасымалдаушыларының ұшуларына тыйым салуға әкелді. Бұл тізімге тек Air Astana қазақстандық әуе тасымалдаушысы ғана кірген жоқ, оның ЕО-ға сапарлары қатаң шектеулер шеңберінде жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

0 пікір