Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Айқай 2527 0 пікір 10 Қаңтар, 2023 сағат 15:00

Аяз келе жатыр

"Ресейді үнемі аяз құтқарып қалды" деген түсінік бар Батыстық ортада. Оған мысал да жоқ емес. Мысалы Наполеон соғысында және Гитлерге қарсы әрекеттерде Ресей әскерін ірі жеңілістерден қақаған аяз құтқарып қалғаны жайлы ақпараттар бар. 

Украинада аязды маусым басталды. Бұл Ресей-Украина соғысындағы алғашқы аязды сәттегі ірі қақтығыстар болмақ. 2022 жылы 24-ақпанда Ресей әскері Украинаға басып кірген сәтте аяздың беті қайта бастаған еді. Артынша көктем шығып, ауа райы жыли түсті.

Херсонды Украина әскері қайтарған соң, екі жақтың шабуылы да бәсеңдеп қалды. Қазіргі таңда қақтағыстар аймақтық негізде төтуде. Көбіне зымыран және артиллериялық соққы алмасу арқылы. бахмут пен Соледар маңында ұрыстар жалғасуда.

Украина әскерінің шабуылға шықпауын жер бедерінің әлі толық қатпауымен түсіндіретіндер бар. Ресей әскері де дәл солай. Жер әлі ондаған тонна болатын шынжыр табанды әскери техниканының жүруіне мүмкіндік бермеуде, алайда алдағыы аптадан бастап Украинада қақаған аяздар басталады. Синоптиктер солай дейді. Бұл ұрыс қимылдарының жалғасуына әсер етеді деп болжам айтушылар бар.

Украина әскері Запорожье бағытында жылжып, Мелитопольге соққы беруді ойлайды десе, Ресей толық Донбассты басып алуға тырысады дейді көпшілік. Алайда барлығы да жер бедерінің қатуына және әскердің қысқы ұрысқа дайындығына байланысты. Украина әскері Сватово маңына қарай жылжуда, бұл Луганск облысы. Ресей Бахмутты алуға ниетті. Аяз келе жатыр...

Abai.kz

0 пікір