Жұма, 29 Наурыз 2024
Құйылсын көшің 3703 13 пікір 9 Қаңтар, 2023 сағат 15:41

Қытаймен шекара ашылды: Қандастар ағыла ма?!

Қытайдың қазақтар тұратын Шынжаң районы 8 мемлекетпен шектесетін ерекше стратегиялық маңызы бар аймақ екені белгілі. Кеше қаңтардың 8-і күні Қытайдың үкімет органдары орталықтың пандемияға қарсы шараларды алып тастау қаулысына сай, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Моңғолиямен, Қазақстанмен арадағы шекара бекеттерінің ресми ашылып, жолаушылардың еркін кіріп-тұруына барлық жағдай жасалғанын жариялады.

Қорғас кеден бекетінен екі автобус жолаушының сағат 10:00-де Қытай тарапына өткенін сүйіншіледі. Олардың көбі туысын көруге барғандар, арасында іскерлік мақсатпен жүргендер де бар екен.

Айтып-айтпай бұл өте қуанышты жаңалық болды. Әлемді коронавирус жайлағалы бері екі ел шекарасы тарс жабылмаса да, соған жете қабыл күй кешті. Пандемияның алдындағы Қытайдағы аталмыш үйрену орталықтары туралы ақпараттар әлемді шулатып, Қытай кісілік құқықты басты орынға қоятын Батыстың ұртоқпағының астында қалғаны Қазақстанды да айналып өтпегені белгілі. Қытайдың ресми органдары түрлі сылтаумен қазақтардың паспорттарын тартып алып, шетелге шығу құқынан айырса да, атажұртты аңсағандар алған бетінен қайтпай, жолын тауып, қара шаңырақты паналаған.

Аяқ астынан дүниеге жайылған тәж тажал Қытайдың көктен тілегенін жерден бергендей болып, шекарасын қымтауға мықты сылтау болған. Қазақстаннан адамдарды ғана емес, жүк вагондарында қабылдамай, шекара өткелінде айлап, жылдап қаңтарып қойған еді. Енді, міне, ақжолтай хабарды біліп, қазіргі күрделі геосаяси жағдайда қазақ көшінің іркіліп, оның орынын Ресейден ағылған орыс көші басқанына алаңдап отырған қалың жұрттың бір жеңілдеп қалғаны анық. Арасында Қытайда пандемияның ерекше қарқын алып тұрғанын алға тартып, шекараны неге жаппайды деушілер де табылып жатыр.

Қытай билігі желтоқсанның 7-сі карантинды алып тастағалы бері, іш жағындағы үлкен қалаларында шетелге шығуға рұқсат беріп жатқаны мәлім болған. Италияға, Жапонияға, Мараккоға барған қытайлық туристерден пандемия белгісі анықталып, әлем елдері сақтық шараларына көшкен.

Енді, міне, алыстағы шетелдер емес, іргесіндегі елдергеде есігін айқара ашып отыр. Кеше 4 кеден бекеті ашылса, енді 17 кеден бекетінің қалғандары біртіндеп ашылмақ екен.

Шынжаңның жергілікті шенеуніктерінің пікірінше, каранти себебінен тоқырап қалған халықаралық сауда, түрлі саладағы байланыстар енді арнасына қайта түседі. Қазақстанмен әуе, пойыз, көлік қатынасы бұдан былай іркіліссіз дамиды.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2278
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596