Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Білгенге маржан 3183 17 пікір 9 Қаңтар, 2023 сағат 13:53

Әлемнің әйгілі адамдары Ислам хақында

Бертран Рассел (1872-1970): Үндістан мен Испания аралығында ислам мәдениеті гүлдеп тұр. Христиандық жоғалтқанды ол жоғалтқан жоқ, қайта нұрландыра түсті.

Бернард Шоу (1856-1950): Егер Англияны, тіпті бүкіл Еуропаны алдағы 100 жылда бірлік негізінде басқара алар мүмкіндігі бар дін қайсысы десек, ол – ислам.

Герберт Уэллс (1866-1946): Ислам әділеттілік пен төзімділіктің ұлы дәстүрлерін қалыптастырып, адамды атына лайықты, сабырлы етіп тәрбиеледі. Оның адамгершіліктің шыңындай ілімін игілікке жаратуға әбден болады...  Ислам ізгілікке, әсемдікке, адами рухқа толы.

Роже Гароди (1913-2012): Ислам – бірінен бірін бөле түсінуге болмайтын өмірлік тірлік пен рухтың заңдары. Исламның негізі – білім     мен сана.   Ислам адамды мүлтіксіз жаратылыс деп біліп, оны ең биікке қойды. Ислам өзіңнің еңбегіңді бағалауды және, өзгеге көз алартпай, тату-тәтті  өмір  сүруді насихаттайды. Ислам әділетсіздік пен теңсіздікті аластайды. Егер  капитализм адамды қанаса, Ислам адамды биікке көтеріп, биліктегілер мен бағынышты адамдарды тең бағалайды,  өйткені Алланың алдында бәріміз  бірдейміз.

Ричард Бёлл (1859-1930): Еуропа күрт құлдыраудың алдында. Сәулетті қақпаның арғы жағында: шарасыздық, бассыздық, өзін өзі өлтірушілік, есіауысқандық, азғындық, нашақорлық пен маскүнемдік, бұзақылық, зорлау-қорлау араласып жатыр. Адами сүйіспеншілік, бір- біріне сенім жойылды. Өлім қорқынышы өктем. Отбасының бірлігі іріп, жатбауырлық жайлады. Үкімет басындағылар бұл тауқыметтен құтылудың жолын таба алмай отыр. Зиялылар тығырықта. Еуропа жанталасуда. Оны бұл қасіреттен құтқаратын жол біреу ғана. Ол – Ислам. Басқа таңдары жоқ.

Мұхаммед пайғамбар (570-632) хақында:                                                 

Карл Маркс (1818-1883): Мұхаммед  христиан мен иудаизмнің  жаңылыс бағыттары қауіпті екенін түсініп, жанпидалық қадам жасады. Түрлі пұттарға табынушыларды Құдай - біреу  екеніне илануға шақырды. Өмірдің мәңгілігін уағыздады. Оны адамзат тарихындағы аса көрнекті  Тұлға деп  қана білуге болмайды. Біз  Пайғамбардың Жерге арнайы жіберілген аспани өкіл екенін мойындауға тиіспіз.

Махатма Ганди (1869-1948): Бүгінде миллиондаған адамның жүрегін еркін баурап алғандардың ең көрнектісі кім екенін білуді ойладым... Сонау бір кездерде Ислам өмірдегі орынын күшпен алған жоқ деп түйдім. Пайғамбар парызын теңдессіз тазалықпен, жанкештілікпен атқарды, достарына және ізбасарларына адал, ержүрек, батыр болды, Құдайға қалтқысыз сеніп, міндетін мінсіз орындады.

Арнау  өлеңдер (орыс  тіліндегі  нұсқалары):

Иоганн Гёте (1782-1832):

Когда-то, цитируя слова Корана,
Умели назвать и суру и стих.
Любой мусульманин, молясь неустанно,
Был совестью чист и чтим меж своих.
У новых дервишей - больше ли знаний?
О старом, о новом кричат вперебой.
А мы что ни день, то больше в тумане.
О, вечный Коран! О, блаженный покой!

 Александр Пушкин (1799-1837):

Творцу молитесь, он могучий:
Он правит ветром, в знойный день
На небо насылает тучи,
Дает земле древесну сень.
Он милосерд, он Магомету
Открыл сияющий Коран.
Да притечем и мы ко свету,
И да падает с очей туман.

Михаил  Лермонтов  (1814-1841):

…Я жизнь постиг;
Судьбе, как турок иль татарин,
За всё я равно благодарен;
У Бога счастья не прошу
И молча зло переношу.
Быть может, небеса Востока
Меня с ученьем их пророка
Невольно сблизили…
У речки, следуя пророку,
Мирной татарин свой намаз
Творит не поднимая глаз …

Лев Толстой (1882-1910): Мұхаммед пайғамбар – ұлы басшы. Ол қоғамды ақиқат әрекетімен ұйытты, оны бір сол үшін-ақ құрметтеуге болады. Ол адамды қантөгістен сақтап, бейбітшілікті негіздеді. Адамдарды рухани биіктерге бағыттады. Ондай адам баршаның  ардақтауына анық лайықты.

***

Лев Николаевич Толстой әкесінің меншігіндегі  Ясная поляна деген жерде (Тула облысы)   туып-өсті. Әкесі қайтыс болған соң ол жерге ие- мұрагер болды. Қабірі де сонда. Өзі өсиет еткендей, жерлеуіне билік, шіркеу қызметкерлері қатыстырылмады; қабірі басына ешқандай  белгі қойылмады, аты-жөні жазылған тақта орнатылмады, гүл шоқтары апарылмады. Талдан тоқылған шарбақ-қоршаудың ортасында төмпешік қана бар. Ертеректегі мұсылманның қабірі. Орыстың бұл ұлы жазушысы  әлем діндердің біразын зерттеген. Ең адамгершілікті әділ дін – мұсылман діні деген ұйғарым жасаған. «Библия»  мемлекет басшылығының ыңғайына қарай алып-қосып жазылып, өзгермелі болған, қазірде де солай, деген. Сол шындығы үшін шіркеу оны қудалаған, «діннен безген күнәһар» деп жариялаған. Толстой ол әділетсіздікке күйінбеген. «...Православные считают меня дьяволом. Признаюсь, что это тяжело мне... И потому, пожалуйста, смотрите на меня, как на доброго магометанина, тогда всё будет прекрасно" деп жазып,  жоғарыда айтылған өсиетін айтып, шығармашылық жұмысын жалғастыра берген.

Альфонс Ламартин (1790-1869): мақсатының жарқындығы, жаратылысының қарапайыдылығы, еңбегінің ерен нәтижелілігі – ақыл-ойлы  адамның үш қасиет десек, бұл тұрғыда бүгінгі тарихтағы ұлылардың қайсысын кім Мұхаммедпен теңестіре алады?!

Константин Бальмонт (1867-1942):

Не позабудь: Коран – остереженье,
Он указание, куда и как идти.
В его строках – всегда внушенье,
И означение пути.

Федор Тютчев (1803-1873):

О, наша крепость и оплот,
Великий бог, веди нас ныне,
Как некогда ты вел в пустыне
Свой избранный народ!..
Алла, пролей на нас твой свет!
Краса и сила православных,
Бог истинный, тебе нет равных,
Пророк твой Магомед!..

Отто Бисмарк (1815-1898): О, Мұхаммед! Сенің замандасың болмағаныма өкініп жүрмін. Адамзат қалаулы ардақтысын бір рет көрді, енді көрері болмайды. Сені шынайы құрметтеп, басымды идім.

Петр Чаадаев (1794-1856): Мұхаммед теңдессіз. Бірде-бір адамның жүрегіне нәр бермеген, ауыртпалығын жеңілдете білмеген, сенімін ақтай алмаған, адам атаулының біртұтастығын қастерлеудің орнын оны бөлшектеген берекесіз ақылдысымақтардан  Ол әлдеқайда биік!

Бернард Шоу: Егер бұл әлемді Мұхамедтей адам басқарса, мәселенің бәрі де оң шешімін табар еді, өмір бүгінде жоқ тыныштыққа кенеліп, бақытқа бөленер еді. Мен ол ғаламат адамның ғұмырын зерттедім, діни алалықтан аулақ оны Адамзатты қорғап сақтаушы деуіміз керек...

Иоганн ГЁТЕ: Ол – ақын емес, Пайғамбар Мұхаммед. Ол бізге жеткізген Құран – еріккеннің ермегі үшін, немесе  жалпы сауат ашу үшін жазылған кітап емес, құдайдың заңы.

Пандит Гянандра (1949): ...Олар (Мұхаммедті сынаушылар) дүниенің жарығы орнына отты көріп, жақсылықтың орнына берекесіздік жасап, жақсылықты үлкен кемістік деп жүр, ол – өздерінің кемістігі... Сыншылар соқыр. Олар Мұхаммедтің қолындағы жалғыз ғана «семсердің» мейірімділік, қамқорлық, достық, кешірімділік, жауды тұқыртып, оның жүрегін тазарту құралы  екенін түсіне алмайды. Ол құрал болат семсерден әлдеқайда өткір.

Александр Мен, православие діндары, протоиерей (1935-1990): Мұсылмантекті біреулер пәлен жерде зорлық-зомбылық жасады, дегендей сөзді естігенімде оған әсте сенбеймін. Олар – мұсылмандар  емес! Олар – діндар адам атынан аулақтағы біреулер! Бізде құдай – біреу. Оның өсиеті бізге ортақ. Егер оны бейбастақтықпен бұзғандар болса, біз ол үшін Пайғамбар немесе Киелі кітап  кінәлі деп ойламаймыз да.


Мұндағы кейбір авторлардың көпшілікке белгісіз болуы мүмкін, сондықтан кімдер, қай елден екенін қысқаша ғана  баяндайын:

Бертран Рассел – Британияның (Англияның) философы, қоғам қайраткері.

Герберт Уэллс – ағылшын, жазушы.

Бернард Шоу – ағылшын, жазушы-драматург, қоғам қайраткері, Нобель силығының иегері.

Роже Гароди – Францияның жазушысы, саяси қайраткер.

Рихард Бёлл – ағылшын, Шығыстанушы. Құранды зерттеп, өз тіліне аударған.

Альфонс Ламартин – Францияның ақын-жазушысы, саяси қайраткер.

Константин Бальмонт – орыс ақыны, аудармашы, тарихшы.

Отто Бисмарк – Германияның мемлекет және қоғам қайраткері.

Пандит Гянандра – бенгаль діндары.

***

Бернард Шоу мен Ричард Бёлл исламды болашақтың діні деп ашық айтқан, бірақ халықаралық сионизм, шовинизм күшейіп, әдейі іріткі жасап, Араб әлемін де бүлдірді емес пе?!.

Ғаббас Қабышұлы

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499