Жұма, 26 Сәуір 2024
Аласапыран 2766 4 пікір 5 Қаңтар, 2023 сағат 13:09

Қаңтар оқиғасы: Бас прокурор не дейді?

Бүгін Мәжілісте Қаңтар оқиғалары туралы арнайы тыңдау өтіп жатыр. Жиында бір жыл бойы жүргізілген тергеудің қорытындысы жарияланды. Бас прокуратура қандай тезистерді ұсынды, шолып шығайық.

Мемлекеттік төңкеріс әрекеті болды

«Мемлекет төңкерісі бойынша, бұл өте күрделі де оңай емес сұрақ. Мұның бәрін тергеу кезінде әбден зерделедік. Әрине, мемлекет төңкерісін жасауға оқталу болды. Оны тергеу толығымен көрсетті. Қазіргі кезде бүкіл құжаттардың бәрін тексеріп, қарастырып жатырмыз», - деді Асылов.

Елдің жоғарғы басшылығын ауыстыру операциясы бір жыл бұрын мұқият жоспарланған

«Төңкеріске оқталу алдын ала дайындалып, жоспарланған. Баяндамамда айтып кеткендей, бір жыл бұрын дайындалу кезеңдері болған. Атап айтқанда, бұлардың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері де болған. Діни экстремистер де болды, бұрын сотты болған адамдар да, «ДВК» жақтаушылары да болған. Олардың әрекеттерінен 8 қалада 71 ғимарат өртеніп, бұзылған. Ол қылмыстың бәрі ұйымдастырушылардың себепкерлігімен болып отыр», - деді ол.

«Дикий Арман» ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткен

Ол тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, жиналғандарды бақылауға алып, билікке бірыңғай ультиматум талаптар қою үшін «халық кеңесін» құруы керек болды. Бұл ісін жүзеге асыру үшін Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты белсене көмектескен, сондай-ақ ұйымдасқан түрде «Қазақстан» қонақүйіне келген қарақшыларды қаруландырған қылмыстық топтың белсенді мүшесі Махатов болды», - деді бас прокурор Мәжілістің жалпы отырысында.

Сол кездегі қорғаныс министрі Мұрат Бектенов қарамағындағыларға заңсыз бұйрық берген

«Ол заңсыз бұйрық берді және елде тәртіп орнату бойынша шара қолданбады», - деді Бас прокурор.

Құқық қорғау органының өкілдері қаруды тәртіпсіздік күш қолдану фазасына өткен кезде  қолданған, бұдан соң «қалаларды қарулы содырлардан тазартқан кезде» пайдаланылған. Сондай-ақ қару қолдану Тоқаевтың ескертусіз оқ атуға бұйрық бергеніне дейін басталған.

«Яғни, шабуылдаушыларға оқ президенттің белгілі мәлімдемесіне дейін атылған. Бұл бойынша талқылаулардың барлығы әдейі қоғам пікірін қалыптастыру жағына қарай ойысып барады. Іс жүзінде күштік құрылымдарға қылмыскерлерге оқ ату үшін арнайы бұйрық керек жоқ. Бұл бойынша заң нормалары бар»,- деді Берік Асылов.

Ұйымдастырушылар арасында жоғары дәрежелі шенеуніктер де, ҰҚТ мүшелері де болған

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҰҚК қызметкерлері Кәрім Мәсімовтің нұсқауымен ғимараттарын қараусыз қалдырған

Оның тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысы бойынша ҰҚК ғимараттарын тастап шыққан. Сондай-ақ, басшылықтың пәрменімен Алматы және Жамбыл облыстарының ішкі істер департаменттерінің ғимараттары қараусыз қалдырылған.

Айжан Темірхан

Abai.kz

4 пікір