Жұма, 19 Сәуір 2024
Деп жатыр 2502 4 пікір 4 Қаңтар, 2023 сағат 18:48

Сағынтаевтың салғырттығы. Әкімдікке айып тағылды

Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрмыстық бағаға қатысты әрекетсіздігі үшін әкімдікке айып тағылды. Бұл туралы ҚазТАГ жазды.

«2020-2021 жылдары екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) депозиттеріне қаражат орналастырудан «Алматы» ӘКК 1,2 млрд теңге пайда тапты (пайданың 59%-ы, 2019 жылы «Алматы» ӘКК-нің қызметі тиімсіз болды). Депозиттерге орналастыру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға бөлінген қаражат пайдаланылды.

2020-2021 жылдары азық-түлік бағасының өсу тенденциясы болғанына қарамастан, әкімдік тарапынан ешқандай әрекет жасалған жоқ», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сұрауына жауап бере отырып.

Айта кетейік, аталған кезеңде, дәлірек айтсақ, 2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Сағынтаев Алматы әкімі болып істеді.

Бұған дейін Бектенов «Болашақ» бағдарламасының 3 млрд-қа жуық теңгесі Қазақстанның ЕДБ-не салынып, жоғалғанын айтқан.

Мәжілісмендер квазимемлекеттік сектор субъектілерінің банктік депозиттерін осы банктердің корпоративтік бағалы қағаздарына айырбастауда «ашық» еместігін атады.

Abai.kz

4 пікір