Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Айқай 3763 10 пікір 4 Қаңтар, 2023 сағат 13:42

Елде ұлттық идеология өте әлсіз...

Еліміздің солтүстігі мен батысындағы шекараларды жабу туралы айтқым келіп отыр. Әрине, бұл менің өз пікірім. Ресеймен сауда-саттық, тауар айналымы бұрынғыдай өз деңгейінде жүре беруі тиіс. Онсыз болмайды. Айтайын дегенім, Отанын тастай қашқан қашқындарды (дезертиры), елімізге өткізе беруге тыйым салу қажет. Қанша айтқанымен, олар елін, мемлекетін сатқан адамдар болып табылады. Оны қазір өздері де айтуда.

Сталинның тұсы болса, оларға баяғыда жаза қолданар еді. Дегенмен, қазір заман басқа. Бұл қашқындар біздің елге жол салып алды. Енді, бұлар көптеп келе бастайды. Тағы айтарым, үстіміздегі жылдан бастап, Ресейдің экономикасы біртіндеп құлдырап, құлайтыны анық. Ол бірнеше жылға созылады. Бұл енді шындық! Оның экономикасын Қытай да, Азиялық елдер де құтқара алмайды. Кедейленген Ресей тұрғындары қиыншылықтан шығуға және аш қалмау үшін, қазақ еліне ағылады. Олар біз арқылы үшінші елге енді бара алмайды. Неге десеңіз, бұрынғыдай қалталарында ақшасы жоқ. Тек, жайлы қоныс іздеп, күн көру үшін, біздің елге толып алары бұлтартпас ақиқат. Шынын айтайық, олар қазақ билігінің жалтақ және жуас екендігін біледі. Өз уақытында, сонау 1991 – 1996 жылдары төрт миллионнан аса славян елдеріне кетсе, енді солар қайтып келеді. Тіпті, оданда көп келуі мүмкін. Күн жылып, қар еріп, аяздың кетуін күтуде.

Сондықтан, құрметті биліктегілер! Егер шекарамызды қорқақтыққа салынып, жаппайтын болсақ, сендер қазақ ұлтының обалына қаласыңдар! Келетіндер, еліміздің Азаматтығын керек те қылмайды. Олар, табандап біздің елге жатып алады. Оларды ешуақытта кері қайтара алмайсыңдар. Кері қайтаруға сендерде қауқар да жоқ, сондай-ақ, қорқасыңдар. Азық-түлік бағасының тым жоғарылап кеткендігі де осылардың үздіксіз келіп жатқандығына байланысты. «Мы не должны быть, как «Человек в футляре» из рассказа А.Чехова. Қалай да бірдеңе ойластырыңыздар!

Мендегі құрмет тұту, әр ұлтқа қалай қалыптасты

Әрине, бұл тақырыпқа әр азаматтың немесе азаматшаның өз ойы және пікірі бар. Ол үшін, ешкім-ешкімді кінәләп, жазғырмауы тиіс. Әрбір адамның санасындағы өзіндік бағалауы мен қастерлеп құрмет тұту сезімі, сол жанға әртүрлі жолмен, кейде оқиғалар арқылы қалыптасады. Айтайын дегенім, құрметпен қарау, кейде соларды сағыну: тек қана ата-анаңа, туған-туысқаныңа, дос-жараныңа, жолдас-танысыңа ғана емес, сонымен қатар, еліңе деген ыстық құрметтен бөлек, мынау тіршілік соқпағында түрлі ұлт өкілдерімен біте қайнасып, еңбек еткен кезінде де, не болмаса әскери міндетіңді өтеп, алыста жүргеніңде де қалыптасады екен.

Мен сонау, Кеңес Одағының дүркіреп тұрған тұсында, бір қиырдағы Кола шығанағының жағасына орналасқан Мурманск қаласында әскери борышымды атқардым. Елден аттанғанымызда, бір топ қазақ баласы едік. Североморск қаласына әкеліп түсіргеннен кейін, жан-жаққа бөліп әкетті. Мен Мурманск қаласында орналасқан бөлімге түстім. Ротада жалғыз қазақпын. Күзгі шақырылым болғандықтан, осы өңірге келгенімізде, қараңғыға кіріп кеттік. Сөйтсек, Поляр түнінен бірақ шығыппыз ғой. Бұл жақтың жазы қысқа, қысы ұзақ. Біз келгенде, ауаны шыңылтыр аяз буып тұрды. Казармаға алғаш келгенімде, айналам толы орыстар мен кавказдық жігіттер. Қалың қазақтың арасында өскен маған, бұл оғаштау көрінген. Дегенмен, шыдайтын адам, бәріне шыдайды. Сол кездегі тілмен айтқандай, біз нағыз интернационалдық рота болдық. Бір жылдан кейін кіші сержант, бір жарым жыл болғанда, сержант дәрежесін алдым.

Ротада жүз елудей солдат бар. Мені бір қайран қалдырғаны, осында жүргенімде, серженттыққа тағайындалғандар тұтастай өзге ұлт өкілдері болатын. Негізінен, кавказдық жігіттер, сонан соң, Орталық Азиялықтан мен ғана. Неге екенін кім білсін, славяндардан ешкім болған жоқ. Бірде, реті келгенде, оңаша сәтте, еркінсініп рота командирінен осы жөнінде сұраған едім. Ол алдымен күлді. – Мен орыспын ғой, сендер маған бағынасыңдар, сол жетпейме - деді. Солай деді де, маған қарап тұрып, - егер мен, сенің қарамағыңдағы анау Чирковты сенің орныңа тағайындайтын болсам, сен оған оңайлықпен бағынбайсың ғой, солай емес пе. Тыңдамай, увольненияға қалаға қыдырып кетіп қалар едің. Сол секілді, анау сержанттар: әзірбайжан Аханов, грузин Госиашвили, шешен Бадашевта солай. Біздің орыстардың мінез-құлқы тым босаң, сендерге айтқандарын істете алмайды. Орыстар көп болғанымен, әлсіз келеді. Мен сендерге сүйенемін. Сендер маған есеп бересіңдер. Менің ойлайтыным, қарамағымдағы әскердің полктағы үлгілі және өнегелі ротаның  біріне саналса екен деймін. Мен де жоғарыдағы басшыларымның алдына келгенде сөгіс алып қалмасам екен деп тұрамын. Түсіндің ғой!  Дегенмен, саған ескертерім, сен жігіттерді орынсыз түйгіштеуді, сапқа тұрғызғанда аяқтарынан тебуді доғар, - деген еді. Командир айтқандай, орыс жігіттері шынымен де, ішінара болмаса, жуас, әлсіздеу келетін. Кейде айғайлап ұрысқаныңда, қайсыбірі сорасы ағып, жылап тұратын. Бұл шындық. Олар ешуақытта өзіңе қарсы тұрып, төбелесу немесе соғысуға дәрімендері жетпейтін. Артыңнан келіп ұрып жығуға, жасырынып тұрып, атып кетуге дайын тұрады. Көпшілігі сөздерінде тұрмайды, екі тілді келеді. Мұны еліміздің солтүстігінде де еңбек етіп жүргенімде байқадым. Сондай-ақ, кейбірі болмаса, ішкілікке  жақын халық. Өзгенің еңбегін, бейнетін пайдаланып кетеді. Сондықтан, бұларды, шыны керек, осы уақытқа дейін, әс тұтып сыйлап көрген емеспін, олардан қорықпаймын да.

Менің құрметім, кавказдық елдерге айырықша. Олардың мінез-құлқы, табиғаты мүлде бөлек. Теке секілді, соғысуға немесе жанжалдасқысы келсе, алдыңа қарама-қарсы келіп, қарап тұрады. Айтқан сөздерінен, берген уәделерінен ешқашан таймайды.

Еліміздің алдағы кезеңіне бейнет жүктемейік

Осыдан көп жыл бұрын, ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында, сол кездегі республикамыздың бас газеті, Социалистік Қазақстан ба, әлде Егеменді Қазақстан ба (алғашқы жылдары осылай деп те аталған) немесе Егемен Қазақстан ба еді, қазір ұмытыңқырап тұрмын, міне, осы газетке еліміздің танымал ақыны Хамит Ерғалиевтің, Смайыл Юсупов туралы жазған мақаласын оқыған едім. Сонда, көрнекті ақынның мынандай еске алған сөйлемдері болатын: - Бұлар (Смайыл Юсупов пен Никита Хрущевты айтады) енді бір жылдай билікте тұрғанда, елімізде ұйғыр автономиясын ашып жіберер ме еді, қайтер еді? – деген сөздері бар. Ол кезде отызға да толмаған жаспын. Көп нәрсенің байыбын түсінбейтінмін. Сонда, осы сөйлемдерді оқығанда, қатты шошып кеткен едім. Қазақ елінде, бөгде ұлттың (бұлар мұндағы ұлт емес, ұлт өкілдері ғана ғой, «этнос») мемлекетін құруға болама деп! Біз қазақтар момын, мейірімді халықпыз. Дегенмен, қай уақытта болмасын, өз атақонысымызға аса сақ болуымыз керек - ақ. Кезінде, Кеңес Одағы секілді, кейіннен тарап кеткен Югославия мемлекетінің басшысы Иосип Броз Тито да, Сербияның құрамындағы бармақтай Косовоға да көңіл аудармаған. Артынан қандай жағдай орын алғанын, оны өздеріңіз де білесіздер! Қазақ: «Қарын майды, бір құмалақ шірітеді» - деп айтады. Әрине, ешбір ұлт өкілдеріне кір жағып, жамандық тілемейсің. Олар да жұмыс істеуге, кәсіпкерлікпен айналысуға, оқып - білім алуға тең құқылы! Алайда, менің ашық айтып отырғаным, саналы, сауатты азамат болған соң, еліміздің болашағына көңілің кейде алаңдап тұрады. Алдағы он бес, жиырма жылдан кейін не болады деп. Төл ұлтымыздың өсу деңгейі, елдегі діні мұсылман ұлт өкілдерінен тым төмен. Солтүстікте мүлде туу да, өсу де жоқ. Осыларды кейде салыстырып қарайсың. Бәріміз ештеңені көрмегендей, білмегендей, қорқақтыққа салынып, отырған кресломыздың қамын ойлап, үндемей жүре берсек, арты не болады?

Елде ұлттық идеология өте әлсіз. Мемлекеттік тіліміздің түрі анау, тұтас республиканы қамтый алмай келе жатқаны. Экс-президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсындағыдай, қандастарға квота бөліп, елге шақыру жайына қалды. Тіпті, дүние жүзі қазақтарының Құрылтайын өткізудің өзі неғайбылға айналды. Осындай жалтақтыққа салынуға бола ма? Қазіргі күндері, елімізде жүз отызға жуық ұлттардың өкілдері бар. Олардың да құқықтары мемлекеттің негізін құрған қазақтармен бірдей және солай болады да! Бұл заман талабы. Дегенмен, анау өзбектер, түркімендер, әзірбайжандар, сондай-ақ, өзгелер секілді, қазақ мемлекеті болған соң, алдымен қазақтардың абыройын көтеру және мемлекеттік тілге айырықша мән беру, өзге ұлт өкілдерін солардың айналасына  топтастыру  қажет-ақ! Тіл - біздің жанымыз, егер ол - елімізде өз деңгейіне көтерілмесе, қазақтың алдағы буын өкілдері (қазірде де жетісіп тұрған жоқ) дәстүрімізден, қасиетті дінімізден, атамекенімізде жүріп-ақ азып-тозып, ажырап қалады. Сондықтан, телеарналардағы мемлекеттік тілдің үлесін қалайда көбейту керек. Тіпті, «Хабар» телеарнасын толық қазақшаға көшіру күн тәртібінде тұрса дейсің! Оның уақыты әлдеқашан келді.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

10 пікір