Сенбі, 20 Сәуір 2024
Дей салдым-ау 2680 13 пікір 30 Желтоқсан, 2022 сағат 15:03

Боранбаев: Назарбаевқа жақындардың бірімін!

Бүгін Астанада «АзияГазЧунджа» ЖШС қылмыстық эпизодына қатысты Қайрат Боранбаевтың соты өтіп жатыр. 

Бүгін сотта Қайрат Боранбаев сөз алып, өзіне қатысты сот процессі жайлы пікірін айтыпты.

Қайрат Боранбаев:

«30 желтоқсан күні сотта отырамын деп ешқашан ойламаппын. Сот қарсы болмаса, осы іске қатысты өз ойымды екі ауыз сөзбен жеткізгім келеді.

Осы 9 айдың ішінде маған қатысты түрлі жағдайлар орын алды. Қазақстанда болған «қаңтар оқиғасы» отбасымен (Назарбаев отбасын айтады) байланысы барлардың барлығын қамтығанын түсенемін. Мен де солардың бірімін. Оны барлықтарыңыз жақсы білесіздер.

Бірақ, Конституция кепілдік берген «кінәсіздік болжамы» бар. Онда былай деп жазылған: «Тұлға оның қылмысын дәлелдейтін сот шешімі күшіне енбей жатып қылмыскер деп есептелмейді». Алайда осы 9 ай бойы құзырлы органдар (ҚМА)  мені және менің серіктестімді айыптаумен келеді. Біз бұл істі - «шындықты бұрмалаудың үлгісі» деп атаймыз. Бұл – бизнесті қорқытып-үркіту. Негізгі мақсаттары осы ғой.

Біз қорғаушыларымыздың талаптарын қолдаймыз. Өзімізді балағаттауға жол бермейміз. Олардың (ҚМА-ның) барлық айтқандары – жаптым-жала. Жүрегің айныйтын жала. Қылмыстық тергеу – есеп айырысуға айналмауы керек!

Бұл қорытындысы алдын-ала шешіліп қойған қойылым. Бұл қойылымда қорғалушы тараптың уәждерін сот билігі мен тергеуші органдар аяққа таптайды.

Заң алдында барлығы тең. Сондықтан барлығымыз әділеттілікті талап етуге құқылымыз. Таза, әділ сотты қалаймыз. Мен де осы залда әділ, таза сот өтеді ден үміттенемін.

Құрметті сот! Мен бизнеспен 90-шы жылдарбан бері айналысып келемін. Бұл – қарапайым сатып алу мен сатудың келісімі ғана. Одан әркім өз пайдасын алады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, әлемдік топ 4 аудиторлық компанияның бірі саналатын аудиттік компанияның тексерісі көрсеткендей, компания 300 млн доллар пайда тапқан. Тек қана біздің келісімдер бойынша компания 220 млн доллар пайда көрген. Онда қандай мәселе жайлы сөз болып отыр? Бұл абсурд. «Qazaq Gaz» бен «АзияГазЧунджа» келісімшартында баға формуласы көрсетілген. Онда «ҚазТрансГаздың» маржасы 10 доллар екені көрсетілген. Демек, келісімшартты түзгені үшін ғана олар 20 млн доллар пайда тапты деген сөз. Сонда қандай зиян туралы сөз болу мүмкін?..», - дейді...

Қайрат Боранбаев экс-президент Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы. Ол «Forbes Kazakhstan» рейтингі бойынша, Қазақстандағы ең бай елу кәсіпкердің бірі. Боранбаев жайлы хабар Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталғаннан кейін екі күннен кейін шықты.

Жуырда Қаржылық мониторинг агенттігі «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтады. Оларға сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылуда.

Бұған дейін агенттік Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамаған болатын.

Қазіргі уақытта ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар неғұрлым резонанстық істерді тергеп-тексеру ерекше бақылауда.

Abai.kz

13 пікір