Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Арылу 4623 18 пікір 30 Желтоқсан, 2022 сағат 15:15

КСРО әлемдегі екінші экономика болған жоқ!

Кеңес Одағы кезінде бүкіл ресурс биліктің қолында шоғырланды. Өнеркәсіп өнімдері жоспар бойынша өндірілді. Бұл үкіметке не берді?

Жоспарды орындалмаса, әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылып, сөгіс берілді, көпшілік алдында айыптады, жалақыны қысқартты. Тіпті жоспардың орындалмауына шикізаттың, электр қуатының тапшылығы, құрал-жабдықтардың істен шығуы әсер еткеннің өзінде, адамдар жазаға тартылатын. Сондықтан мамандар жоспарды орындау үшін жанталасатын. Арзан ассортимент, сұранысқа ие емес, бүлінген тауар шығарды. Жоспарды қалай да қамтуға тырысты.

Металлургтердің жоспарында тонна-тонна темір балқыту, станок жасаушылардың мойнында – сапалы станоктар жасау, жобалау ұйымдарының міндетінде – сызбалар санын жоспарға жеткізу, полиция жоспары бойынша қылмыстар санын ашу, сауықтыру мекемелері – айыппұл салынған ұсталған маскүнемдердің санын жоспарға жеткізуі керек болды.

Нәтижесінде металлургтер арзан шойын балқытты, станок жасаушылар сапасыз станоктар жасады, жобалаушылар қосымша гайкалар мен болттарды тек саны бойынша тартты, тергеушілер көбіне кінәсізге қылмысты жаба салатын, сауықтыру мекемелері кешке мейрамхана аралалап, сондағы мас адамдарды тиеп алып кететін.

КСРО ауыл шаруашылығының да күрделі мәселелері болды. Кеңес мемлекетіне барынша көп өнім тапсырту үшін билік ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін ынталандыратын шаралар ұйымдастырды. Бірақ шаруалардың өткізетін көкөністері мен жемістерінің сапасы өте төмен болды. Сондықтан олар ұзақ уақыт сақталмай, көктемге дейін көкөніс базасында шіріп кететін еді. Көктемде КСРО қалаларының тұрғындары жоғары сапалы көкөністер мен жемістерді базарлардан қымбат бағаға немесе импорттық өнімдер келген кезде дүкендерден сатып алды.

Рубльдің еркін айырбасталатын валюталарға, атап айтқанда АҚШ долларына қатысты бағамы жоғары бағаланды. Бұл кеңестік экономиканы АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шығаруға мүмкіндік берді. Кеңес Одағында да табысты кәсіпорындар болды, бірақ олар аз болды әрі олар ерекше жағдайда жұмыс істеді.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2251
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3504