Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3358 0 пікір 13 Тамыз, 2009 сағат 11:25

«Алма-Ата инфо» газетінің сотталған редакторының әйелі Есергепова БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінбекші

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. Жоғарғы сот «Алма-Ата инфо» газетін уақытша жабу туралы сот шешімін күшінде қалдырғаны себепті басылымның бас редакторы, үш жылға сотталған Рамазан Есергеповтың әйелі БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінбекші.

«Біз БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінбекшіміз. Біз тынышталмаймыз, себебі Таразда өткен қылмыстық істі қараудағы Рамазанның тағдыры Алматыдағы арнайы соттың шешіміне байланысты болды. Біздер қазір барлық бұзушылықтар туралы дәлелді сөздер айттық. Газетте жарияланған құжаттар құпия емес екендігін сарапшылар дәлелдеді, бұл туралы барлық қоғам айтуда. Бәрібір, ешқандай түсіндірусіз – жоқ дейді бітті», - дейді сотталғанның әйелі Раушан Есергепова қадағалау коллегиясының отырысынан кейін. 

Ол, тәуелсіз басылым журналистері мен саяси партиялар Р. Есергеповты қорғау штабын құру туралы мәлімдегенін жеткізді. Оның айтуынша, бүкіл республиканы қамтитын кең ауқымды акциялар қарастырылған. «Бүгіннен бастап кейбір басылымдар үкімге наразылық белгісі ретінде газеттерінде бос жолақ қалдырып отырады, одан соң интернет-митинг өтіп, одан басқа тәуелсіз басылым редакторлары наразылық белгісі ретінде аштық жариялайды», - дейді сотталғанның әйелі.

«Бұл газеттің тоқтатылуына байланысты шешім бойынша, және мен Жамбыл облысының аппеляциялық облыстық сотына үміттенемін», - дейді Р. Есергепова.

«Алма-Ата инфо» газетінің журналисті Владимир Воевод қазір соттар, істі қысыммен шешіп отыр деп есептейді. «Р. Есергепов, бас редактор ретінде талай рет жоғары лауазымды шенеуніктерді сынға алған, ол талай рет бас прокурорды, Иманғали Тасмағамбетовты (ол кезде Алматы әкімі – ҚазТАГ), сондай-ақ Аслан Мусинді (қазір президент әкімшілігінің жетекшісі) сынаған. Мен олар кезінде ренжіп қалып, содан сот қазір шешімді қысыммен қабылдап жатқанын жоққа шығармаймын», - дейді В. Воевод.

Естеріңізге салсақ, 8 тамызда №2 Тараз қалалық сотының үкімімен Р. Есергепов жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен үш жыл бас бостандығынан айырылып, оған екі жыл бойы баспагерлік және журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Р.Есергеповты 6 қаңтарда Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД қамауға алды. Оған қатысты ҚР қылмыстық кодексінің «мемлекеттік құпиясы бар мәліметтерді заңсыз жинау және тарату» және «қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану» баптары бойынша айып тағылды. Бұған «Алма-Ата инфо» газетінде 2008 жылдың  21 қарашасында жарық көрген «Кто управляет нашей страной: президент или КНБ?» атты мақаласы себеп болды. Онда Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті бастығының қызметтік хаты жарияланды. Арнаулы қызмет өкілдерінің бағалауынша, бұл хат құпия құжаттарға жатады. Құқық қорғаушылар бұл айыптың саяси астары бар деп есептейді.

0 пікір