Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3090 0 пікір 5 Наурыз, 2013 сағат 04:27

Бүгін «Бір кем дүние» фильмінің көрсетілімі болады

2013 жылдың 5 наурызында сағат 15:00-де Алматыдағы Саяси шешімдер институтында (Төлебаев, 38, Мақатаев көшесінен төмен, «Жетісу» бизнес орталығында, 3-қабат)  «Бір кем дүние» фильмінің көрсетілімі болады.

Көрсетілімнен кейін кино саласының майталмандары  қазақ киносының бүгіні мен болашағы жайында ойларын ортаға салады.

Фильмде қарапайым ауыл ақсақалының өмірі баяндалады. Ақсақалдың арманы - қасиетті мекен - Мекке қаласына сапар шегіп, қажылығын өтеу. Алайда тіршіліктің сансыз сынақтары оның бұл арманына тосқауыл жасайды.  Фильм өмір қиыншылықтарына мойымай күресуге үндейді. Көңілге жігер сыйлайды. Қазақтың санасына сіңіп, бойынан көрініс тапқан асыл құндылықтардың бірі - ар мен ұят секілді ұлы ұғымды қастерлеуге, арзан абыройға, қу дүниеге алданбай, арды сақтауға шақырады.

«Бір кем дүние» фильмнің продюсері һәм сценариін жазған белгілі журналист Орынбасар Балтабайұлы, ал қоюшы режиссері Төлеген Бейсет. Басты рөлдерде - ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері - Оразхан Сәдуақасұлы, Шолпан Сіргебаева, белгілі актерлер - Азамат Сатыпалды, Жалғас Толғанбай, т.б.

Келем деушілерге есік ашық!

Байланыс үшін:

Дания Әлтаева,  тел. 334-21-80 ішкі:132 e-mail: altaeva.d@ipr.kz

0 пікір