Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3905 0 пікір 4 Наурыз, 2013 сағат 11:52

Сахнада – «Ұлы мен Ұры»

М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Ұлы мен ұры» спектаклінің тұсауы кесілді. Белгілі жазушы, драматург Төлен Әбдіковтің туындысын сахнаға шығарған режиссер - Қазақстанның халық артисі Есмұқан Обаев.

Қойылымның бір ерекшелігі, онда кейіпкерлердің ныспысы аталмайды. Оларға Ұлы немесе Ардагер, Ұры, Жур­налист деген секілді жалпылама ат бе­рілген. Ұлы - жұрттың құрметіне ие бол­ған, ардагер-жазушы, профессор. Ал Ұры - қу құлқынның қамы үшін жұрттың мүлкіне қол салып жүрген бейбақ. Кез­дейсоқ осы екі кейіпкердің тағдыры тоғысады. Ұры «сырты бүтін, іші түтін» жанның трагедиялы тағдырымен та­нысады. Танысады да, көп нәрсені көңілге тоқиды.

Жалпы, спектакльді үш бөлімге бөліп қарауға болады. Біріншісінде, ұрымен қарапайым қарт ретінде өмір, адам құндылықтары жайлы сөз қозғаса, екін­ші бөлігінде журналистермен жа­зушы ретінде сұхбаттасып, қоғам, мемлекеттік туралы ойымен бөліседі. Оқиға шарықтау шегіне жеткенде қарттың ұлы келіп, әңгіме әке мен бала арасында өрбиді. Онда отбасылық құндылықтар тілге тиек етіліп, әке мен бала арасындағы пробле­ма көтеріледі. Ендеше, оқиғаны сол бөлімдер бойынша тарата баянда­йық.

Ұры Ардагердің үйін тонауға кірген­де тұтылады. Бірақ қатал қоғамның тәр­биесін көрген, тоқшылықтың емес, тап­шылықтың себеп болуымен осы кә­сіпті нәсіп етіп жүрген жігітті көпті көр­ген қария бірден кешіреді. Тіпті бө­теннің дүниесіне қол сұққан жігітті кінәла­майтын да секілді. Өйткені қарт­тың ішкі әлемінде де бір «ұры» тығылып жатыр. Олай дейтініміз, ұрының: «Мен оңбаған адаммын» дегеніне профессор: «Оған еш қысылма, сен жоқшылықтан ұрлыққа түстің, ал үлкен мағынада алсақ, біз де ұрылармыз. Біз де біреулердің ойын ұрлаймыз да, соны өзіміздің пікіріміз деп жалпақ жұртқа жария етеміз. Оған еш қымсынбаймыз» деп жауап береді. Бірақ бұлай дегенін ұрыны ақтап отыр деп түсінбеуіміз керек шығар. Өйткені жас жігіттің «ұры» деген атағы болғанымен, адамгершіліктен жұрдай емес. Оның бойында баукеспе ұры мен сұрқия суайтқа тән жылпостық жоқ.

Екінші кезекте жазушы тележур­налистермен сұхбаттасады. Тілшілердің тұқыртпа сұрақтарынан мезі болған жазушы ашуға мініп, қоғам жайлы пікірін ашық айтып салады. Жеке басқа табыну, яғни бастықтарға жағымпазда­нудан жалықпаған, құлдық санадан арыла алмаған адамдар жайлы ойын да еш бүкпесіз жеткізеді. Осылайша шын­дықтың бетіне тік қарайтын жазушы ұлына келгенде қауқарсыз. Иә, балаға келгенде қандай ата-ана болмасын әл­сіздік танытады, көңіліне қарайды. Содан болса керек, іргесін баяғыда-ақ аулақ салған перзентінің мінезінде ерекшелік бар. Тәрбиесі бөтен ол жат қы­лық танытып, әкесімен сөз таластыра бастайды. Өзінің ескіден келе жатқан ренішін айтып, әкесінің жүрегіне жара салғанын біле тұра, аяушылық таныт­пайды. Көп айтыстың соңында дана қарт­тың дуалы сөзі оны райынан қайта­рады.   

Негізі, бұл қойылымдағы бас кейіпкер идеал тұлға емес. Оның ұлы мен үйіне түскен ұрының да кемшіліктері жетерлік. Қарт жазушы бір кездері сатқындыққа барған болса, ұлы әкесінің «бетінен алып, төсіне шапты». Ұрының көретін күні белгілі, жұрттың жиған-тергенін заң­сыз иеленумен күнелтеді. Өздерін түр­лі сылтаумен ақтап алғысы келге­ні­мен, үшеуін де адамгершілік ары жібе­рер емес. Десе де, өздері кешіре алмаған қа­те­ліктеріне, олардың әрбір іс-қимылын қалт жібермей отырған көрермен ке­шіріммен қарайтын секілді. Өйткені олардың болмысынан бойын өртеген өкінішті, арамдыққа баспаған таза адамгершілікті көруге болады. Иә, кейде «Ұлы» айтпаған ақиқатты «Ұрының» ау­зынан естуіміз әбден мүмкін. Тіпті ұры істеген қылықты ұлынының да қай­та­лауы ғажап емес қой.

Төлен ӘБДІКОВ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

- Жалпы, қойылым жаман емес. Бірақ Ардагердің журналистермен сұх­баты ашылмай қалған секілді. Мен бұған қатысты пікірімді ұжымға да айттым. Алғаш рет сахналанып жатқандықтан, кейбір кемшіліктерге кешіріммен қарау­ға болады. Сонымен бірге көңілден шыққан тұстары да жоқ емес. Меніңше, әке мен бала арасындағы драма жаман шықпаған секілді. Мұндай жағдай шын өмірде, қарапайым отбасында жиі кез­десіп тұрады. Жалпы, әке мен баланың арасында қақтығыс болмауы тиіс. Қоғам оларды қалай ажыратса да, қайта та­бы­суына не жетсін?! Спектакльде профес­сор: «Әкені данышпан болғаны үшін құрметтемейді, әкені әке болғаны үшін құрметтейді» дейді. Осы сөзінен соң баласы әкесін түсінді. Соңында екеуінің табысқаны мені қатты қуантты.

Сабина ЗӘКІРЖАНҚЫЗЫ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600