Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2796 0 пікір 4 Наурыз, 2013 сағат 11:25

600 миллион теңге және бiтпейтiн “былық-шылық”

Қытаймен шекарадағы "Қорғас" кеден бекетiнiң дауы бiтпей жатып оңтүстiк өңiрден тағы бiр шу шықты. Бұл жолы Қырғызстанмен шекарада. Қаржы министрлiгiнiң кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Аманияз Ержановтың айтуынша, Қырғызстанмен шекарадағы жалған транзиттерден мемлекет 600 миллион теңге зардап шегiптi.

"Қаңтардың 15-16-сы күндерi осындай заңсыз жүк тасыған тағы бiр жүк көлiгi ұсталды. Кедендiк төлемдер мен салықтан жалтарудан мемлекетке 600 миллион теңгеден астам шығын келдi", - дедi А.Ержанов. Заңсыз тауар айналымы негiзi­нен "Қордай" және "Қарасу" кеден бекеттерi арқылы жүргiзiлiптi. Құ­жат бойынша Түркиядан Қырғызстанға Қазақстан арқылы жеткi­зiлуге тиiс жүк бiздiң елдiң аумағында iзiм-қайым жоғалып отырған. Және де бұл қылмыстық жүйенiң қанша уақыттан берi пайдаланылып келе жатқаны әзiрге белгiсiз.

Кедендiк бақылау комитетi бұ­дан бiрер күн бұрын "Қордай" және "Қарасу" кеден бекеттерiн­дегi қылмысқа қатысты "экономикалық контрабанда" бойынша 15 қылмыстық iс қозғалғанын мәлiм­деген-дi. Осы екi бекеттiң қызмет­керлерi Г.Қалымханов, С.Бәйменов, Н.Орынтай және Н.Умановскийдiң қылмысқа қатысы бары анықталды.

Ержановтың айтуынша, "Қордай" және "Қарасу" кеден бекетте­рiндегi контрабанда туралы ақпар өткен жылдың соңында жеткен. Оған биылғы жылдың басында тосқауыл қойылды.

Өткен жылдың соңында қаржы полициясы салық органының және кедендiк бақылау комитетiнiң 83 жемқор қызметкерiн құрықтағанын мәлiмдедi. Мұның 31-i - кеден қызметкерлерi.

"Қордай" кеден бекетiне басшы тұрақтамайды, әйтеуiр. Жалпы, кеден бекеттерiнiң басшылары бұ­рыннан бiр орында көп отырмайтын. Десек те, "Қордайдың" басшысы соңғы бес-алты айда екi рет ауы­сып үлгердi. Өткен жылдың тамыз айында Абай Алипов "өз еркiмен" қызметтен кетiп, бұл орынға Ербол Арынов тағайындалған. Арада бес ай өткенде басшы тағы ауысып, Арыновтың орнына Талғат Райханов тағайындалды. Ал "Қарасу" беке­тiне Нұрлан Сапаров келдi.

Қырғызстанмен шекарадағы кеден бекеттерiне "тәртiп орнатқысы" ке­летiндер көп. Бiрақ тәртiп дегендi де әркiм әрқалай түсiнетiн сияқты. 2001 жылы 1 қазанда "Қордайға" басшы болып тағайындалған Нұрлан Ка­закеевтiң айтқаны әлi есте. Ол былай деген: "Менi бұл жерге былық-шылықпен күресу үшiн тағайындады. Бiр айдың iшiнде тәртiп орнатамыз. Нақты жұмыс жүйесiн құрамыз".

Тәртiп орнатқаны қай­сы Казакеевтiң? Керiсiн­ше, бұрынғыдан да былыққа бата түстi. Соңғы бiрер жылда он шақты рет ауысқан басшылардың бәрiнiң айтатыны осы.

Аманияз Ержанов сөз еткен 600 миллион тең­генiң қанша өңештен өткенiн бiр құдай бiледi. Кеден қызметкерлерi мұн­ша соманы бiр өздерi "жұта алмайды", жұтқанымен "қорыта алмайды". Бұл контрабандалық та­уар тасымалына ҰҚК-нiң, қаржы полициясының, тiптi жол полициясының да кейбiр қызметкер­лерiнiң қатысы болуы әбден мүмкiн.

Егер ҰҚК төрағасы Нұртай Әбiқаев сөзiнде тұрса, кедендегi жемқорлыққа қатысы барларды шенiне де, шекпенiне де қарамай жазалауы тиiс.

"Бiз мұнымен (жемқорлықпен - Е.Б.) әлi де талмай күресемiз. Бұған қатысы барлардың бәрiн жазалаймыз. Мейлi ол қай органның қызметкерi болса да...".

Мұны ҰҚК төрағасы 2011 жылы айтқан. "Қор­ғаста" ҰҚК қызметкерлерi жемқорлық жасағанын жұрт естiдi. Одан кейiн "ҰҚК-нiң жемқор қызмет­керi құрықталыпты" де­гендi құлақ шалмады. Ал ендi "Қорғастан" кейiн ҰҚК-де немесе қаржы полициясында жемқор қалмады дегенге кiм сенедi?

Е.Биеке.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522